Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жолдау: Сирияда соғысып жүрген Қырғызстандық анасынан кешірім сұрады

    Бішкек. 10 маусым. Қырғызстанның Zanoza.kg сайты әскери қимылдар жүріп жатқан аумақта түсірілген видеоны жариялады. Онда қырғыз тілінде сөйлейтін жас жігіт Сирияға соғысуға келіп, қателікке ұрынғанын айтады. «Менің уақытым аз, бізді қоршап алды. Бізден екі квартал төмендегілердің бәрін қиратты. Мен тірі қалмайтын сияқтымын. Мама, осы жерге келгенім үшін кешірім сұраймын. Олар бейкүнә балалар мен әйелдерді зорлап […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда жанкешті қолға түсті

    Бішкек, 9 маусым. Қырғызстанның арнайы жасағы теракт жасауды жоспарлаған жанкешті-террористі қолға түсірді. Бұл туралы республикалық Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. «Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті контртеррористік шараларды жүргізу барысында халықаралық террористік ұйымға мүше, террористік шабуыл жасауға дайындалған экстремисті тұтқындады. Террористік ұйым басшыларының бұйрығымен ол халық көп шоғырланған орындарда жарылыс жасауға әзірленген» делінген ведомство хабарламасында. Айта кету […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ирак пен Сириядағы ИМ содырларының саны 20 мыңға жетті – БҰҰ

    ООН. 9 маусым. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі «Ислам мемлекеті» тарапынан әлем мен қауіпсіздікке төнген қауіп туралы бас хатшының баяндамасын жариялады, баяндамада сондай-ақ, Ирак пен Сириядағы содырлар саны да айтылған, деп хабарлады Lenta.ru. «Дүниежүзілік ұйым ақпарынша, терроршылар құрамында 12 мыңнан 20 мыңға дейін содыр соғысып жүр, олардың саны соңғы 16 айда барынша азайған. Сондай-ақ шетелдік содырлардың келуі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Австралия полициясы Мельбурн қаласында терроризмге қарсы операция жүргізуде

    Сидней, 9 маусым. Австралияның федеральды полициясының және Виктория штаты полициясының қызметкерлері қазіргі уақытта Мельбурн қаласының солтүстігінде орналасқан Эскот Вэйл ауданында терроризмге қарсы операция жүргізуде. Бұл туралы штат үкіметінің басшысы Дэниэл Эндрюс хабарлады. «Біз әзірше операцияның егжей-тегжейі туралы ештене айта алмаймыз, бірақ мен бұл операцияның Брайтонда дүйсенбі күні болған қайғылы оқиғамен байланысты екенің айта аламын», — деп тоқтала […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Батыс Қазақстанда ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтуде

    Орал. 9 маусым. Облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелер арналған «Деструктивті діни ұйымдардың мүшелерімен (адептілерімен) жұмыс істеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Семинар-тренинг мақсаты –  ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің деструктивті діни ұйымдардың адептілерімен психологиялық тұрғыда жұмыс істеудің аспектілеріне жеке тоқталу, адамның іс-әрекетіне әсер етуде қолданылатын қазіргі заманғы психотехникалық әдістермен таныстыру және т.б. Семинар-тренингті «Менталдық денсаулық және […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің халықпен кездесуі

    Астана. 9 маусым. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халықпен есептік кездесуі ағымдағы жылдың 16 маусымында сағ. 11:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында (Астана қ., Д.Қонаев көш., 4) өтеді. Министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарыңызды diakm_rk@mail.ru электронды мекен-жайына жолдасаңыз немесе 74-18-31, 74-18-32 телефон нөмірлері арқылы хабарлассаңыз болады. Аймақтардағы тұрғындар үшін видеоконференц байланыс орнатылады. Министрдің халықпен есептік кездесуі www.bnews.kz […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Дін және рухани құндылықтың қоғамдағы рөлі»

    «Жамандықтың салтанат құруы үшін жалғыз нәрсе қажет, ол – жақсы адамдардың ешқандай әрекет жасамауы» Эдмунд Берк Қарағанды. 9 маусым. 2 маусымында дін істері басқармасының мамандары «Нұрлы білім» ҚҰ өкілімен бірлесіп «Дін және рухани құндылықтың қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс- шара мақсаты зайырлылық пен дәстүрлі құндылықтарды насихаттау. Бір не басқа […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Маравиден 300-ге тарта бала эвакуацияланды

    Марави. 8 маусым. Филиппиннің Марави қаласынан 300-ге тарта бала эвакуацияланды. Барлығы автобустармен таяудағы қалаға көшіріліп, арнайы орталыққа жайғастырылған. Айта кеткен жөн, жарты ай бұрын радикалдық ұйымның 500-ге жуық жендеті Марави қаласын басып алған болатын. Қаскөйлер мұнда жерасты туннельдеріне қару-жарақ жеткізіп, шабуылға жіті дайындалған екен. Осыдан кейін өңірде әскери тәртіп жағдайы енгізілді. Қарулы қақтығыстар кезінде 95 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Боко Харам» Нигерияда жарылыстар ұйымдастырды

    Абуджа. 8 маусым. Нигерияда «Боко Харам» тобының содырлары Майдугури қаласына шабуыл жасады. Олар мұнда атыс ашып, жанкештілердің көмегімен жарылыстар ұйымдастырған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны бар. Алайда құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті билік қазір жағдайдың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Айта кеткен жөн, «Боко Харам» – негізінен Нигерияда әрекет ететін топ. Алайда қаскүнемдер […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Киевте АҚШ елшілігі аумағында жарылыс болды

    Киев. 8 маусым. Киевтің орталығындағы АҚШ елшілігі аумағында әлдебір құрылғы жарылды, деп хабарлайды Украина полициясының Баспасөз қызметі. Украина полициясының мәліметінше, жарылыс Шевченковский ауданында орналасқан елшілік аумағында 8 маусымға қараған түні болған. «Тергеушілер белгісіз адам дипломатиялық миссия территориясына жарылғыш құрылғы лақтырғанын анықтады» делінген полиция таратқан мәлімдемеде. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір бұл оқиғаға байланысты […]
    • 7 Years ago
    • 0