Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістан облысының полицейлері сауда орындарын жаппай тексеруде

    ТҮРКІСТАН,04 маусым.  Биылғы жылдың 4-ші мамырынан бастап Түркістан облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен №6506 әскери бөлімінің арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, ауқымды жедел шаралар атқарды, деп Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  Баспасөз мәліметтеріне қарағанда аталмыш шаралар ҚР Ішкі істер министрлігінің полицейлерге жүктеген жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында жүзеге асырылған. Нақтырақ айтқанда,  облыста […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өскеменде ХҚКО ғимаратына «жарылғыш зат» қойғанын хабарлаған ер адам ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 04 маусым. Полицейлер Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлаған адамды анықтады,  деп YK-news.kz  сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.  Айта кетейік, 30 мамырда шамамен 13:00-де Мызы және Қазақстан көшелерінің қиылысы қоршауға алынған еді. Дүрбелең салуға ғимаратқа жарылғыш зат қойлығаны туралы хабар түскен. Қуанышқа орай хабарлама жалған болып шыққан. Полицейлер қоңырау шалған […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ислам мемлекетінің мүшесі 18 жылға бас бостандығынан айырылды

    Нұр-сұлтан, 03 маусым. Душанбе қаласының соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесі Иномджон Раджабалиевті 18 жылға сотталды, деп хабарлайды  ТаджикТА.  «Өткен жылдың ақпан айында Интернет арқылы И. Раджабалиевпен мессенджерде «Хадиджа»нигімен белгілі «Исламдық мемлекетінің «(ҚР-да тыйым салынған ұйым)  белсенді мүшесі Саломатхон Устобоева байланысқан. Әйел Раджабалиевты «Исламдық мемлекеті»  террористік ұйымының қатарына кіруді шақырды,  ал кейіннен ИМ басқа да […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Иракта ИМ тиістілігі үшін Франция азаматы өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Ирак соты  соңғы бірнеше күн ішінде «Исламдық мемлекеті»  террористік ұйымына тиістілігі үшін  сегізінші француз азаматына өлім жазасын белгіледі,  деп Al-Sumaria  телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. «Ирак соттарының бірі бүгін ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымына тиістілігі үшін  сегізінші француз азаматын өлім жазасына кесіті», — деп хабарлады дереккөз. Сондай-ақ, дереккөз, қазіргі уақытта […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда автокөлік жарылысы кезінде сегіз полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында бомба салынған автокөліктің жарылысы нәтижесінде  кем дегенде сегіз полиция қызметкері қаза болып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Хабарламада айтылғандай, автокөлікті басқарған жанкешті-лаңкес  полиция лагеріне шабуыл жасауға тырысты. Басқа ешқандай мәліметтер әлі берілмеген.
    • 6 Years ago
    • 0
  • Меккеде Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. Меккеде Ислам ынтымақтастығы ұйымының он төртінші саммиті ашылды, деп Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап informБЮРО  хабарлайды. Қалаға 57 мемлекеттен ресми тұлғалар келді. Олар ислам ұлтына қатысты барлық мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Қатысушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру , кедейлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, инвестицияларды тарту және түрлі экономикалық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны ратификациялау туралы жоба МД енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. Ресей президенті Владимир Путин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) экстремизмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасын Мемлекеттік Думаға енгізді, деп хабарлайды РИА Новости   Парламенттің төменгі палатасының электрондық деректер базасына сілтеме жасап. «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында 2017 жылғы 9 маусымда Астана қаласында қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан Сириядағы 156 азаматын жеткізгенін хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ташкент «Мейірім» гуманитарлық операциясы аясында 156 өзбекстандық азаматты Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аймағынан елге қайтарған. Жеткізілгендердің басым бөлігі — әйелдер мен балалар, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  «Азаматтар 30 мамырда арнаулы рейспен Ташкентке жеткізілді. Адасып елден кеткен, ауыр күндерді басынан кешкен азаматтарға үкімет медициналық, психологиялық, материалдық және моральдық көмек көрсетеді» деп хабарлады президенттің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Талибтердің шабуылы нәтижесінде жиырма бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Талибан  экстремистік қозғалысының содырлары дүйсенбі күні кешке батыстағы  Гор провинциясының екі елді мекенінде аласат салды, деп хабарлайды АфТАГ.   Бұл аулдар провинцияның астанасы, Фирузкох қаласының шетінде орналасқан. Содырлар бейбіт тұрғындардың үйлеріне басып кіріп, оларды сол жерде өлтірді. Кем дегенде 16 тұрғын қаза тапты, олардың қатарында әйелдер мен балалар бар. Сонымен қатар  талибтермен айқаста […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Кабулда автобус жарылысынан 10 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Кабул орталығында автобус жарылысынан кем дегенде 10 адам зардап шекті, деп RT сілтеме жасап Хабар 24 жазады. Автобуста Қажылық істері бойынша министрлік қызметкерлері болған. Агенттіктің мәліметі бойынша болған оқиғаға ешқандай лаңкестік топ әлі жауапкершілік алмаған.
    • 6 Years ago
    • 0