Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жолаушылар ұшағы бомба туралы хабарламалардан кейін Түркияның солтүстік -шығысына шұғыл түрде қонды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. «Джазира» әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Түркияның солтүстік -шығысындағы Трабзон әуежайына борттағы бомба туралы хабар түскеннен кейін шұғыл қонды, деп TRT телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. БАҚ ақпараты бойынша, жолаушылар эвакуацияланған. Саперлер ұшақта тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта ұшақ бортындағы 51 жолаушының жолжүктері тексерілуде.
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО террористік тұрғыда осал 707 нысанның жартысынан астамы – білім мекемелері

    ПЕТРОПАВЛ, 06 қазан. Солтүстік Қазақстан облысында террористік тұрғыда осал 707 объекті бар, оның ішінде 377-сі білім беру мекемелері, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда антитеррорлық қызметті реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді. Осыған орай СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында білім беру мекемелері өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Арнайы операцияларда КЖП-ның 127 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Террормен күрес аясында көктем-жазғы маусым операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы КЖП ( PKK) мүшесі 127 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу астана Анкарада «Жандармерия және жағалау қауіпсіздік акедамиясының 2021-2022 жаңа оқу жылының ашылуы рәсімінде» сөз сөйледі. Сойлу террормен күреске байланысты мәлімдеме жасады. Террормен күресте үлкен табыстарға қол жеткізгенін және операцияларда […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде «Хизб ут-Тахрир» ұяшығының белсенді мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Мәскеуде «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының террористік тобы жойылды, сегіз адам ұсталды, деп РФ ФҚҚ сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Мәскеу мен Мәскеу облысында «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» халықаралық террористік ұйымы ұяшығының қызметі тоқтатылды, екі басшы мен оның алты белсенді қатысушысы ұсталды»,-делінген хабарламада. Қауіпсіздік қызметкерлерінің ақпараты бойынша, исламшылар «әлемдік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул мешітінде бомба жарылып, бірнеше адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Ауғанстан астанасы Кабулде «Идгах» мешіті аймағында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Мужахид мәлімдеді, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазады. Ақпаратқа қарағанда, жарылыс болған маңдағы мешітте Мужахид қайтыс болған анасына құран оқытып жатқан. «Бүгін түстен кейін Кабулдағы «Идгах» мешітінің кіреберісінде адамдар жиналып тұрғанда бомба жарылды. Бірнеше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Псков қаласының «Гуманитарлық лицейінің» мұғалімдері миналау туралы хабарларға байланысты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. «Гуманитарлық лицей» мұғалімдері ғимараттың миналануы туралы жасырын хабарламадан кейін мекемеден эвакуацияланды. Бұл туралы муниципалитеттің білім бөлімінің басшысы Анна Кузыченкого сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Гуманитарлық лицейдің» электронды поштасына мектеп миналанғаны туралы хабарлама келді, бұл ақпаратты директор барлық қызметтерге жіберді. Мектепте балалар болған жоқ, кезекші топтар басқа мекен -жай бойынша орналасқан мектептің филиалында ашылды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия Ирак және Ливиямен терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ынтымақтасады

    НҰР-СҰЛТАН,  03 қазан. Түркия Ирак және Ливиямен «лас ақшаны жылыстату», терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ынтымақтасады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Президенттің осы тақырыптағы шешімдері Ресми газетте жарияланды. Осыған қарағанда Түркия Қазына және қаржы министрлігі Қаржы қылмыстары тергеу кеңесі басқармасы, Түркия Қаржылық барлау басқармасы мен Ирак лас ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда жаппай кісі өлтіруді жоспарлаған лицей оқушысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Франциялық 19 жастағы лицей оқушысы  2022 жылдың 20 сәуірінде, президенттік сайлаудың бірінші турына төрт күн қалғанда, Теңіз жағалауындағы Сена мешіті мен оқу орнында көптеген адамдарды атып өлтіруді көздеді.Бұл туралы Le Parisien газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Газеттің ақпараты бойынша, оқушының жоспары аймақтағы мешіттердің біріне, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның орталығында «Талибан» қозғалысының күштеріне тиесілі көлік жарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Ауғанстанның орталық Парван провинциясында «Талибанға» тиесілі көлік жарылды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Талибан» қозғалысының өкілі Билал Керимидің айтуынша, оқиға Парван провинциясының орталығы Чарикар қаласында болған. Оның айтуынша, аймақтағы шабуылдан кейін шабуылдаушыларды залалсыздандыру үшін арнайы операция жүргізілген, нәтижесінде ДАИШ (ИМ*) террористік ұйымының бірнеше мүшесі өлтірілді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Нұр-Сұлтандағы Беларусь елшілігін «миналады»

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Нұр-Сұлтан полициясына Қазақстандағы Беларусь елшілігінің электронды поштасына жарылғыш зат қойылған деген хат жіберілгені туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан , деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің күштері тексеру жүргізді, ақпарат расталған жоқ. Елшілік аумағында жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. […]
    • 3 Years ago
    • 0