Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • РФ тергеу комитеті: Нижний Новгородта терроризмге жәрдемдесу үшін ер адам 10 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сот террористік әрекетке жәрдемдескені үшін ер  адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп РФ  Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Нижний Новгород облысы бойынша тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу жөніндегі 1-бөлімінің тергеушісі жинаған дәлелдемелерді сот 27 жастағы ер адамға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтаудың сауда орталықтарының бірін «миналаған» тұрғын мас күйде болған

    АҚТАУ, 25 наурыз. Ақтауда мас әйел сауда орталығына «бомба қойылды» деп хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түскі сағат 14:00 шамасында Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне «Ардагер» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер дереу сауда орталығына жетіп, орталықтағы қозғалысты шектеп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда  «Боко Харамның» 57  содыры залалсыздандырылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 57 содыры залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Өзінің жасырын болып қалуын қалаған әскери шенеуніктің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно штатының Дамбоа және Гвоза аудандарында өткізілген. Оның айтуынша, көптеген содырлар жараланды, олар қашып үлгерген. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан Камерунның екі әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік тобының исламистері Камерунның кем дегенде екі сарбазын өлтірді. Бұл туралы Нигерияның Vanguard газетіне сілтеме жасап ТАСС жазады .  «Содырлардың отряды 20 наурыз күні кешке Вулго орман алқабындағы армия лагеріне шабуыл жасады», — деді ақпарат көзі. — Бір сағатқа созылған атыс кезінде Камерун қорғаныс күштерінің екі сарбазы қаза […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыс 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыста 9 адам жарақат ал ды, 4 қаза болды, деп TRT хабарлайды. Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен КЖП-дан (YPG/PKK)  тазартылған Расулайн ауданында болған жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды. Шанлыурфаның Джейланпынар ауданы маңындағы Сирия жерінде орналасқан Расулайн ауданында Түркия уақытымен сағат 01:00 шамасында бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің солтүстік-батысындағы шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Малимен шекаралас Нигер ауылдарына жасалған шабуылдардан кем дегенде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Нигердің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Мәліметтерге сәйкес, бір күн бұрын белгісіз адамдар елдің солтүстік-батысындағы Тахуа аймағындағы ауылдарға шабуыл жасаған. Салдарынан кем дегенде 30 адам қаза болды. Әзірге бірде-бір ұйым бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гуанчжоуда болған лаңкестік шабуылда бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде лаңкестік шабуыл болды, деп хабарлайды Daily Storm. Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 59 жастағы террорист бомбаны өзімен бірге кеңсеге алып кіріп, оны іске қосқан. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Жергілікті тұрғындар шабуылдан барлығы 16 адам қаза тарты немесе жарақат алды деп хабарлайды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иранның оңтүстік-шығысында жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  Иранның оңтүстік-шығысында болған жарылыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, үш адам жараланды. Бұл туралы Mehr агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Хабарламада жарылыс Систан мен Белуджистан провинцияларындағы Сараван аймағының елді мекендердің бірінің алаңында ұйымдастырғаны атап көрсетілген. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 09: 30-да (Мәскеу уақытымен 09:00) болды. Елді мекен мен террористік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Венесуэладағы газ зауытының аумағында теракт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  Шабуыл Монагас штатындағы Эль-Техеро қаласында орналасқан PDVSA Венесуэла мемлекеттік мұнай-газ компаниясының газ зауытының аумағында болды. Бұл туралы Венесуэланың өнеркәсіп және ұлттық өндіріс министрі Тарек эль-Айссами телефон арқылы Venezolana de Televisión телеарнасына хабарлады, деп хабарлайды ТАСС. «Біз ұлттық және халықаралық қауымдастыққа біздің негізгі мұнай компаниясына қарсы жасалған жаңа лаңкестік шабуыл  туралы хабарлағымыз келеді,бұл […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» аймақтарында КЖП-ның (PKK/YPG) 14 террористі залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтындағы хабарламада «Бейбітшілік бұлағы» аймағы мен «Евфрат қалқаны» аймағына бағытталған шабуыл әрекеттерінің алды алынды. «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасамақшы болған 12  террорист пен «Евфрат қалқаны» аймағына дендеп кіруге әрекет жасаған 2 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0