Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирактың шығысында ИМ содырларының шабуылы нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары жұма күні  Ирактың шығысындағы Дияла провинциясына екі шабуыл жасады, салдарынан  бір полиция қызметкері қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлады . Оның айтуынша, 1 мамыр күні содырлар Дияла провинциясының әкімшілік орталығы Баакуба қаласындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған, салдарынан бір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Чарх уезінде тәліптер шабуылынан 9 ауған сарбазы қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. 16 сәуірге қараған түні Ауғанстанның Чарх уезіндегі әскери бекетке тәліптер шабуыл жасап, 9 ауған сарбазы мерт болған. Бұл туралы Ауғанстанның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Фавад Аманның айтуынша, тәліптер жағынан да адам өлген. Бірақ Аман шабуыл жайлы толық ақпарат бермеді. Провинция губернаторының баспасөз хатшысы Логар Дидар Ахмад […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Багдис провинциясында «Талибанның» алты содыры билікке берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Дүйсенбі күні «Талибан» қозғалысының алты содыры Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясындағы соғыс әрекеттерің тастап, қаруларын провинция астанасы Калайи Наудағы жергілікті билікке тапсырды. Бұл туралы сейсенбі күні провинция үкіметінің өкілі Нажмудин Бурхани мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі . Өкілдің айтуынша, бұрынғы содырлар соңғы жылдары Аб-Камари аймағында үкіметке қарсы іс-шараларға қатысқан. Дүйсенбі күні олар қаруларын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Facebooк-те діни араздықты насихаттаған азамат жауапқа тартылды

    АТЫРАУ, 20 ақпан. Атырауда Facebooк-тегі жеке парақшасында діни араздықты қоздыратын ақпараттар жариялаған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша іс қаралды. «Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Атырау облыстың Дін істері басқармасының мамандары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізген. Мониторингтің нәтижесінде құқық бұзушы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда былтыр тыйым салынған ұйымдардың 160 мүшесі ұсталған

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан ішкі істер министрінің хабарлауынша, өткен жылы ел аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың 162 мүшесі ұсталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Олардың дені «Ислам мемлекеті», «Салафия» діни ағымы, Тәжікстан ислам өркендеу партиясына мүше болған деді Рамазон Рахимзода Душанбеде өткен баспасөз конференциясында. Террористік және экстремистік ұйымдардың 50-ден астам мүшесі шетелде ұсталған делінеді. Рамазон Рахимзоданың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 12 ақпан. Өскемен қаласында тәртіп сақшылары синтетикалық есірткілердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 ақпан күні полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол Өскеменде жалдамалы пәтерде тұрған. Сатылатын есірткілерді қаланың әртүрлі жеріне жасырып кету функциясын атқарған. Баспанасын тінту кезінде қызғылт, көк және ақ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдадта жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Сенбі күні кешке Бағдадта болған екі жарылыс салдарынан жеті адам зардап шекті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ирак Ішкі істер министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады . Дереккөздің хабарлауынша, бірінші жарылыс Бағдадтың шығысында болды , нәтижесінде төрт адам жарақат алып, жақын маңдағы ғимараттар мен көліктерге зақым келді. Екінші жарылыс қаланың солтүстік бөлігінде орын алды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚМДБ: Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып сайланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Бүгін Нұр-сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайты. Еліміздің әр облысынан келген 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынысын қолдап, бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады. «Наурызбай қажы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Көші-қон заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды, деп baq.kz хабарлайды. Көлік полицейлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдікті анықтады. Көліктегі полиция департаменті сервистік модельге көшу аясында өткен жылдың қараша айынан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында тәулік бойы жұмыс істейтін көші-қон пункттері құрылды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Есірткі сайтын жарнамалаушы қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу барысында астыртын синтетикалық есірткі саудалайтын интернет-сайттарды жарнамалаумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, деп nege.kz хабарлайды.  40 жастағы ер адам трафарет пен бүріккіш бояуды қолданатын тұрғын үйлер мен гараждардың қабырғаларында синтетикалық есірткінің жарнамасы жазылған жазулар қалдырып отырған. Бұрын бірнеше рет сотталған күдіктінің өзі де есірткі қолданатын болған. Аталған […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 12 of 16« Бiрiншi...«1011121314 » ...Last »