Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Хизб ут-Тахрирдің» бұрынғы жақтаушысы экстремистердің үндеуіне көнбеуге шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.  Таласта «Хизб ут-Тахрир»* діни-экстремистік ұйымының мүшесі діни экстремистік көзқарастардан бас тартты, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады. Бұл туралы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ер адам 2021 жылы топ қатарына қабылданған. Ол діни-экстремистік ұйымын насихаттап, тыйым салынған әдебиеттерін таратуға белсене араласты. «Жүргізілген алдын алу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дараа провинциясында мина жарылысынан  қаза тапқандар саны 11-ге жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Дарааның солтүстігіндегі Дейр әл-Адас қаласының шығысындағы Әл-Аюн аймағында лаңкестер қалдырған мина жарылысынан зардап шеккендердің саны 11 адамға жетті, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. САР ІІМ мәлімдемесінде қайғылы оқиға бидай жинауға шаруаларды тасымалдап келе жатқан көлік жолында болғаны айтылған. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 26 адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • РКК террористері Германиядағы түрік мекемелеріне шабуыл жасауы ықтиимал — министрлік

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Германия Ішкі істер министрлігі PKK (КЖП) террор ұйымының елдегі түрік мемлекеттік мекемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін жоққа шығармады . Бұл туралы ведомствода Anadolu агенттігі тілшісінің тиісті сауалына берген жауабында айтылған, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Германиядағы Түркияның (жартылай) мемлекеттік мекемелеріне қарсы [PKK] агрессивті әрекеттерінің қаупі әлі де бар», — деп […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 10 мүшесі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» лаңкестік ұйымына қарсы операция барысында 10 террорист залалсыздандырылды деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Хадин Кай» операциясының қолбасшысы генерал-майор Кристофер Мұса  Борно штатындағы Кондуг аймағына лаңкестерге қарсы жасалған әуе шабуылында олардың нысанаға алынғанын айтты. Мұса операция барысында 10 террористтің залалсыздандырылғанын, 3 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Содырлардың бақылау бекетіне жасалған шабуылынан Малидің екі әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Малидің солтүстігінде лаңкестік әрекеттен екі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Томбукту аймағындағы әскери бақылау бекетіне белгісіз содырлар шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан екі әскери қызметкер қаза тауып, бесеуі жараланған. Еске салайық, өткен аптада екі шабуылдың салдарынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Чехияда терроризм және киберқылмыспен күресетін арнайы бөлімше құрылады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Чехияда терроризм, экстремизм және киберқылмыспен күресетін арнайы полиция бөлімшесі құрылуда, деп ČTK ақпараттық агенттігі хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хазады. Арнайы бөлімше 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Онда 150 қызметкер жұмыс істейтін болады. Агенттіктің хабарлауынша, штаттың басым бөлігі қазіргі уақытта полицияның ең […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сарапшылар Сирия мен Ирактан оралған балалардың бейімделуі туралы айтып берді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым.Қазақстан, Еуропалық Одақ және ЮНИСЕФ қақтығыс аймақтарынан оралған отбасылар мен балалардың реинтеграциясы бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Бірлескен бағдарлама аясында 130 қазақстандық маман қақтығыс аймақтарынан оралған отбасылар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді үйренді, деп ЮНИСЕФ  сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бейсенбі күні Еуропалық Одақтың, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ Балалар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Дондағы Ростов соты «Хизб ут-Тахрир»  мүшелерінің бірін қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Дондағы Ростов қаласының Ленин аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» лаңкестік ұйымының мүшелерінің бірі Хайдарәлі Ашуровты бір ай 30 тәулікке қамауға алды, деп Ростов облысы соттарының бірлескен баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Бұлтартпау шарасы бір ай 30 тәулікке, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Норильск тұрғыны ИМ идеяларын насихаттағаны үшін тоғыз жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Норильск қаласының тұрғыны Красноярск өлкесінде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымын (2014 жылға дейін – «Ирак және Левант Ислам мемлекеті», ИГИЛ) насихаттады және терроризмге жәрдемдесті деген айыппен тоғыз жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды, деп аймақ бойынша РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Көкшетауда «ОРМАН-АНТИТЕРРОР-2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтуде

    КӨКШЕТАУ, 10 маусым. 10 маусымда Көкшетауда арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «ОРМАН-АНТИТЕРРОР-2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың бекітілген күштері мен құралдарын басқару және ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдылары пысықталып жатыр», — деп Ақмола облысының полиция департаментінде хабарлады. Полицейлер құрал-жабдықтарды, оқу-жаттығу орнын фотоға/видеоға түсірмеуді, осы оқиға туралы […]
    • 3 Years ago
    • 0