Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Адыгеяда экстремизмге жария түрде шақырғаны үшін сотталғанға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Адыгея бойынша ФҚҚ басқармасы №2 түзеу колониясында экстремистік әрекетке жария түрде шақырды деп күдіктелген сотталғанға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Кісі өлтіргені үшін Адыгеядағы №2  түзеу колониясында (ИК-2) жазасын өтеп жатқан Ресей азаматы, діни экстремистік ұяшық  құруды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында екі террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Шырнакта бөлшектеуші террор ұйымы КЖП (PKK) 2 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Эрен-13» операциялары шеңберінде Шырнактың Бестлер-Дерелер ауылдық аймағында операция жасалғаны білдірілді. Мәлімдемеде Жандармерия арнайы десанттары тарапынан J-SİHA (Жандармерия қарулы пилотсыз әуе көлігі) және Әуе күштері қолбасшылығының қолдауымен жасалған операцияда 2 террористің қаруларымен залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. Отырыста өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы жағдай бүгінгі таңда Орталық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Египетте полиция қызметкерін өлтірген үш исламист өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек. Египет соты полиция қызметкерін өлтіргені үшін елде тыйым салынған және террористік бірлестік деп танылған «Мұсылман бауырлар» (Ресей Федерациясында тыйым салынған) ұйымының үш жақтаушысын өлім жазасына кесті. Бұл туралы Akhbar el-Yom ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сот органдары қараған оқиғалар 2015 жылдың наурыз айында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік шабуылда 15 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек.Сирияның солтүстігіндегі Джераблус ауданында бірдей уақытта ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 1 адам мерт ажал құшты, 15 адам жарақат алды, деп TRT агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы террордан тазаланған Джебарлус ауданына орталығында бірдей уақытта лаңкестік шабуыл ұйымдастырылды. Шабуыл кесірінен алғашқы белгілеу бойынша бір адам қаза тапты, 15 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нижний Новгород қаласында үш сауда орталығы «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек. Нижний Новгородта үш сауда орталығын миналау  туралы хабар жалған болып шықты, деп Төтенше жағдайлар министрлігі аймақтық бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «АиФ-Нижний Новгород»  хабарлады.  «Тексеру 22.30-да аяқталды. Үш сауда орталығының ғимараттарында жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», — деді басқармада. «Фантастика», «Небо» және «РИО» сауда орталықтарын миналау туралы хабарлар 26 қыркүйек күні кешке […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ердоған: АҚШ террористік ұйымдарды қолдауды тоқтатуы керек

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек. Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарына қару-жарақ қолдауы берілмеу керектігін атап, «АҚШ НАТО елі болып табылады. Біз НАТО еліміз. НАТО-да ынтымақтастық қажет кезде террор ұйымдары мұндай қолдау алмау керек» деді, Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 76-шы Бас Ассамблеясына қатысу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Венесуэлада PDVSA компаниясының жеті жұмысшысы терроризм айыптары бойынша ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Венесуэланың әскери барлау қызметі PDVSA мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясының жеті қызметкерін терроризм айыбымен ұстады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Фалькон штатындағы өңдеу зауытының жұмысшыларына қарсы операцияны арнайы қызмет полициясы 23 қыркүйекте өткізді. Ұсталғандардың бірінің мүддесін қорғайтын адвокат Гарольд Геррейроның айтуынша, қызметкерлер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресейдің әскери ұшақтары Сирияның солтүстігінде содырларға шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Сенбі күні Ресейдің әскери ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі Алеппо провинциясының солтүстік ауылдық жерлерінде Түркия қолдаған содырларға бірнеше соққы жасады. Бұл туралы «Сириядағы адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығына» сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Ұлыбританияда орналасқан ұйым өз веб-сайтында «Ресей ұшақтары Алеппоның солтүстігіндегі Африн қаласының оңтүстік-батысындағы Басофан аймағында түрік қолдауындағы топтарға үш әуе шабуылын жасады» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пәкістандағы террорлық шабуыл: 4 әскери қызметкер қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Пәкістанның оңтүстік -батысындағы Белуджистан провинциясында болған жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Алынған ақпарат бойынша, лаңкестер жарылғыш затты әскери көлікке қойған. Шабуыл үшін жауапкершілікті Белуджистанның азат ету армиясы (BLA) өз мойнына алды, деп хабарланады.
    • 3 Years ago
    • 0