Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресейде «Центр-2019» әскери жаттығуы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. 16 қыркүйекте Ресейде жыл сайын өткізілетін «Центр-2019» стратегиялық командалық-штабтық әскери жаттығу басталды. 21 қыркүйекке дейін жалғасатын жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Пәкістан мен Үндістан әскерилері де қатысады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Бұл жолы жаттығуларда Орталық әскери округі (Ресейде бұған қоса, Батыс, Шығыс және Кавказ әскери округтері бар) басты назарға алынады. Ресей қарулы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ сотталушының лаңкестікке шақырған әрекетін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. ФҚҚ красноярдық жедел уәкілдері лаңкестікке шақырған сотталушының әрекетін тоқтатты,деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА  Новости хабарлайды. «Краснояр өлкесі бойынша Ресей ФҚҚБ жазасын өңірдің түзеу мекемелерінің бірінде өтеп жатқан Дағыстан Республикасы тумасының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті… Заңсыз қарулы құрылымдарды ұйымдастыруға, қару — жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына,қарулы бүлікке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақ үй: Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. «Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй, деп Азаттық Радиосы жазады.  «Әл-Қаида” ұйымына жетекшілік еткен Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекаралары маңындағы аумақта қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеде оқиғаның қашан болғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дінтанушы Сириядан оралғандарға қатысты 6 ұсыныс айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек.  «Жусан» операциясы бойынша Сириядан оралған отандастарымызбен жүйелі жұмыс істеген дінтанушы Балғабек Мырзаев Сириядан оралғандарға қатысты 6 ұсынысын жеткізді, деп Kazislam жазады.  «Оңалту барысындағы жұмыстар кезінде Сириядан оралған отандастарымыздың бойынан тағы нені байқадыңыз және маман ретінде қандай ұсыныстарыңыз бар?» — деген журналист сұрағына ол: Біріншіден, Сирияға кеткен жат ағымдағы әйелдер күйеулерінің айтқанын екі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ діни объектілерді терроризмнен қорғау жоспарын әзірледі

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек.БҰҰ діни нысандарды лаңкестердің шабуылынан қорғау жоспарын әзірледі. Бұл туралы Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді, деп Islam-today хабарлайды. «Барлығымыз білетіндей біздің әлем антисемитизмнің, мұсылмандарға қарсы жеккөрушілік пен христиандарға шабуылдардың ұлғаюына тап болып отыр, әлемде, әсіресе,  соңғы айларда, христиандық, мұсылман және иудейлік ғибадатханаларда діншілдерге қарсы лаңкестік әрекеттер  жасалуда». «Мен бұл шабуылдарды қатаң айыптаймын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда Тәжістанның жеті азаматы лаңкестік әрекеттерін дайындағандары үшін сотталды  

    АЛМАТЫ, 13 қыркүйек. Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды, деп қаланың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап  Tengrinews.kz хабарлайды.  Олар Ислам Республикасы Ауғанстанда жүрген «Шахамад» есімді рухани тәлімгерлерінің бастауымен 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін лаңкестік топтың құрамында болып, радикал діни сенімдер негізінде терроризм актілерін жасауға дайындағаны үшін айыпталған. Қылмыскерлер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ: Сирияда соғыс аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыстың аяқталғанын хабарлады, деп Айқын газеті жазады. «Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келеді», — деді Лавров. Ол Сирия Араб Республикасы үкіметінің бақылауында жоқ аймақтарда ғана шиеленістің барын алға тартты. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы. Министр Сирияның топырақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан жиһадшыл топтарға ілескен азаматтарының балаларын елге қайтармақ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қырғызстан Ирактағы соғысқа араласқан қырғызстандық жиһадшылардың балаларын елге қайтару үшін Бағдатқа арнайы жұмыс тобын аттандырмақ. Бұл туралы қырғыз үкіметіне сілтеме жасап  The Qazaq Times хабарлайды.  Ирак пен Қырғызстан үкіметтері арасында қырғызстандық жиһадшыардың балаларын еліне қайтару және оларды қоғамға қайта дайындау мақсатында үкімет аралық топ құрылған. Таяу арада қырғызстандық жұмыс тобы Бағдатқа бармақ. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теолог: Негізгі мақсатымыз — адамдарды теріс ағымдардан сақтау

    АЛМАТЫ, 13 қыркүйек.    Әйел – отбасының ұйытқысы. Асыл жарының тірегі. Тәрбиелі, иман жүзді, адамгершілігі мол, ешкімнің ала жібін аттамайтын саналы ұрпақ тәрбиелеуде әйелдің рөлі зор. Әрбір әйелдің бұл дүниедегі басты міндеттерінің бірі аналық міндетін тиісінше атқару. Ол оның қасиетті борышы. Отбасының тыныштығы сол кісілердің қолында. Алайда, қоғамда өзекті мәселеге айналып отырған жат ағымдардың жетегіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ өкілдері лаңкестер және олардың дрондарымен күресу жолдарын талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылым кеңесінің отырысы Петербургте ашылды, оның қатысушылары халықаралық терроризммен және содырлардың ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануымен күрес мәселелерін талқылайды, деп РИА Новости хабарлайды. «Әлемдегі жағдай шиеленісуде. Біздің елдеріміз үшін негізгі қауіп халықаралық террористік ұйымдардан туындайды. Бұл туралы бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеттер, атап айтқанда, ШЫҰ диалог бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0