Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомалиде 25 террорист өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз.Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористік ұйымына қарсы операцияда 25 мүшесінің өлтірілгені білдірілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Сомали баспасөзінде шыққан хабарларда Төменгі Шабул аймағында «Аш-Шабаб» террористік ұйымына қарсы операция ұйымдастырылғаны бөлісілді. Армия жасақтары тарапынан ұйымдастырылған операцияда 25 ұйым мүшесінің өлтірілгені және 35 мүшесінің жараланғаны білдірілді. Хабарда ұйымның басшыларынан бірінің залалсыздандырылғаны хабарланды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • ИРСК Эрбилге зымырандық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Ирактың Эрбил қаласына зымырандық шабуыл үшін жауапкершілікті Ислам революциясының сақшылар корпусы өз мойнына алды, деп Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Бұл туралы «Anadolu» агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. ИРСК соңғы уақытта аймақта Израиль шабуылдарының артуына назар аударып, 13 наурызға қараған түні Эрбилдегі израильдық орталыққа соққы берілгенін атап көрсетті. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Касад» содырлары ДАИШ лаңкестерін Хасаке провинциясының оңтүстігіндегі түрмелерден көшірді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз. Америкашыл «Касад» тобының содырлары Хасаке провинциясының оңтүстігіндегі «касадшылар» бақылауындағы түрмелерден ондаған ДАИШ (ИМ) лаңкестерін аймақ тұрғындарына қарсы жоспарларында қайтадан пайдалану үшін провинцияның солтүстігіндегі басқа түрмелерге көшірді, деп «САНА» агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. Жергілікті дереккөздердің САНА агенттігіне хабарлауынша, лаңкестер қарумен жақсы жабдықталған АҚШ әскери жүк көліктерімен тасымалданған.Белгіленген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін 50-ге жуық қылмыстық іс терроризм актісі ретінде тергелуде

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз.  Жаппай тәртіпсіздік туралы 44 қылмыстық іс Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін тергелуде, деп бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп ҚазТАГ сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.    «Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы төрт бағытты пысықтауда. Біріншісі-жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуды ұйымдастыру бойынша 44 қылмыстық іс тергелуде. Ақтөбе және Жамбыл облыстарында тоғыз ұйымдастырушы қамауға алынды. Олар тәртіпсіздіктерге, мемлекеттік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан кемінде 13 жандарм қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Жексенбі күні Буркина-Фасоның солтүстігінде жасалған шабуылда кем дегенде 13 жандарм қаза тапты,деп France-Presse агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздерінің хабарлауынша, Тапарко шахтасының маңында жандарм тобы торуылға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 13 адам қаза тапты. Бірнеше жандарм әзірге хабарсыз кеткен деп саналады. Бір аптаның ішінде Буркина-Фасоның солтүстігіндегі алтын кеніштеріге үш […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ош қаласында экстремистік материалдарды таратқаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Ош қаласының ІІБ Сулайман-Тоо милиция бөлімшесінің қызметкерлері экстремистік материалдарды таратқаны үшін 1995 жылы туған Ош облысының тумасы Р.Ж. ұстады, деп Ош қаласының ІІБ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы «REPORTER.KG» сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. Баспасөздің мәліметінше, күдікті экстремистік және террористік сипаттағы бейнероликтерді өзінің YouTube арнасында таратқан. Тергеу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін – бас прокуратура жауабы

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз.Бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Кәрім Мәсімовтың ісі мен оның қанша жылға сотталатынын сұрады. Бас прокурордың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы және оның орынбасарлары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдардың идеяларын насихаттау қалай жүргізілуде

    АҚТАУ, 14 наурыз. Бүгінде танымал Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілер және басқа да платформалар діншілдерді радикалдандыру және радикалды ұйымдардың қатарына тарту жүргізілетін деструктивті ағымдар идеологиясын насихаттаудың рупорларына  айналды. Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс және терроризмге қарсы насихат бөлімінің бас маманы Әсет Нұров қазақстандықтарды осындай қауіп-қатерден қалай сақтайтынын айтып берді. Діни сипаттағы қоғамдастықтардың/арналардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында Eren терроризмге қарсы операциясының жаңа кезеңі басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз. Диярбакырда PKK террор ұйымына бағытталған «Эрен қыс-31» операциясы басталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында Диярбакырда «Эрен қыс-31» операциясы (Диярбакыр-Арыклы) шейіт жандармерия сержанты Мехмет Челик операциясы  басталды. Операцияға 1 мың 130 қызметкер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Щучинск қаласында есірткі дүкенің ашқан 63 жасар тұрғын қолға түсті

    КӨКШЕТАУ, 13 наурыз. Ақмола облысының Щучинск қаласында есірткі саудасымен айналысқан 63 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлеріне Щучинск қаласының 63 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сатумен айналысатындығы туралы ақпарат түскен. Ер адам есірткі сатқаны үшін бұған дейін де […]
    • 3 Years ago
    • 0