Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Германияда террорға қарсы ең көлемді оқу-жаттығулар өткізілді

    АСТАНА, 22 қараша. Кельн-Бонн әуежай аумағында сәрсенбі күні түнде өткен Германиядағы терроризмге қарсы ең ауқымды оқу-жаттығуларға мыңға жуық полиция мен кеден қызметкерлері қатысты, деп Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің полиция президиумының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Кеше түнде Кельн полициясы мен федералды полицияның бірлескен антитеррорлық жаттығулары аяқталды,келесі аптада және айларда бағаланатын көптеген нәтижелер алынды. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Тәжікістан колониясында лаңкестік үшін сотталғандар бүлік шығарды

    ДУШАНБЕ, 08 қараша. Тәжікстандағы Худжандта қаласында терроризм үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан тұтқындар бүлік шығарды, деп хабарлайды Инфополис агенттігі. Қатаң режимдегі колониядағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде екі офицер қаза тапты — түрме қызметкері және арнайы күштер офицері, тағы алты адам жарақат алды, қаза болған тұтқындар саны 25-ке жетті. Бүлік 8 қарашаға қараған түні болған. Тұтқындардың бірі, ИМ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Израильде лаңкес екі адамды пышақпен жарақаттады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иерусалимдегі Дамаск қақпасы маңында пышақпен қаруланған лаңкес жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, салдарынан екі тұрғын жарақаттанды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі жазады. 19 жасар палестиндік күдікті алдымен 50 жастағы ер кісіге пышақ сұққан. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілді. Ізінше лаңкес жасөспірімге шабуыл жасаған. Израильдік полиция өкілдері бұл қылмысты терактілік акт деп мойындады.
    • 6 Years ago
    • 0
  • Бішкекте ҰҚШҰ елдері қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысы өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. 27 маусымда Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап КирТАГ  хабарлады. Комитет отырысы ҰҚШҰ Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериковтың қатысуымен,  Қырғызстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев төрағалығымен өтеді. Жиналыс шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. «Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары комитетінің мүшелері ағымдағы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Дін атын жамылған терроризм қатері

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Қазіргі таңда діни радикализм мен экстремизмнен туындайтын терроризм өзінің қатыгездігімен және адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналып отыр. Kazislam сайтында саяси ғылымдар кандидаты Мейрам Иманбаевтың «Дін атын жамылған терроризм қатері» атты мақаласында жазылған. Өкінішке қарай, әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдар дінді желеу еткен террорлық әрекеттердің құрбанына айналып, адамдардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ислам мемлекетінің мүшесі 18 жылға бас бостандығынан айырылды

    Нұр-сұлтан, 03 маусым. Душанбе қаласының соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесі Иномджон Раджабалиевті 18 жылға сотталды, деп хабарлайды  ТаджикТА.  «Өткен жылдың ақпан айында Интернет арқылы И. Раджабалиевпен мессенджерде «Хадиджа»нигімен белгілі «Исламдық мемлекетінің «(ҚР-да тыйым салынған ұйым)  белсенді мүшесі Саломатхон Устобоева байланысқан. Әйел Раджабалиевты «Исламдық мемлекеті»  террористік ұйымының қатарына кіруді шақырды,  ал кейіннен ИМ басқа да […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Әзірбайжан Ресей шекарасымен шектес аймақта терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуде

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Сәрсенбіде Әзірбайжанның құқық қорғау органдары Ресеймен шекаралас аймақтарында жыл сайынғы дәстүрлі «Шекара-қалқан» операциясын бастады, деп хабарлайды РИА Новости республиканың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап. «Операция әзірбайжан мен ресей тараптарының келісімі негізінде Әзірбайжанның солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында құқық қорғау органдарымен  жүргізіледі. Ауданға кіре берісте полиция бекеттері орнатылды », — деді ақпарат көзі. Оның айтуынша, операция 24 қарашада аяқталады. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • РФ Ішкі істер министрлігі: ИМ мүдделері ТМД елдеріне ауысуда

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Сирия мен Иракта жеңіліске ұшырағаннан кейін Ислам мемлекеті Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Арменияның территориясына мүдделерін ауыстыруда, деп жұма күні Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы бас басқармасының бастығы Олег Ильиных мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Жұма күні ол В.Я. Кикотя атындағы РФ ІІМ Мәскеу университетінде «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда халықаралық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылып, бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Бейсенбі күні таңертең Ауғанстанның астанасы Кабулда болған автобустағы жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Рахимидің айтуынша, жарылғыш құрылғы жанкешті лаңкес іске қосқан.
    • 6 Years ago
    • 0
  • ИМ Багдадтағы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НУР-СУЛТАН, 10 мамыр. Ислам мемлекеті террористік топтың содырлары Бағдадтағы Садр-Сити ауданындағы базарда болған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы NHT сілтеме жасап RT хабарлайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапты. 9 мамырда Бағдадтағы Садр-Сити ауданында  жарылыс болды . Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосты, деп хабарланған. .
    • 6 Years ago
    • 0