Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ұлыбританиядағы сот ғимаратының жаныңда көлік жарылды

    АСТАНА, 20 қаңтар. Ұлыбританияның Солтүстік Ирландия аймағындағы Лондондерри қаласындағы сот ғимаратының жанында көлік жарылды. Бұл туралы Sky News арнасына сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлайды. Жарылыс 19 қаңтар күні кешке Лондондерридегі Бишоп көшесінде орын алды. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері бүкіл аумақты қоршап алды. Жарылыс болған жерге жақын үй тұрғындары, соның ішінде жақын маңдағы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БАҚ – Галледе оқ атқан айыпталушы кінәсін мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Штефан Б. (жергілікті заңдар бойынша толық аты жарияланбайды) немістің Галле қаласындағы (Саксония федералды жері)  синагоганың жанында атыс кезінде ұсталған сотта өз кінәсін мойындап, шабуылды экстремистік себептер бойынша жасағанын хабарлады. Бұл туралы 11 қыркүйекте Dpa-international порталына сілтеме жасап Regnum  хабарлады. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, 27 жасар ер адам 9 қазан күні синагога […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Севастопольде «Иегова куәгерлері» ұяшығының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым.  Севастопольдегі ФҚҚ қызметкерлері «Иегова куәгерлерінің» жергілікті ұяшығының қызметін анықтап, тоқтатты, деп облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Жергілікті тұрғын Севастопольде «Иегова куәгерлерінің» қызметін ұйымдастырды. Ер адам кездесулер өткізді, осы діни сектаның идеяларын насихаттады, сондай-ақ оның қатарына жаңа жақтаушыларды тартты», — деп ФҚҚ басқармасы хабарлайды. Тінту барысында 70-тен астам экстремистік әдебиет, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ТМД ТҚО: Арменияда ТМД терроризмге қарсы бөлімшелерінің басшыларының жиыны басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Сәрсенбі күні Ереванда екі күндік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдарының терроризмге қарсы бөлімшелері басшыларының жиыны басталды, деп хабарлайды  РИА Новости. «Екі күндік жиынға Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет өкілдері, сондай — ақ ТМД-ның Атқарушы комитеті мен салалық ынтымақтастық органдары қатысты», — деді […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Стамбұлдағы лаңкестік әрекетті орындаушы 1368 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Стамбулдағы  бір ойын-сауық орталығында 2017 Жаңа жыл мерекесін тойлағандарға жасалған және 39 адам қаза тапқан террор шабуылымен байланысты күдікті Машариповтың сот үкімі жарияланды. Ол 40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру және қосымша 368 жылға сотталды, деп TRT жазады.  Стамбул 27-ші Қылмыстық сот қараған қылмыстық іс күдіктілердің соңғы түсініктемелері алынған соң үкім жарияланды. Сот […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ:Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды ИМ мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік тобы Шешенстанда полиция бекетіне жасалған шабуылды өз мойындарына алды. Бұл туралы лаңкестердің қызметін ғаламторда қадағалайтын SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасай отырып Lenta.ru хабарлады. Оқиға 1 шілде дүйсенбі күні Шешенстанның Ачхой-Мартанов ауданында орын алған. Белгісіз адам бақылау-өткізу пунктіне келіп, гранатаны қалқа астына лақтырды. Қызмет орнында болған полиция […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері сауда орындарын жаппай тексеруде

    ТҮРКІСТАН,04 маусым.  Биылғы жылдың 4-ші мамырынан бастап Түркістан облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен №6506 әскери бөлімінің арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, ауқымды жедел шаралар атқарды, деп Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  Баспасөз мәліметтеріне қарағанда аталмыш шаралар ҚР Ішкі істер министрлігінің полицейлерге жүктеген жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында жүзеге асырылған. Нақтырақ айтқанда,  облыста […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматылық мамандар діни экстремизмді алдын алудың жаңа форматына көшпек

    АЛМАТЫ, 09 қыркүйек. Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 1-ші жартыжылдық жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараны ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы ұйымдастырды. Қатысушылар биылғы жұмыс бағытының нақты мақсатын айқындау үшін Қоғамдық даму басқармасындағы өзгерістерді […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Калифорнияның синагогасында студент оқ атты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір. Калифорния штатының Повей қаласында синагогада ер адам оқ атты, деп хабарлайды РИА Новости. Бір адам қаза болды, тағы төртеуі зардап шекті, олардың ішінде кәмелетке толмаған балалар мен Исорел Голстайн раввині. Құқық қорғаушылар 19 жастағы күдікті Джон Эрнестті ұстап алып, жауапқа тартты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылшының үстінде оқ өтпейтін кеудеше мен дулыға болды. Мэр […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Таразда банкке «бомба қойған» күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 11 шілде. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 желісіне ер адам қоңырау шалып, «Сбербанк» АҚ Жамбыл филиалының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Хабарлама алғаннан кейін банк аумағын патруль полициясының «Боран-22» және «Боран-24» экипаж жасақтары қоршап, қаржы-несие мекемесінің 47 қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Банк мекемесіне шұғыл […]
    • 6 Years ago
    • 0