Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жат діннің жетегіне кеткендер райынан қайтуда

    АЛМАТЫ, 02 тамыз.  Теріс ағым өкілдерін райынан қайтаруға теологтар мен психологтар атсалысып жатыр. Бұл туралы Алматыдағы кеңес беру және оңалту орталығының директоры Руслан Қайыргелді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасына қарасты кеңес беру және оңалту орталығы жат діннің жетегінде кеткендермен жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес, орталық қызметкерлері биыл 1000 адаммен оңалту жұмыстарын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таиландта бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Таиланд астанасында бірнеше мәрте жарылыс болды, деп 24.kz жазады.  Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тек 3 адам жеңіл жарақат алған. Жергілікті билік жарылыстарды лаңкестік оқиға деп бағалап отыр. Теракт Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуы кезінде орын алды. Ақпарат көздері екі жарылғыш зат Прату Нам ауданында іске […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада Сирия келіссөздерінің екінші күні басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Елордада өтіп жатқан Сирия келіссөздерінің екінші күні басталды, деп хабарлайды 24.kz. Тараптар екіжақты кездесулер өткізіп, Шам жеріндегі жағдайға байланысты өзара ортақ шешім табуға тырысып көрмек. Бұдан бөлек, күн тәртібіне қандай мәселелер шығарылды? Қазақ елінің астанасында Шам жеріндегі аxуалға арналған келіссөздердің 13-кезеңі өтіп жатыр. Бұл жолы да елімізге мүдделі тараптардың төрт көзі түгел жиналды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сәләфиттерді қалай ажыратуға болады — сарапшы

    АЛМАТЫ, 02 тамыз. Бүгінгі күні әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екені баршаға аян. Ғаламдық проблема қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін «Мониторинг және талдау орталығының» бөлім меңгерушісі Тұрсын Құдайқұлов алдын-алу шаралары жайында кеңінен әңгімелеп берді, деп ҚазАқпарат жазады.  Терроризм қаупі XX ғасырдың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: ИМ жеңілді, бірақ жасырын ошақтары қайта жандануы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Осы аптада өткен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық жиынында БҰҰ-ның сарапшылар  «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы Иракта шоғырланғанымен, оның жасырын ошақтары қайта жандануы мүмкін деп мәлімдеді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды  . Сарапшылар мұндай тұжырымды БҰҰ-ның экстремистік топтар жайлы тоқсан сайынғы есебіне сүйеніп жасап отыр. Бұл есепте ИМ-нің назары негізінен Иракқа ауып отырғаны, онда топ жетекшісі Әбу Бәкір […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша халықаралық кездесу өтіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз. Сирия бойынша келіссөздердің аясында бейсенбіде Астаналық процесс қатысушыларының екі жақты кездесулері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресей мен Иран өкілдерінің екі жақты келіссөзі жабық форматта болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеме жасайды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Астаналық процестің барлық қатысушысы Нұр-Сұлтанға келді. 1-2 тамызда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Бүгіннен, 1 тамыздан бастап Нидерландта қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдерге бетін бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым ресми түрде күшіне енді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. Бұдан былай қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды. Нидерландтың ішкі істер министрлігі полиция мен муниципалдық биліктен заңның орындалуын бақылауды сұрады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жасөспірім кезінде Сирияға алып кеткен 19 жастағы жігіттің үкімі күшінде қалды

    ОРАЛ, 01 тамыз. Сәрсенбі, 31 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы террористік ұйымға қатысқаны үшін 19 жасар Абай Хамзулиновті сегіз жыл түрмеге қамау туралы қалалық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп Орал апталығы хабарлайды.  Сирияға Абай Хамзулинді 15 жасында әкесі алып кетті, ал 18 жасында күзде ол Қазақстанға Қызыл Крест желісі бойынша қайтарылды. Ол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан ондаған адам өлді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Ауғанстанның батысындағы Фарах уәлаятында жарылыс салдарынан кемінде 35 бейбіт тұрғын қаза тауып, 27 адам жараланған. Бұл туралы ауған ресмилері хабарлады, деп Азаттық Радиосы жазады. Фарах уәлаяты полиция басшысының баспасөз хатшысы Мохибулла Мохибтің Азаттыққа айтуынша, 31 шілде күні таңертең жолаушы автобусы Аб-Хорма ауданында Қандағар-Герат бағытындағы жолмен өтіп бара жатқан кезде жол шетіне қойылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Татарстанда лаңкестік әрекетінің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. Татарстанда қауіпсіздік қызметкерлері лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп хабарлады ФҚҚ-нің қоғамдық байланыстар Орталығы. Операция ІІМ-мен бірге жүргізілді. ИМ-нің  (ҚР-да тыйым салынған ұйым) екі жақтаушысы ұсталды, оларды лаңкестік құрылымдарға жасақтауда және терроризмді насихаттауда күдікті деп таниды. Күдіктілер-Ресей азаматтары, бірақ  олардың жеке тұлғалары туралы ақпарат жарияланбайды. Олардан жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың […]
    • 5 Years ago
    • 0