Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Лондонда белгісіз біреу көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша. Лондонда белгісіз біреу көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды6 бірнеше азамат жарақат алған,деп 24.kz хабарлайды.  Скотланд-Ярд шабуылға күдікті адамды атып өлтіргенін хабарлады. Ол Усман Хан есімді 28 жастағы азамат екені анықталды. Полицияның мәлімдеуінше, ол бұған дейін де істі болыпты. Нақтырақ айтқанда, жас жігіт 2012 жылы терроризммен байланысты қылмыс үшін қамауға алынған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Прокурорлар Сириядан оралғандарды ұзақ мерзімге соттауды сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында «Жусан» операциясы арқылы Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін прокуратура сотталушыларға қандай жаза талап ететінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Прокурор Едік Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болуы, шын жүректен өкінгені сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар ескеріліп отыр. Ал діни алауыздық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Телефондық терроризм: Мәскеу қалалық сотының ғимараты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Мәскеу қалалық сотының ғимаратына келушілер эвакуациялануда, деп Mash телеграм-арнасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Кеше Мәскеу мен Санкт-Петербургте жалған қоңыраулар кең таралды, бүгін, бәлкім, осының бәрі жалғасып кетті», — дейді ақпарат авторлары. Осыған дейін  28 қарашада Мәскеу қаласында аудандық соттар эвакуацияланды. Барлық хабарламалар  жалған болып шықты. Сондай-ақ полиция бөлімін жарып жіберемін деп қорқытқан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак түрмесінен 14 қазақстандық бала Отанына қайтарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Ирак түрмесінен 14 қазақстандық бала Отанына қайтарылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ. «Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Путин ҰҚШҰ елдерін террористерге қарсы бірлескен операцияларға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Сириядағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерін террористерге қарсы бірлескен операцияларға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости . «Біз халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы серіктестерімізбен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға тырысамыз», — деді Путин бейсенбі күні ҰҚШҰ отырысы барысында. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ Бас хатшысы терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.  Ауғанстан аумағынан келетін  қауіп-қатерлер  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын заңсыз есірткі айналымы мен лаңкестікке қарсы күресте қауіпсіздік шараларын  қабылдауға мәжбүр етеді, деп бейсенбі күні ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости . «Ауғанстан аумағынан туындайтын қауіп-қатерлер мен  қазіргі ахуал бізге ұзақмерзімді шаралардан басқа, бірінші кезектегі шараларды қабылдауымыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Трамп есірткі картельдерін террористер тізіміне қоспақшы

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Мексикалық есірткі картельдері есірткі контрабандасы мен адам саудасымен айналысқаны үшін террористік ұйымдар санатына жатқызылуы керек, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл туралы  Reuters агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. «Олар террористтік ұйымдар қатарына жатқызылады … Мен соңғы 90 жұмыс күндері осы мәселемен  айналысып келемін. Білесіз бе, бұл оңай емес, бірнеше рәсімдерді орындау қажет », — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: лаңкестік шабуылдарда ИМ содырларының химикаттарды қолдануының қауіпі артып келеді

      НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Жауынгерлік әрекеттерде  аман қалған ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобынын содырлары кейінгі лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыру үшін химиялық заттарды қолдануы мүмкін, деп Ресейдің Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымдағы тұрақты өкілі Александр Шульгин мәлімдеді, деп  Sputnik Тәжікстан хабарлайды.  «Біз ниеттес тобымен бірге, химиялық терроризммен,  әсіресе Таяу Шығыста, күресу туралы қатаң мәлімдеме идеясын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан МҰҚК басшысы шекараға шабуылдағандар арасында әйелдер мен балалардың болғанын айтты 

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. 26 қарашада Душанбеде Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мухаммад Саидов баспасөз мәслихатын өткізіп, қарашаның басында тәжік шекарасына шабуыл жасағандар арасында балалар мен әйелдер болғанын айтты, деп Азаттық хабарлайды.  Саидовтың сөзінше, Душанбенің оңтүстік-батысынан 60 шақырым жерде орналасқан шекара бекетіне шабуылдағандар арасында «10 ер, 11 әйел және 4-15 жас арасындағы 13 бала болған». […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда ИМ-нің 1000-ға жуық содыры қауіпсіздік күштеріне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша.  12 қарашадан Ауғаныстанның әскери күштерінің операциясы басталғалы ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) кем дегенде 900 содыры, шетелдіктерді қоса алғанда, қауіпсіздік күштеріне берілді деп  АфТАГ жазады. Бұл Ауғанстан Қорғаныс министрлігі  жұма күні «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) 22  содыры Нангархар провинциясының Ачин қаласында ауған әскерлеріне берілгенің мәлімдегеннен кейін орын алды. Қорғаныс […]
    • 5 Years ago
    • 0