Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирақ ҚК зымыран соққысының нәтижесінде 170 терроршы жойылды

    Тегеран. 22 маусым. Өткен жексенбіде Иранның қарулы күштерінің зымыран соққысының нәтиежсінде террористік «Ислам мемлекеті» тобының 170 терроршысы жойылды, деп хабарлады ТАСС. «Лейлатолгард» («Қыдыр түні») операциясы қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысының (ел басшысы Аятолла Али Хаменеи) бұйрығымен жүргізілді және ИИР ҚК бас штабымен үйлестірілген. Соққы жасалатын нысандар сол жерде – сириялық Дейр-эз-Зора маңында – «Аль – Кудс» […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Оралда ИМ тобы туымен суретке түскен сегіз адамға сот үкімі шықты

    Орал. 22 маусым. Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты бүгін Жаңақала ауданындағы Жаңақала кентінің сегіз тұрғынын «Террорлық топ құру және оның қызметіне қатысу», «Терроризмді насихаттау» және «Терактіге дайындалу» баптары бойынша айыпты деп танып, бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру туралы үкімді жариялады. Сот материалдарында 25 пен 33 жас аралығындағы бұл […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ЭКСПО аумағында «бомба қойған» адам ұсталды

    Астана. 21 маусым. Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» каналына көрме аумағында жарылғыш құрылғы орнатылған деп белгісіз ер адам қоңырау шалған. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде қысқа уақыт аралығында елордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол мас күйінде аталған бұзақылықты жасағандығын мойындады. Медициналық куәландырудың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ермекбаев: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істеген ісіне өкінеді

    Астана, 21 маусым. Сирияға кеткендердің 90%-ы осы әрекеті үшін өкінеді. Бұл туралы ҚР Дін  істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты. Министр Сирияға кеткендердің мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Өйткені олардың көбісінің кету себебі діни сенім-наныммен байланысты емес. «Бұл адамдар исламның құндылықтарын дұрыс түсінбейді. Елімізде діндарларға барлық жағдай жасалған. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Дін істері министрі: Қара киіммен тұмшаланғандар мемлекеттің саясатына қарсы

    Астана. 20 маусым. Күректей сақал өсіріп, балағын қысқартып, қара киіммен тұмшаланғандар еліміздің құрылымы мен саясатына келіспейтіндігін көрсеткісі келеді. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Бұл біздің мәдениетімізге және салт-дәстүрімізге жат нәрсе. Өйткені қазақ әйелдері бет-әлпетін жабатын қара киім кимеген. Оның үстіне […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Аргентина әскерінің сайтын хакерлер бұзып, ДАИШ террористік ұйымының хабарын орналастырды

    Буэнос-Айрес, 20 маусым. Хакерлер Аргентина әскерінің сайтын бұзып, онда бейне сурет және ДАИШ террористік ұйымының ақпаратын орналастырған, деп хабарлайды РИА Новости Nacion порталына сілтеме жасап. Портал сайтта орналастырылған хаттардың бірін келтіреді. Техникалық қолдау көрсету орталығының қызметкерлері әскер сайтының хакерлік шабуылды тексеруде, қазіргі танда сайтқа сервистік қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды портал Аргентина қарулы күштеріне сілтеме жасап. Дереккөз: РИА Новости  
    • 7 Years ago
    • 0
  • Париждегі террористік әрекет: жарақат алғандар жоқ, қылмыскер мерт болды

    Париж, 20 маусым. Белгісіз адам дүйсенбі күні Париждегі жандармаларға шабуыл жасады, ол полиция қызметкерлерінің фургоның өз көлігімен таранмен соқты. Оның авто көлігі өртке оранды, алдын ала ақпарат бойынша, авто көлік ішінде газды баллон, қару жарақ және оқ-дәрілері болған. Оқиға ағымы Оқиға дүйсенбі күні сағат 15:48 (Астана уақытымен 19:48), Франция президенті резиденциясынан жүз метр арақашықта орналасқан, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • АҚШ елшілігі Тәжікстанда лаңкестік шабуыл жиілейтінін ескертті

    Душанбе. 19 маусым. Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өзінің веб-сайтында сол елдегі АҚШ азаматтарының лаңкестік шабуылға ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Мәлімдемеде көптен бері Тәжікстандағы террорлық топтар лаңкестік шабуыл жасамағанымен, тексеру нәтижесіне қарағанда алдағы алты айда олардың әрекет жасауы жиілеуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр деп жазды Qazaqtimes. АҚШ-тың Душанбе қаласында тұратын […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Youtube экстремистік контентке бақылауды күшейтті

    Нью-Йорк. 19 маусым. Google компаниясы өз қарамағындағы YouTube видеохостингінде экстремистік бағыттағы бейнероликтердің таралуына қарсы күресті күшейтеді. Бұл туралы кеше корпорацияның ресми мәлімдемесінде айтылды. Компания терроризмді насихаттауға бағытталған және өзге де экстремистік сипаттағы контентті автоматты түрде анықтап, өшіретін құралдарын жаңартып, жетілдіреді. Сондай-ақ Google мұндай видеоларды анықтаумен айналысатын қызметкерлер санын арттыруды да көздеп отыр. Бұдан бөлек, компания […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лондонда болған оқиғадан екі адам мерт болды — БАҚ

    Лондон. 19 маусым. Лондондағы автокөліктің адамдарды қасақана соғып кетуінен екі адам мерт болуы мүмкін. The Sun газетінің мәліметіне қарағанда, жолдан шыққан автокөлік Финсбери саябағы мешітінен шыққан адамдарды қасақана соққан. Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап мәлімет таратқан Evening Standard басылымы автокөлік адамдарды қаққаннан кейін ішінен пышақпен қаруланған жас жігіт шығып, жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған. Сондай-ақ басылымның мәліметінше,  полиция […]
    • 7 Years ago
    • 0