Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. 37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс. Бір полицей қаза тауып, екеуі жараланды.

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс нәтижесінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп  Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, магнит минасы Джелалабад қаласында жарылған. Өңірде әрекет ететін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы тұрғындарына экстремизм мен терроризм қаупі түсіндірілді

    АЛМАТЫ, 13 шілде. Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ Алматы қаласының  тұрғындарына діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру заңнамалық нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстары базарлар мен ірі сауда орталықтарында жүргізілді. Атап айтсақ,  Тастақ, Арыстан, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанайда «бомба» туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 12 шілде. Қостанайдағы полицейлерді әбігерге түсірген 34 жастағы қостанайлық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь тәртіп сақшыларының «Март» сауда орталығын түгелдей қоршауға алған айтқан болатын.  Басты себеп — «бомба» қойылғаны туралы жалған хабар. «Бүгін жедел іздеу шаралары нәтижесінде 34 жастағы күдікті азамат ұсталды. Ол Қостанай қаласының тұрғыны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде 2017 жылы лаңкестік әрекет жасағаны үшін Тәжікстан азаматтары сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. 2017 жылдың жазында «Сапсан» пойызының күйреуіне қатыстылығы бар «Ислам мемлекетінің» жеті мүшесіне жұма күні Мәскеу аймақтық әскери соты үкім шығарды. Олар 15-тен 21 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды РИА Новости  сот залынан. Сотталғандардың барлығы -Тәжікстан тумалары. Олар 2017 жылы Петербургте террористтік топ болып бірлесті  және мамыр-шілде айларында теракт жоспарын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Еуроодақта 2018 жылы 129 теракт орын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. Europol мәліметтері бойынша, өткен жылы Еуроодақта 129 теракт орын алған, алдынғы жылмен салыстырғанда 76 оқиғаға аз, деп жазады Sputnik Латвия. Ең көп,  алпыс шабуыл Ұлыбританияда жасалды. Сонымен қатар, 2018 жылы лаңкестер Францияда ең көп тұтқындалған, олардың саны — 310. Бір жыл ішінде бұл елде отыз теракт болды. Көбінесе терактілерді этнонационалистер мен сепаратистер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанайда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылды

    ҚОСТАНАЙ, 11 шілде. Қостанайдағы «МАРТ» сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтқандай, тәртіп сақшылары сауда орталығын түгелдей қоршауға алды. «Бүгін сағат 12:40 кезінде сауда орталығының телефонына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барлық мүдделі органның қызметкерлері жұмылдырылды. Аумақ қоршауға алынып, сауда орталығының ішіндегілер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Сирия жөніндегі Астана форматындағы кезекті басқосу 1-2 тамызда өтеді, деп хабарлады Ресей СІМ басшысының орынбасары, президенттің Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов, деп РИА Новости сілтеме жасап Zakon.kz жазды. «Кездесудің датасы анықталды. Ол отырысқа қатыса алатын барлық мүдделі тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Кездесу 1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді», — деді Богданов. Арнайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ирактан әкелінген балалар көп ұзамай үйлеріне жіберіледі

    НҰР-СҰЛТАН,11 шілде. Егер дәрігерлер Мәскеуге Ирактан әкелінген балалардың денсаулығынан еш ауыр дерт таппаса, олар бірден дерлік үйіне жөнелтіледі, деп мәлімдеді РФ президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл Анна Кузнецова, Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Бейсенбіге қараған түні РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар денсаулығы орталығына Ирактан 33 баланы алып келді. Балалардың аналары сол жақта түрмеде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанның лаңкестікпен күрес тәжірибесіне жоғары баға берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Қазақстан Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексін жүзеге асыру үшін белсенді еңбек етіп келеді, деп жазады «Хабар 24». Еске сала кетейік, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл құжатты дайындап шығарған болатын. Кодекстің басты мақсаты — лаңкестікке қарсы кең халықаралық коалицияны құру және 2045 жылы атап […]
    • 5 Years ago
    • 0