Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстандағы арнайы операция кезінде 43 талибан содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Ауғанстанның арнайы күштері Нангархар шығыс провинциясындағы Шерзад ауданында 43 Талибан содырын жойды, деп ақпараттан хабардар әскери көздерге сілтеме жасап  АфТАГ хабарлады. Сондай-ақ,  арнайы күштер талибтердің аймақта орын ауыстыруына кедергі келтіру үшін рейд жүргізді. Сонымен рейд барысында арнайы күштер көптеген қаруды жойды. Бұрын Силабтың 201-ші корпусы АҚШ күштері Шерзад уезі бойынша әуе соққысын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Терроризм бойынша күдіктілерге Ресейге кіруге тыйым салынды

    АСТАНА, 29 қазан. Ресейде экстремистік немесе террористік ұйымдардың қызметіне қатысатын шетелдіктерге елге кіруге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған заң 22 қазан күні күшіне енді, деп РБК хабарлайды. «Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы тиісті құжатқа Владимир Путин 11 қазанда қол қойды. Құжат ресми ақпараттық порталында жарияланады. Ресейге кіруге тыйым […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қытай терроризмді қаржыландырумен күресті жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. ҚХР Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Ма Чжаосюй өз елінің дүниежүзілік қауымдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін кең ауқымды қолдап, осы бағыттағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қолдау көрсеткенін мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі жазады. Қытай дипломаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмді қаржыландырудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ашық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Деструктивті идеологияның алдын алу бойынша кездесу өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. KAZISLAM – Маңғыстау облыстық Дін мəселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Деструктивті керағар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті, деп Орталықтың facebook парақшасына сілтеме жасап Kazislam сайты жазды.   Орталық мамандары «Қазақстан Республикасында діни экстремизм жəне терроризмге қарсы іс–қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында Ақтау қалалық «Болашақ» колледжінде студеттер […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан жиһадшыл топтарға ілескен азаматтарының балаларын елге қайтармақ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қырғызстан Ирактағы соғысқа араласқан қырғызстандық жиһадшылардың балаларын елге қайтару үшін Бағдатқа арнайы жұмыс тобын аттандырмақ. Бұл туралы қырғыз үкіметіне сілтеме жасап  The Qazaq Times хабарлайды.  Ирак пен Қырғызстан үкіметтері арасында қырғызстандық жиһадшыардың балаларын еліне қайтару және оларды қоғамға қайта дайындау мақсатында үкімет аралық топ құрылған. Таяу арада қырғызстандық жұмыс тобы Бағдатқа бармақ. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекеті» Буркина-Фасодағы шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. «Ислам мемлекетінің» содырлары (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) соңғы айларда Буркина-Фасоның қарулы күштеріне қарсы жойқын шабуылдарының бірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі содырлардың шабуылын қадағалайтын сайттың хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлады, деп REGNUM АА жазады. Шабуыл елдің Сум солтүстік провинциясының Кутугу қаласында  20 тамызда орын алды. Шабуыл барысында […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркия парламентінде лаңкестер адамдарды кепілге алмақ болған

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр.  DHKP-C әсіре солшыл террористік ұйымының екі содыры Түркия парламенті күзет қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Лаңкестер, соның ішінде бір әйел депутаттардың бірімен кездесетінін айтып, парламент ғимаратына кірмекке әрекеттенген. Кіреберісте оны полицей тоқтатқан, осыдан кейін терроршылар қауіпсіздік қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болады. Лаңкестерді полицейлер тұтқындады. Қолға […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Нигерияда гуманитарлық ұйым содырларға жәрдемдесті деп айыпталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Нигерия әскері «Боко Харам» радикалды тобының содырларына  көмектескен «Аштыққа қарсы әрекет» (Action against Hunger) халықаралық гуманитарлық ұйымын айыптап, оны «нон грата тұлғасы» деп жариялады, деп РИА Новости хабарлайды. Бұған дейін Premium Times басылымына сілтеме жасай отырып хабарланғандай, Нигерияның әскери қызметкерлері Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы «Аштыққа қарсы әрекет» халықаралық үкіметтік емес ұйымының бөлімшесін қоршап, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ресейде терроризм үшін сотталғандар жеке түрмелерде жазасын өтейді

    АСТАНА, 13 желтоқсан. Терроризм мен экстремизм үшін сотталғандар жазасын колонияда емес, түрмеде өтейді. Мемлекеттік Дума лаңкестердің жеке түрмелерін жасауға бағытталған заң жобаларын бірінші оқылымда қабылдады, деп жазады REGNUM агенттігі. Мемлекеттік думаның заңнамасы бойынша комитетінің мүшесінің Отари Аршбы(«Единая Россия») айтуынша колонияларда терроризм үшін сотталғандар «идеяларды көпшілікке жеткізе алады». Қаулыларға сәйкес, сотталғандарға, басқа қамауға алынған адамдарға (күдіктілерге) […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс. Сегіз адам қаза тапты, отыз үш адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН,  19 шілде. Кабулдағы Университет жанындағы жарылыс кезінде қаза болғандардың саны төртке жетті, 16 адам жарақат алды , деп хабарлайды РИА Новости 1TV телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті деп хабарланған. Жарылыстың себебі автокөлікке бекітілген магнитті бомба болды. Жарылыс емтиханның басталуын күтіп тұрған студенттер тобының жанында болды.
    • 6 Years ago
    • 0