Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Грекияда терроризм үшін жеті шетел азаматы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. 2017 жылдан бастап 2019 жылдың тамыз айының ортасына дейін Грекияда лаңкестікке және экстремизмге күдікті ретінде жеті шетелдік азамат ұсталды. Бұл ақпаратты  азаматтарды қорғау істері жөніндегі министр Михалис Хризохоидис мәлімдеді, деп Афиналық Македониялық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Regnum АА хабарлайды. Тамыз айының басында «Грек шешімі» оңшыл партиясының төрағасы Кириакос Велопулос ел аумағы арқылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнама халықаралық стандартқа сәйкестендіріледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Мәжілістің жалпы отырысында айтты. «Аталған заң жобасы Мәжіліске 2019 жылы 27 маусымда енгізілді. Заң жобасын енгізу мақсаттары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бес баласымен Сириядан оралған арыстық әйел азапты күндерін айтып берді

    АРЫС, 03 қыркүйек. Діни сауаттылықтың төмен болуынан Сириядан бір-ақ шыққан Арыс тұрғыны ондағы сұмдық жайттар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ. Арыстық 35 жастағы Алтынай (өзгертілді: автор) есімді келіншек жолдасы екеуі алғашында Алматыда тұрған. Кәсіптері дөңгелеп, 2012 жылы жас отбасы Дубай қаласына қоныс аударады. Араға бір жылдай уақыт салып Алтынайдың жолдасы әлдекімдерден ислам діні бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы тағайындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Нұриймон Абулхасан жаңа қызметке тағайындалды. Дерек көзі бойынша Нұриймон Абулхасан Өзбекстан Республикасы ІІМ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп Kun.uz хабарлайды. Дін істері комитеті төрағасының орынбасары- діни-әлеуметтік процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Нұриймон Әбілхасан, 1994 жылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәліптер қаланы басып алуға әрекеттенді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Ауғанстанда тәліптер тағы бір қалаға шабуыл жасады. Бұл жолы радикалды топ Бағлан провинциясындағы Пули-Хумри қаласын басып алмақ болған.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Бірақ үкімет жасақтары содырларға тойтарыс беріп, онға жуық лаңкестің көзін жойды. Тағы бірнеше тәліп қолға түскен. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын «Талибан» қарулы топтары Кундуз қаласына шабуыл жасап, 3 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікті жоспарлаған Нью-Йорк тұрғыны ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. АҚШ-тың құқық қорғау органдары Нью-Йорктің 19 жасар тұрғынын лаңкестікті ұйымдастырған деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Regnum АА NBC телеарнасына сілтеме жасап. Телеарна мәліметтері бойынша, күдікті Квинс ауданында тұрған. Ол «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) атынан қалада теракт жасауды жоспарлады. Күдікті Авайс Чудхари жоғарыда аталған топтың атынан лаңкестік әрекет жасағысы келетін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікке қарсы күреске арналған халықаралық конференция 3-4 қыркүйекте Минскіде өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. «Инновациялық тәсілдерді, жаңа және пайда болатын технологияларды қолдану арқылы терроризмге қарсы күрес» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция 2019 жылдың 3-4 қыркүйегінде Минскіде өтеді, деп хабарлайды Беларусь Сегодня ақпарат және сандық дипломатия басқармасының бастығы — СІМ баспасөз хатшысы Анатолий Глазға сілтеме жасап. «Ауқымды халықаралық форумға 60-қа жуық делегация қатысады деп күтілуде. Олар 50-ден […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Кавказдың екі тұрғыны лаңкестікті ақтағаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Солтүстік Кавказ округтік әскери соты жұма күні Ставрополь өлкесі мен Дағыстан тұрғындарын лаңкестікті ақтағаны үшін,  сондай-ақ экстремистік әрекетке шақырғаны үшін екі және үш жылға сотталды, деп сот өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. Оның мәліметінше, 2018 жылдың 1 маусымында Ставрополье тұрғыны Станислав Шаламов ғаламторға лаңкестікті ақтайтын пікір  орналастырды.  «Сот үкімімен Шаламов кінәлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны терроризмді ұрандағаны үшін колонияға жіберілді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Дағыстан тұрғыны Арсен Сейтуев терроризмді ақтағаны үшін және экстремистік әрекетке үндегені үшін кінәлі деп танылды. Солтүстік Кавказ округтік әскери соты оған үш жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына үкім шығарды, деп REGNUM агенттігіне соттың баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылдың сәуір айында Сейтуев ғаламтор желісінде лаңкестікті ақтайтын, сондай-ақ экстремистік және террористік қызметті жүзеге асыруға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан азаматына терроризмді насихаттады деген айып тағылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Ресейдің Тергеу комитеті Приволжск округтік әскери сотының қарауына Қырғызстан азаматына қарсы қозғалған қылмыстық істі жолдады. Оған лаңкестікті жария түрде ақтады және насихаттады, сондай-ақ террористік ұйымдарға азаматтарды тартты деген айып тағылған. Бұл туралы Самар облысы бойынша тергеу комитетіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша, 35 жасар қырғызстандық «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған […]
    • 5 Years ago
    • 0