Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымында болған әйелдер халифат қатарына неге қосылғандарын айтып берді

    Дамаск. 27 шілде. BBC ақпараттық агенттігі Сирияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында болып, кейіннен жихадшылардың қолынан қашып құтылған әйелдер туралы репортаж дайындады. Алғаш рет камера алдында халифат қатарына неге қосылғандарын бүкпесіз баяндаған әйелдер әлі де террористердің жанында өмір сүріп жатқандарға, «бұл әрекет сендерді уәде етілген жұмаққа апармайды» деген үндеу жолдады. Бұл әйелдер әлемнің әртүрлі бұрышынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Астана қаласында мамандардың теологиялық ағарту жөніндегі біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізіледі

    БАСПАСӨЗ АНОНСЫ Өтетін күні: 2017 жылдың 27-29 шілдесі, 10:00 сағаттан бастап. Өтетін орны: Астана қ., «Әзрет Сұлтан» конференц-залы Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) әлеуметтік ықпалдастығы аясында, мамандардың теологиялық ағарту жөніндегі біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг. Семинар-тренингтың бастығы: радикалданудың негізгі индикаторларын анықтау, еліміздің түрлі өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізген кезде халықтың санасын экстремизмге […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Нұрлан Ермекбаев Елшімен деструктивтік діни ағымдар мәселесін талқылады

    Астана. 26 шілде. Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Нұрлан Ермекбаевтың Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды аталған ведомстваның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасында тығыз әріптестік байланыс орнағанын және гуманитарлық, экономикалық, инновациялық салаларда ынтымақтастық дамуының негізгі бағыттары айқындалғанын атады. Нұрлан Ермекбаев Елшіні […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» ұйымының зауытын жарып жіберді

    Мосул. 26 шілде. Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымының жарылғыш заттар өндіретін зауытын жарып жіберді. Зауыт Мосул қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Соңғы 5 күнде Ирактың террористерге қарсы күрес жасағына 40 жихадшы өз еркімен берілген. Олар қаланың тарихи бөлігінде бір айға жуық уақыт қоршауда қалып қойған болатын. Сондай-ақ лаңкестердің қолына түскен Мосул […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Құран мен қару қатар жүрмейді

    Астана. 26 шілде. Жер бетінде жақсылық қанатын жайып, мейірімділік теңіздей төгіліп жатса деп армандайтын болдық. Дүние тірлігіне алаңдаған адамдар уақыт еншісіндегі қымбат нәрселерді жоғалта түсуде. Бауырмашылдық…. Ізгілік… Мейірімділік… Саф көңіл… Бұл қасиеттер бәрімізге қажет. Рухани жұтаңдаған денемізге иманды қуаттайтын белсенділіктер қажет болғаны көріне түседі.Күн өткен сайын жан түршігерлік оқиғалардың саны артып, адамзат баласы азғындыққа қадам […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Оралда терроризмді насихаттаған «шейх Халилдің» соты басталды

    Орал. 25 шілде. Оралда «шейх Халил» деген атпен танымал Абдухалил Абдужаббаровтың соты басталды. Оңтүстік Қазақстан облысының 42 жастағы тумасы терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздырғаны үшін айыпталып отыр. Айыптаушы тараптың дерегінше, Абдухалил Абдужаббаров Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінде білім алған. Атырау мен Ақтөбе және Орал мешіттерінде уағыз айтып, ваххабизм мен тәкфир идеяларын насихаттаған. Тіпті намаз оқымайтындарды «кәпір» деп, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты

    Кабул. 24 шілде. Бүгін Кабулда жарылыс болып, кем дегенде 24 адам мерт болып, 40 адам жарақаттанған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін таңертең жетілер шамасында Кабулдың батыс аймағында автобусқа қойылған бомба жарылған. Автобуста тау-кең министрлігінің қызметкерлері болған. Жарылыстан кейін бірнеше сағат қанша адамның зардап шеккені белгісіз болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысты ұйымдастырушы да қаза тапқан. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда экстремистер ондаған адамды ұрлап, жетеуін өлтірген

    Кабул. 23 шілде. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятында «Талибан» экстремистері ондаған адамды ұрлап, кейін жетеуін өлтірген. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады. Оқиға шілденің 21-і күні болған. «Талибан» Қандағар-Таринкот тасжолы бойындағы ауылдан70 адамды үйлерінен ұстап әкеткен, кейін олардың кемінде жетеуін өлтірген, олардың сүйектерін сенбі күні таңертең ауыл тұрғындары тауып алған», — деп мәлімдеді Қандағар аймақтық полициясының басшысы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Интерпол Еуропада террорлық шабуыл жасауы мүмкін азаматтардың тізімін жариялады

    Париж. 22 шілде. Интерпол Еуропада террорлық шабуыл жасауы мүмкін 173 лаңкестің тізімін жариялады, деп жазады The Guardian басылымы. Интерпол жариялаған тізімдегі лаңкестердің басым көпшілігі Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) ұйымының қатарында соғысып жүрген содырлар. Тізімге енгін террористер жайындағы барлық мәліметті АҚШ барлау қызметі халықаралық ақпарат алмасу заңына сәйкес Интерполға жіберген. Қазіргі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Францияда лаңкестікпен күрес туралы жаңа заң қабылданды

    Париж. 21 шілде. Франция Сенаты лаңкестікпен күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Ол экстремистік қауіп-қатерге төтеп беру үшін құқық қорғаушылардың өкілеттігін арттырады. Атап айтсақ, енді күдіктілердің пәтерін тексеру шарасы біршама жеңілдетілмек. Экстремистік сипаттағы үгіт-насихат жүргізілген жағдайда діни орындарды уақытша жабуға да рұқсат беріледі. Жалпы сарапшылардың пікірінше, құжат елдегі төтенше жағдай тәртібін алмастыруы тиіс. Бұл режим 2015 […]
    • 7 Years ago
    • 0