Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстан СІМ: Лионадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

    НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.Лионадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп ҚР СІМ сілтеме жасап Эхо Казахстана хабарлайды.  Француздық Лион орталығында, Виктор Гюго көшесінде 24 мамырда лаңкестік әрекет орын алды. Жарылыстың себебі көшенің жаяу жүргіншілер бөлігінде қалған жарылғыш зат салынған орама болды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында ораманы жеткізген велосипедші екені анықталды. Жергілікті бұқаралық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда Ислам мемлекетінің 20 содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН 25 мамыр. Өткен түні шығыс Нангархар провинциясының аумағында ауған қауіпсіздік күштерінің операциясы нәтижесінде Ресейде тыйым салынған Ислам мемлекеті тобының 14 содыры өлтірілді,деп хабарлайды Афганистан.Ру  Бахтар АА сілтеме жасап. Жауынгерлік әрекеттер Ачин мен Хаска Мина уездерінде өтті. Қаза тапқан содырлардың қатарында басқа елдің келімсектері бар. Сондай-ақ, бүгін таңертең Кунар провинциясында әуе соққысы нәтижесінде тағы 6 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лионда болған жарылыс қашықтан басқарылған

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Лион қаласында жарылыс қашықтан басқарылып, жүзеге асырылған. Бұл туралы жергілікті телеарнаның бірі тергеуге сілтеме жасап хабарлады, деп Хабар 24 агенттігі жазды. Мәліметке қарағанда бомба салынған сөмкеден қашықтан басқарылатын электрондық бөлшектер табылған. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Лионның Виктор Гюго көшесінде жарылыс болып, 13 адам жарақат алды. Полиция жарылысты велосипедке мінген жасы 30 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Франциядағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікті іздестірілуде

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Францияның Лион қаласында теракт болып, 13 адам жарақат алды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды.  Жапа шеккендердің арасында 8 жасар қыз бар. Лаңкестік шаһардың Виктор Гюго көшесіндегі наубайханаға жақын жерде болды. Сөмкеге салып тастап кеткен бомба жарылды. Лаңкес көшедегі сыртқы бейнекамераның біріне түсіп қалған. Ол бомбаны велосипедпен келіп қойып кеткен. Бірақ бейнежазба анық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 3 адам көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр —  Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп  РИА Новости сілтеме жасап  Sputnik Kazakhstan хабарлайды. Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда үш содырдың көзі жойылды

      НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Дағыстанда үш содыр бейтараптандырылды деп   Ұлттық терроризмге қарсы комитеттінің (ҰТК) ақпараттық орталығының өкілі хабарлады. Бұл республиканың Кизилюрт ауданындағы тексеру іс-шаралары кезінде болды. Сұлтан-Янги-Юрт елді мекенінде орналасқан тұрғын емес жеке үйді тексеру кезінде құқық қорғау қызметкерлеріне оқ атылды, олар қарсы оқ ашты. «Қақтығыс орнында автоматты қару мен оқ-дәрілер табылды», — делінген хабарламада. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттаған төрт адам қамауға алынды

    АҚТӨБЕ, 24 мамыр. «Жусан» операциясы арқылы жуырда Сириядан оралған төрт ақтөбелік «терроризмді насихаттады» деген күдікпен 2 айға қамауға алынды. Олардың үшеуі ер адам болса, біреуі — әйел. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап AstanaTV  хабар таратты. Күдіктілерге елге оралған бойда кісен салыныпты. Қазіргі тергеу шаралары басталды. «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ СІМ басшылары жаһандық террорға қарсы стратегияның жоспарын келісті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Тәжік-ауған шекарасындағы ықтимал шиеленісті төмендету шараларын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бішкектегі Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысында келісті, деп хабарлайды АфТАГ. ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына дайындық шеңберінде сыртқы істер министрлері тәжік-ауған шекарасындағы ықтимал шиеленісті азайту жөніндегі шаралар пакетін, 2019-2021 жылдарға арналған БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Саудиялық имамдар өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Сауд Арабиясында Рамазан айынан кейін белгілі үш шейх өлім жазасына кесіледі, деп Islam Today сілтеме жасап Kazislam жазады . Middle East Eye басылымының мәліметінше, іс әлем мұсылмандары арасында беделге ие, өмір мен дінге философиялық, прогрессивті көзқараспен қарайтын шейх Салман әл-Саудқа қатысты болып отыр. Шейх Салман әл-Сауд 2017 жылдың қыркүйек айында 13 миллион […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Александр Бортников ТМД елдерінің арнаулы қызметтерінің бірлескен жұмысының нәтижелерін қорытындылады

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Ресей ФҚҚ ТМД елдерінің әріптестерімен бірге өткен жыл ішінде бірқатар операциялар жүргізді, олардың нәтижесінде халықаралық террористік ұйымдардың ұяшықтарын жою және содырлардың едәуірін  ұстау болды, деп жазады Sputnik Таджикистан ФҚҚ директоры Александр Бортниковке сілтеме жасап. «Келісілген жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, соның арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізілді», — деді Бортников. «Әзірбайжанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның […]
    • 5 Years ago
    • 0