Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚМДБ: ақпарат саласы бойынша имамдар пулы жасақталады

    Астана. 8 қараша.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген діни мәселелер мен әртүрлі сауалдар бойынша түсініктеме, сұхбат беретін, телебағдарламаларға қатысатын имамдар пулы жасақталды. Қоғамдық діни пікір қалыптастыратын топтың құрамына мүфтияттың белді қызметкерлері, облыстың бас имамдары, теолог ғалымдар мен имамдар енді. Имамдар пулын жасақтаудағы мақсат – діни сала […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • 29 жастағы өзбек Нью-Йоркте теракт жасады

    Нью-Йорк. 1 қараша. Нью-Йоркте велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған жүргізуші ұсталды. Теракті салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп мәлімдеді Нью-Йорк мэрі Билл де Бласио Алты адам оқиға орнында жан тапсырды, тағы екеуі алған жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болды. Билік өкілдерінің айтуынша, шабуылшы Төменгі Манхэттенде велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап өткен. Жол бойы алдынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде сақалдылар сатып жүрген телефондарына тыйым салынған уағыздар салып жіберген

    Ақтөбе. 1 қараша. Ақтөбеде бетперде кигендердің базар жанындағы телефон сатушыларды тиеп алып кету оқиғасы алдағы күндері де болуы мүмкін. Оған себеп жоқ емес. Радикалдық бағытты ұстанушылар сататын телефондарына уағыз салып жіберуді тоқтатпай отырғаны белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. «Үлкен проблема бар. Ұрланған, болмаса ескі телефондарды сататын азаматтардың іс әрекеттерінде әлі де радикалды материалдарды тарату деректері […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Нұр-Мүбарак университетіне Қарағанды облысы жыл сайын 10 маманға грант бөледі

    Қарағанды. 25 қазан. Жыл сайын 10 теолог маман – бұл Нұр-Мүбарак университеті мен Қарағанды облысы арасында қабылданған өзара ынтымақтастық меморандумының басты шарттарының бірі. Дәл қазіргі уақытта Қарағанды өңірінде де дін саласын жетік білетін теолог мамандар тапшы.  Сондықтан  әкім Ерлан Қошанов мырза  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мырзамен кездесу барысында дін мамандарын даярлауға қатысты өзекті […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мысырда лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған

    Каир. 24 қазан. Египетте күштік құрылымдар лаңкестікпен күресте қыруар шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Арнайы операциялар ірі ұрыс қимылдарына ұқсайды. Әскер содырларға қарсы ұшақтар мен танкілерді де қолдануға мәжбүр. Бірақ мұндай әрекеттен қайран болмай тұр. Жұма күні елдің батысындағы Гиза аймағында лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған. Бейресми дерекке қарағанда, күні […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Тәрбие басы-бабалар мұрасы

    Астана. 24 қазан. Батыс елдеріндегі күрделі мәселеге айналып отырған ұрпақ тәрбиесі, баланың ата-анаға мейіріммен қарауы, отбасындағы өзара сыйластық біздің елде де күрделі мәселеге айналып бара жатқаны жасырын емес. Күні кешеге дейін ата-анасына қарсы келу былай тұрсын, көзіне тіке қарауға именетін, отбасындағы мейірім, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасқа жоғарғы деңгейде қарайтын текті ұрпақтар бүгінгі таңда азайып бара жатқан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Әйелдер-қыздар сектороның» тың бастамасы

    Өскемен. 24 қазан. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының жұмысын жаңа бағытқа көтеру мақсатында бірқатар тың шаралар жоспарлап, жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. Мұнда әсіресе әйелдер мен қыздар  арасында діни сауаттылыққа жете мән беру, кері ағымдардың алдын алуға барынша назар аударылып отыр. «Біз қыздар мен әйелдерге кері ағымдардың жетегінде […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Филиппиндегі Марави содырлардан азат етілді

    Марави. 18 қазан. Филиппиндегі Марави қаласы Ирак пен Левант лаңкестерінен азат етілді. Бұл туралы ел президенті Родриго Дутерте мәлім етті. Үкімет әскерлері шаһар үшін күресті мамыр айының ортасында бастады. Осы уақытқа дейін 160 әскери қызметкер мен 47 бейбіт тұрғын қаза тауып, 820 содырдың көзі жойылды. Жүз мыңдаған жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 16 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда лаңкестер шабуылынан 30 адам көз жұмды

    Кабул. 18 қазан. Ауғанстанның шығысындағы полицейлер даярлайтын орталыққа лаңкестер шабуыл жасап, салдарынан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы ондаған кісі жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары дереу келген. Шабуыл Пактия провинциясындағы Гардез қаласында болды. Жанкешті жүргізген көлік полицейлер дайындайтын орталық маңына келіп […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Адасқан ағымдардың бірі – уаһһабилік

    Астана. 16 қазан. «Уаһһабилік» – екі жарым ғасыр бұрын араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. «Уаһһаби» атауы – осы ағымның негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге тағылған айдар. Уаһһабилік тарихта «харижиттік» әрекет ретінде де танымал болған. Өйткені олардың әрекеттеріндегі қатыгездік пен өз ұстанымдарына қосылмағандарды кәпір […]
    • 7 Years ago
    • 0