Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Деструктивтік діни ағымдардың қолдаушылары заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputniknews.kz Жасырын тергеу барысында 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері анықталды. Бұл қару заңда белгіленген тәртіппен тәркіленген. «2019 жылдың 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматылық азамат ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сот алдында жауап береді

    АЛМАТЫ, 20 ақпан. Ұлттық алауыздықты тудыратын монологтар арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған Алматы азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп Алматы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлайды. «Алматы полиция басқармасы әлеуметтік желілер арқылы монологты жүйелі түрде таратып, қоғамдағы ұлтаралық келіспеушіліктер тудыратын Б. азаматына қатысты алдын ала тергеу жүргізу туралы хабарлайды. Оның іс-әрекеттері Қазақстан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириялық оппозиция Астана процесіне келеді

    АСТАНА, 24 қараша. Сириялық қарулы оппозиция делегациясы қараша айының соңында Астанада өтетін бейбіт реттеу туралы консультацияларда күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz. «Келіссөздер, Сириядағы бейбіт реттеу жөніндегі Астана процесінің 11-ші раунды жоспарланғандай 28-29 қарашада өтеді. Соғыс қимылдарының тоқтатылуын одан әрі нығайту туралы, бітімді сақтау туралы сөз қозғалған. Тұтқындармен алмасу және басқа да мәселелер жөніндегі жұмыс тобының алтыншы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде террор ұйымы PПK/YPG-нің «Бейбітшілік бұлағы» аймағында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді. Мәлімдемеде аймақта десанттардың шабуылға дайындалған PПK/YPG-лік террористтерге қарсы оқпен 10 террористті залалсыздандырғаны білдірілді. Ирактың солтүстігіндегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дамаскіде лаңкестік әрекеттің нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Бейсенбі күні Сирияның астанасы Дамаскіде болған көлік жарылысы нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті, деп Сирияның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды. «Лаңкестік шабуыл нәтижесінде әйел мен оның ұлы зардап шекті: жарылғыш құрылғы Дамаскідегі Меззе тас жолында іске қосылды», — деп қалалық полициядағы дереккөзге сілтеме жасай отырып Syria TV хабарлайды. Бұл аумақ астанадағы батыс кіреберісінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан ондаған адам өлді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Ауғанстанның батысындағы Фарах уәлаятында жарылыс салдарынан кемінде 35 бейбіт тұрғын қаза тауып, 27 адам жараланған. Бұл туралы ауған ресмилері хабарлады, деп Азаттық Радиосы жазады. Фарах уәлаяты полиция басшысының баспасөз хатшысы Мохибулла Мохибтің Азаттыққа айтуынша, 31 шілде күні таңертең жолаушы автобусы Аб-Хорма ауданында Қандағар-Герат бағытындағы жолмен өтіп бара жатқан кезде жол шетіне қойылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ИМ басшысын оның жақын серігі сатып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Сириялық Идлиб провинциясында америкалық әскерилерімен жойылған «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысы Әбу Бакр әл-Багдадидің орналасқан жерін анықтауға оның жақын серіктесі көмектесті, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап Islam-today  хабарлайды. Атап өтілгендей, ирак арнайы қызметтері ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысының негізгі көмекшісі Исмаил әл-Этави ізіне 2018 жылы түсті. Ол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда 150 содыр өз еркімен берілді

    АСТАНА, 05 наурыз. Ефрат өзенінің шығысындағы Багузда өтіп жатқан операция барысында 150-ден астам содыр өз еркімен күрд жасақтарына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл – Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында қалған соңғы өңір. Багузды азат ету операциясын АҚШ қолдайтын коалиция жұма күні бастаған болатын. «Сирия демократиялық күштері» өкілдерінің хабарлауынша, содырлар миналанған автокөліктермен жасақталған. Ал […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Мысырда террористер жазаға тартылды

    АСТАНА, 6 ақпан. Египеттің әскери соты ел президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге қастандық жасау ісі бойынша сотты бастады, деп KAZISLAM сайты хабарлайды. Айыпталушылар – сегіз адам. Олардың екеуіне өлім жазасы талап етілуде. Reuters агенттігінің хабарлауынша, сотталушылардың ДАИШ террористік ұйымымен байланысы бар. Соңғы үкім 6 наурыз күні шығады. Егер өлім жазасы кесілсе, жоғары үкімді елдің Бас мүфтиі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы арнайы операция барысында 16 «Талибан» содыры жойылды

    АСТАНА, 09 қараша. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері шетел әскерлерінің қолдауымен елдің солтүстік-шығысында Баглан провинциясында радикалды «Талибан» тобының 16 содырын жойды, деп хабарлайды РИА Новости. Полицияның мәлімдемесі бойынша, қауіпсіздік күштері жердегі және әуе күштерінің қатысуымен провинция аудандарының бірінде төрт күндік операция өткізді. Операция барысында кем дегенде 19 содыр жараланды. Сондай-ақ, «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) әскерлерінен бірнеше ауылдарды […]
    • 6 Years ago
    • 0
Бет 69 of 75« Бiрiншi...405060«6768697071 » ...Last »