Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 107 нысанның лаңкестікке төзімділігі төмен

    ҚОСТАНАЙ, 29 шілде. KAZISLAM – Қостанайда нысандардың лаңкестікке төзімділігі тексерілді. Қостанайда 107 нысанның лаңкестік әрекеттерге төтеп беру деңгейі төмен. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады kаzislam.kz. Тәртіп сақшыларының дерегінше жыл басынан бері 519 нысан тексерілген. Алайда оның шамамен 20 пайызы үкімет қаулысындағы қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін болып шықты. Нысандарда көбінесе бейнебақылаудың жоқтығы, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттағаны үшін Сириядан келген қазақстандық 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    АҚТӨБЕ, 27 шілде.  Ақтөбеде терроризмді насихаттағаны үшін Сириядан келген қазақстандық 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.  «Сотталушы ҚР ҚК 174 бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша және ҚР ҚК 256 б. (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша айыпты деп танылсын. 1990 ж.т. Зарина Ақмалаева айыпты деп […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестік жарылыстан 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Сирияның  оңтүстік шығысындағы Эс-Сувейда қаласында жарылыс болды, деп 24.kz хабарлайды.  Халық көп жүретін көшелердің бірінде мина қойылған мотоцикл жарылып, 3 азамат көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі жарақат алды. Әзірге бұл шабуылға кімнің жауапты екені белгісіз. Ешбір ұйым оны өз мойнына алған жоқ. Айта кетсек, бұл осы жылы Эс-Сувейдада орын алған бірінші […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Петропавлда жарылғыш зат қойылғандығы жөніндегі хабарлама жалған болып шықты

    ПЕТРОПАВЛ, 13 маусым. Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 мекенжайындағы ғимаратқа бомба қойылғандығы жөніндегі хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусымда құқық қорғау органына шаһардың орталығындағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабарлама түскен. Сағат 14:45-те оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жетіп, ғимарат қоршауға алынды. Үй-жайды […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда бір жылда 11 теракті жоспарланған

    АСТАНА, 18 ақпан. 2018 жылы Тәжікстанда жоспарланған 11 терактінің алды алынды. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп KAZISLAM хабарлайды. Министрдің айтуынша, өткен жылы тәжік құқыққорғау органы 11 терактіні анықтап, алдын алған. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс бойынша 873 іс ашылған. Осы бағыттағы арнайы операция нәтижесінде экстремистік және террористік ұйымның […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ердоған террормен күрестің батыл жалғасатынын айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Президент Режеп Тайып Ердоған: «Тель-Рыфат пен Манбидж террористердің ұясына айналды. Террор ұйымдарының баспанасына айналған осы жерлердің тазаланатын уақыты баяғыда келді» деді. Бұл туралы TRT хабарлайды. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Иран-Ресей үштік саммитінің беташарында сөз сөйледі. «Ұлттық қауіпсіздігімізге құқай көрсеткен опасыз ұйымдарды Сириядан қуып шығаруға бел байладық» деген Ердоған «Аймағымыздың болашағында бөлшектеуші террор ұйымдары мен олардың бөлімшелеріне орын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда бірқатар мекемеге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған — полиция

    АЛМАТЫ, 11 маусым. Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты. Ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Швеция Парламенті экстремистерге қарсы заңнаманы қатайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Швеция Парламенті терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында заңнаманы қатайтады. Бұл туралы Швецияның Sveriges Radio SR радиосы порталына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Швецияның Әділет министрлігі экстремистерге қатысты заңнаманы қатайту мәселесін алғаш рет мақұлдады. Швед парламентшілерінің жаңа заңнамалық бастамалары террористік деп танылған ұйымға кіруге тыйым салу болып табылады. Сондай-ақ, лаңкестерге жәрдемдесуге жария түрде шақыру және […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-ке қару жеткізетіндер ұсталды

    АСТАНА, 08 наурыз. Ирактың әскери барлаушылары елдің солтүстігінде ДИАШ (Қазақстанда тиым салынған) лаңкестік тобына басты қару жеткізушіні ұстағандарын мәлімдеді, деп BAQ.KZ сайты хабарлайды. Ирактың әскери барлаушыларының мәліметінше, ұсталған ең басты қару саудалаушысы болып табылады әрі ДАИШ-ті қарумен қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ ол 2014 жылы Спайкер әуебазасында болған шайқасқа қатысқан ең қауіпті лаңкестің бірі. Ол кезде […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматы полициясы қалалық сот ғимаратындағы тексерісті аяқтады

    АЛМАТЫ, 15 тамыз. Алматы қалалық сотының ғимаратында тексеру аяқталды. Жарылғыш зат табылмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазыбек би көшесіндегі қалалық сот ғимаратында жедел-іздестіру шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтап, одан әрі жеткізу бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат […]
    • 3 Years ago
    • 0