Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Индонезияда үкімет үйінің манында жарылыс болды

    Джакарта. 27 ақпан. Индонезияның Бандунг қаласында жарылыс болды деп Рейтерге сілтемей жасай отырып РИА Новости хабарлайды. «Қазіргі уақытта біз үкімет үйі ғимараттындамыз. Жарылыс туралы ақпарат халықтан келіп түсті»- деп полиция өкілі хабарлайды. Агенттіктің ақпаратаны сәйкес, жарылыстан кейін шабуылдаушылармен қарулы күштер сарбаздарының арасында атыс басталды.  Әзірге қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Өткен жылдың желтоқсан […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде «терроризм туралы жалған хабар таратқан» зейнеткер сотталды

    Актобе. 24 ақпан. Ақтөбе қалалық соты 23 ақпан күні «терроризм актісі туралы жалған хабар таратты» деп айыпталған 69 жастағы зейнеткер Жақсылық Батановқа екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп «Азаттық Радиосы» хабарлайды. Бірақ ол бірден рақымшылыққа ілігіп, тағайындалған жазаның жартысы қысқартылды, одан бөлек үй қамақта отырған үш ай мерзімі де екі жылдық жазадан шегерілетін […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында полицейлердің лаңкестерге қарсы дайындығын күшейтті

    Алматы. 24 ақпан. Алматы облысының Есік қаласында тир орталығы ашылды. 25 метрлік жабық ғимаратта құқық қорғау қызметкерлері нысана көздеп, кәсібилігін көтере алады. Бұған дейін сақшылар мергендік қабілетін көтеру үшін сарбаздардың палигонына сабылатын. Бұл уақыт ұттырып, жұмысқа кедергі келтірсе, енді оқ атудан олқылық болмайды. Макаров тапаншасы полицейлердің қанжығасында қалмай жүргенмен, қарудың қолданылуы сирек. Оқпанына оқ толтырған […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Йеменде жанкешті жасаған терактіден 8 әскери қаза тапты

    Сана. 24 ақпан. Занзибар қаласындағы әскери лагерьге көлік мінген жанкешті шабуыл жасап, бомбаны іске қосуынан 8 сарбаз қаза тауып, 10 әскери жараланды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме берген Reuters хабарлайды. Оқиға барысында әскери форма киген террорист лагерьге көлікпен кіргеннен кейін темір тұлпардың күлі көкке ұшқан. Жергілікті билік қанды қырғынды «Аль-Каидадан» көріп отыр. Дереккөз: Хабар 24
    • 8 Years ago
    • 0
  • Эль-Бабта жойқын жарылыс болды

    Дамаск. 24 ақпан. Сирияның Эль-Баб қаласындағы бақылау бекетінде көлікке мінген жанкештінің жарылыс жасауынан 29 адам қаза тапты. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Жергілікті тұрғынның твиттерде хабарлауынша, теракт кезінде ТГИЛ-ге жақтас содыр өзін өзі жарып жіберген. Сондай-ақ бұл куәгер оқиға орнынан жариялаған суреттен адамдардың қан-жоса болған мүрделері көрініп жатыр. Қазіргі уақытта жарылыстан 29 адамның қаза […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Лаңкестердің идеологиялық баулушысы елге қайтарылды

    Астана. 24 ақпан. Үш жыл бойына халықаралық іздеуде жүрген уағызшы елге қайтарылды. Діни экстремизм мен тәкфіршілік идеясын насихаттаған Әбдухалил Әбдужаппаров теріс діни ағымды ұстанушылар арасында Шейх Халил есімімен белгілі. Енді ол заң алдында жауап беретін болады. Радикалды діни бағытты уағыздаушының ғаламторда жүздеген роликтері жүр. Онда ол Қазақстандықтарды кәпірлерге қарсы қару алып күресуге шақырып лаңкестік идеяларды […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда болған қос жарылыстан 7 адам қаза тапты

    Исламабад. 23 ақпан. Пәкістанның Лахор округіндегі базарда қатарынан екі рет жарылыс болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Оқиға барысында 35-ке жуық адам жараланды, деп Хабар 24 телеарнасы хабарлайды . Ақпаратқа сәйкес, теракт осында орналасқан мейрамханада болған. Жарылыстан ғимаратқа көршілес орналасқан сауда орындарының терезелері күл-талқан болды. Ал қорыққан жұрт тұрған жерлерін тастап, сыртқа қашты. Базарды қоршап, […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ТМД-да кибертерроризммен күресетін мамандар тапшы

    Бішкек. 23 ақпан. Бішкек қаласында ТМД елдері IT мамандарының басқосуында сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Бул туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Өзінің жымысқы ойын үйден шықпай-ақ жүзеге асыратын лаңкестер ғаламтор кеңістігін басып алды. «Оларға қарсы тұру үшін жаңа ортақ стратегия қажет», — дейді мамандар. Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуының нәтижесінде кибертерроризмнің де қаупі күшейді. Мемлекеттік органдарға […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ирак әскерлері Мосул әуежайының қону алаңын ИГИЛ лаңкестерінен азат етті

    Багдад. 23 ақпан. Ирак үкіметінің әскерлері Мосул қаласындағы халықаралық әуежайға басып кірді. Бұл туралы Associated Press ұйымына жасай отырып Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, қазір әскерилер әуе айлағының ұшу-қонуға арналған жолағын ТГИЛ содырларынан босатқан. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ирак әскерлері Мосул халықаралық әуежайын содырлардан босатуға кіріскенін хабарлаған едік. Дереккөз: Хабар 24
    • 8 Years ago
    • 0
  • Лаңкестер киберкеңістікті белсене игеруде

    Бішкек. 23 ақпан. Бішкек қаласында ТМД елдері IT мамандарының басқосуында сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Өзінің жымысқы ойын үйден шықпай-ақ жүзеге асыратын лаңкестер ғаламтор кеңістігін басып алды. «Оларға қарсы тұру үшін жаңа ортақ стратегия қажет», — дейді мамандар. Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуының нәтижесінде кибертерроризмнің де қаупі күшейді. Мемлекеттік органдарға жасалатын вирустық шабуылдар, құпиялы ұйымдардың деректер […]
    • 8 Years ago
    • 0