Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Белгісіз Махачкала мен Каспийскіде бірнеше балабақшаны «миналаған»

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Бейсенбі күні Махачкала мен Каспийскідегі бірнеше балабақшаға миналау  туралы анонимді хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ТАСС қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Балабақшалардағы лаңкестік әрекеттер қаупі туралы хабарламадан кейін бірнеше балабақшаның балалары эвакуацияланып, ата-аналарына тапсырылды. Саперлер мен кинологтар мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ғимараттарында жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын тексеруде», — деді ақпарат көзі. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ресей СІМ басшысы Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Мәскеу Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, әскери-техникалық ынтымақтастық та дамып келеді, деп РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде консультациялар жүргізілуде, тиісті екіжақты жобалар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иракта  ДАИШ-ке қарсы операция басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Ирак Федералдық полиция күштері жариялаған мәлімдемеде Киркук, Салахаддин және Дияла арасындағы ауқымды аймақта террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы «Темір балға» атты операцияға Ирак Әуе күштерінің де қолдау бергені атап көрсетілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Мәлімдемеде аймақта ДАИШ мүшелері пайдаланған 3 баспананың жойылғаны, көптеген оқ-дәрі, жарылғыш зат, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстігінде американдық»Касад» топтарына шабуылдар жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстігінде «Касад» автокөліктері мен бекіністеріне жасалған бірнеше шабуылдың нәтижесінде американдық оккупациямен байланысы бар топ содырлары қаза тауып, жараланды, деп «SANA» агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Белгісіз біреулер Дейр-эз-Зордың солтүстігіндегі Ас-Саджар ауылындағы «Касад» тобының әскери бекінісіне автомат пен тасымалданатын зениттік зымыран кешенің қолданып қарулы шабуыл жасады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан Бурундилік бітімгершілік күштерінің 10 қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. «Аш-Шабаб» содырлары кеше таңертең Сомалидегі Шабелле аймағындағы Эль-Бараф ауылындағы Бурунди әскерилерінің бекетіне шабуыл жасап, нәтижесінде 10 бітімгер қаза тауып, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалған, деп Бурунди қарулы күштері мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Шабуыл кезінде тағы 25 бурундилік сарбаз жараланды, деп  елдің қарулы күштерінің ресми […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Петропавлда жалған террористік акт туралы хабарлаған адам бір жылға бас бостандығынан айырылды 

    ПЕТРОПАВЛ, 05 мамыр. Петропавлда көп қабатты үйге жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Петропавл қалалық сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 қаңтар күні болған. Б. есімді ер адам мас күйде дәріханаға кіріп, фармацевтен «102» пультіне қоңырау шалып, көп қабатты үйге жарылғыш зат […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бағдадтың » Жасыл аймағына» бағытталған қолдан жасалған зымыран құлады

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр.Бағдадтың «жасыл аймағына» бағытталған қолдан жасалған зымыран қаланың орталық бөлігіне құлады, деп ӨзА сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Shafaq news ақпараттық порталының хабарлауынша, зымыран «Жасыл аймаққа» қарай атылған бірақ нысанаға жете алмай, Бағдад қаласының орталығындағы Абу Нувас көшесіндегі тұрғын үйге құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чад көлі аймағында «Боко Харам» тобының кем дегенде 22 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 мамыр. Жақында Чад көлі аймағында көпұлтты бірлескен жедел тобының жүргізген операциясының барысында «Боко Харам» экстремистік тобының кем дегенде 22 содыры өлтірілді, деп көпұлтты бірлескен жедел тобының ресми өкілі Камарудин Адегоке мәлімдеді.Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Оның айтуынша, аймақтық бірлескен жедел топ тазарту операциясы кезінде Нигерияның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мали билігі Франциямен қауіпсіздік саласындағы келісім шарттарының күшін жойды 

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Малидің әскери билігі Франциямен және оның еуропалық одақтастарымен қорғаныс келісімдерін бұзды, деп дүйсенбі күні аумақтық басқару және орталықсыздандыру министрі, үкіметтің ресми өкілі полковник Абдулайе Маига мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Малидің ұлттық егемендігін өрескел бұзуды ескере отырып, Мали Республикасының Үкіметі [Франциямен] 2014 жылғы 16 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі жарылыста он сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Сомалидің оңтүстігінде сенбі күні таңертең болған жарылыстан он сарбаз қаза тауып, тағы адамдардың белгісіз саны жараланды, деп әскери ақпарат көздері хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сомали ұлттық армиясының радиосы оқиғаның әскери қызметкерлердің колоннасы Балад пен Джоухар аудандары арасындағы жолда «Аш-Шабаб» радикалды лаңкестік тобының […]
    • 2 Years ago
    • 0