Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия парламентінде лаңкестер адамдарды кепілге алмақ болған

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр.  DHKP-C әсіре солшыл террористік ұйымының екі содыры Түркия парламенті күзет қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Лаңкестер, соның ішінде бір әйел депутаттардың бірімен кездесетінін айтып, парламент ғимаратына кірмекке әрекеттенген. Кіреберісте оны полицей тоқтатқан, осыдан кейін терроршылар қауіпсіздік қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болады. Лаңкестерді полицейлер тұтқындады. Қолға […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан мен Пәкістан терроризмге қарсы күресте ынтымақтастық туралы келісті

    НҰР-СҰЛТАН,  31 шілде. 30 шілде күні Пәкістандағы Равалпинди қаласында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) төрағасы генерал-лейтенант Абдусалом Азизов Құрлық әскерлері штабының (COAS) бастығы генерал Камар Джавед Баджвамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды CA-NEWS (UZ). Кездесу барысында екі ел арасындағы қорғаныс пен қауіпсіздік арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, өзара және кәсіби қызығушылық тудыратын мәселелер, сондай-ақ өңірлік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде террорлық шабуылдарды жоспарлаған ИМ содырларына үкім шығарылды

    АСТАНА, 01 ақпан. Мәскеуде бірқатар террорлық актілерді жоспарлаған «Ислам мемлекеті» содырлары 14-тен 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәскеуде және Мәскеу облысында Ресейдің ФҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып RT хабарлайды. «Тергеушілер «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мүшесі М.Бабаевты анықтады, ол «ИГИЛ» ЖТТ тобын құрып және оған Жанаталиев, Махадалиев, Газимагомедов және Тукиевті қатыстырды», — […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты,деп 24.kz хабарлайды. 100-ге жуық тұрғын жарақат алды. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Алдын ала ақпарға қарағанда лаңкестер шаһардағы полиция басқармасының бірінің жанында бомба жасырынған көлікті жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Қазір терактімен байланысты содырлар іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік қаза […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ өкілдері лаңкестер және олардың дрондарымен күресу жолдарын талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылым кеңесінің отырысы Петербургте ашылды, оның қатысушылары халықаралық терроризммен және содырлардың ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануымен күрес мәселелерін талқылайды, деп РИА Новости хабарлайды. «Әлемдегі жағдай шиеленісуде. Біздің елдеріміз үшін негізгі қауіп халықаралық террористік ұйымдардан туындайды. Бұл туралы бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеттер, атап айтқанда, ШЫҰ диалог бойынша […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ираннан келген террористер залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Ван аймағында Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі парақшасында «Вандағы Өзалп Дамлажык ауылындағы «Ерен аблука-22» операциясында қаһарман жандармериямыздың сәтті операциясымен Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды. Террористерге тағы да айтамыз: «беріл, әйтпесе бұл жер сен үшін өлім» деген сөз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тунисте жанкешті лаңкестер жарылыс ұйымдастырды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Тунис астанасының орталығында бірден екі жойқын жарылыс болды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Белгілі болғандай, екеуін де жанкешті лаңкестер ұйымдастырған. Салдарынан бір полицей қаза тауып, тағы бірнеше бейбіт тұрғын жарақат алды. Бірінші жарылыс кезінде лаңкес полиция автокөлігіне шабуыл жасап, оқиға орнында жан тапсырды. Бұдан кейін көп ұзамай екінші жанкешті лаңкес полиция бөлімінің қасында […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БҰҰ ИЛИМ-нің «бюджетін» 300 миллион долларға бағалады

    НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанда тыйым салынған «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИЛИМ, ИМ) террористік ұйымының «бюджетін» 300 миллион долларға бағалады, деп хабарлайды ҚазТАГ. «300 миллион доллар — бұл ИЛИМ — нің иелігінде болатын «бюджет», ол еш уақытта әлемде үстемдік етуден бас тартпады және өзінің «филиалдары» арқылы немесе әр түрлі елдерден жаңа […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда колледжге «мина қойған» қаскүнем ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 6 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде 18 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына оқ жаудырған және ауқымды шабуылға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі PKK/YPG-лік 18 террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ұлттық қорғаныс министрлігінің кеше жасаған мәлімдемесінде «Лаңкестер үшін оларды күтіп тұрған ақырзаманнан құтылу мүмкін емес. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағына оқ жаудырып, шабуылға дайындалған PKK/YPG-лік 13 террорист батыр әскерлеріміз тарапынан залалсыздандырылды» делінген […]
    • 3 Years ago
    • 0