Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулдағы қанды шабуылда ондаған адам қаза тапты

    Астана, 25 желтоқсан. Ауғанстан билігі Кабул шығысындағы үкімет ғимаратында болған атыста кемінде 43 адамның қаза тапқанын, 23 адамның жараланғанын айтты, деп Азаттық радиосы хабарлайды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Насрат Рахимидің айтуынша, шабуылдаушылармен сегіз сағатқа созылған атыстан соң ғимаратта болған 350-ге тарта адам босатылған. Ол 24 желтоқсан күні жасалған шабуылда төрт содыр өздері айдап әкелген […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жат діннің жетегіне кеткендер райынан қайтуда

    АЛМАТЫ, 02 тамыз.  Теріс ағым өкілдерін райынан қайтаруға теологтар мен психологтар атсалысып жатыр. Бұл туралы Алматыдағы кеңес беру және оңалту орталығының директоры Руслан Қайыргелді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасына қарасты кеңес беру және оңалту орталығы жат діннің жетегінде кеткендермен жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес, орталық қызметкерлері биыл 1000 адаммен оңалту жұмыстарын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалиде жарылыс кезінде төрт адам қаза тапты

    АСТАНА, 11 наурыз. Сомалидің Могадишо астанасында болған жарылыс нәтижесінде төрт адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды, деп хабарлайды REGNUM агенттігі «Daily Monitor Uganda» агенттігіне сілтеме жасап. Жарылыс 7 наурызда Могадишо қаласында мейрамхана жанында болды. Аш-Шабаб тобы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды. «Жарылыс өте күшті болды, біз түтін мен тозаң бүкіл аумақты басқанын көрдік, ол […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 14 талибтің көзі жойылды

    АСТАНА, 13 наурыз. Ауғанстан әуе күштерінің соққысынан 14 талибтің көзі жойылып, тағы 13-і жарақат алды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Baq.kz. «Ауғанстан Ұлттық әскерінің әуе күштері А-29 ұшағымен Багдис провинциясына қарасты Бала-Мургаб ауданында талибтер шоғырланған аумақты атқылады» делінген хабарламада. Бір күн бұрын дәл осы мекенде талибтер әскери лагерге шабуыл жасаған болатын. Ол […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • АҚШ Сириядағы ИМ қарсы бірлескен күресті талқылауға дайын

    АСТАНА, 23 ақпан. Пентагон басшысының міндетін атқарушы Патрик Шанахан мен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар Пентагонда Сириядағы «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы операцияларды, сондай-ақ Анкараның Сирия курдтарының қорғаныс күштерін (YPG) АҚШ-тың қолдауға қатысты алаңдаушылығын талқылады, деп Түркия Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап РИА Новости жазды. «Министр Акар мырза және министрдің міндетін атқарушы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда жарты жылда лаңкестік ұйымдардың 97 мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Тәжікстанның құқық қорғау органдары ағымдағы жылдың алты айында лаңкестік сипаттағы 226 қылмысты анықтады, деп елдің ішкі істер министрі Рамазан Рахымзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп жазады АфТАГ. Оның айтуынша, осы кезеңде елдің құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары экстремистік сипаттағы 378 қылмысты анықтады. Аталған кезеңде ел аумағында бір лаңкестік әрекет жасалып, екеуінің жолы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан жиһадшыл топтарға ілескен азаматтарының балаларын елге қайтармақ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қырғызстан Ирактағы соғысқа араласқан қырғызстандық жиһадшылардың балаларын елге қайтару үшін Бағдатқа арнайы жұмыс тобын аттандырмақ. Бұл туралы қырғыз үкіметіне сілтеме жасап  The Qazaq Times хабарлайды.  Ирак пен Қырғызстан үкіметтері арасында қырғызстандық жиһадшыардың балаларын еліне қайтару және оларды қоғамға қайта дайындау мақсатында үкімет аралық топ құрылған. Таяу арада қырғызстандық жұмыс тобы Бағдатқа бармақ. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Кавказдың екі тұрғыны лаңкестікті ақтағаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Солтүстік Кавказ округтік әскери соты жұма күні Ставрополь өлкесі мен Дағыстан тұрғындарын лаңкестікті ақтағаны үшін,  сондай-ақ экстремистік әрекетке шақырғаны үшін екі және үш жылға сотталды, деп сот өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. Оның мәліметінше, 2018 жылдың 1 маусымында Ставрополье тұрғыны Станислав Шаламов ғаламторға лаңкестікті ақтайтын пікір  орналастырды.  «Сот үкімімен Шаламов кінәлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан мен Жамбыл облысының құқық қорғау органдары ынтымақтастығын нығайтуда

    ТАРАЗ,16 қараша. Қырғыз Республикасының Шу облысы мен Талас қаласының ішкі істер органдарының делегациясы Жамбыл облысының полиция басқармасымен тәжірибе алмасуға келді, – деп хабарлайды ZhambylNews ақпараттық агенттігі. Соңғы онжылдықта құқық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, ең алдымен, қылмысқа қарсы күресті кеңейту және тереңдету үрдісі байқалды. Мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы- әртүрлі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауған аралық келіссөздер Самарқандта өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауған аралық диалогы бойынша келесі кездесу 3-4 аптадан кейін Самарқандта өтеді,деп ауғандық 1TV телеарнасына сілтеме жасап CA-NEWS хабарлайды. Катар мен Германия ұйымдастырған үшінші ауған аралық конференциясы Дохада 7-8 шілдеде өтті. Келіссөздерге Ауған саясаткерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. 8 шілдеде жарияланған бірлескен мәлімдемеде талибтер мен ауған делегаттары «бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар санын […]
    • 5 Years ago
    • 0