Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Карасора-2020» операциясы барысында СҚО полицейлері 60 келіге жуық марихуананы тәркіледі

    ПЕТРОПАВЛ, 30 қазан. Петропавлда тәртіп сақшылары көшеде тоқтатылған көліктен 60 келіге жуық марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мамыр айынан бастап «Қарасора» іс-шарасы өтіп жатыр. Петропавлда операция аясында полицейлер Қизатов-Хименко көшелерінің қиылысында 44 жастағы жүргізуші басқарған «Toyota Mark 2» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің қасында 50 жастағы жолаушы болған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда арнайы іс-шара барысында героин сатушысы ұсталды

    АЛМАТЫ, 29 қазан. Алматыда есірткінің екі тұрақты сатушысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Арнайы іс-шара барысында есірткі саудасымен күресушілер қырық жастағы Р.азаматты ұстады. Оның көзілдірігіне арналған футлярда 11 фольгаға оралған героин тәркіленді. Сол күні кешке тергеушілер шалбардың қалтасынан осындай сегіз пакет табылған “өлімге әкелетін ұнтақты” жеткізушімен байланысқа шықты. – Толығырақ айтсақ, Алатау ауданында төрт ер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушісінен екі келіге жуық есірткі тәркіледі

    ТҮРКІСТАН, 29 қазан. Сарыағаштық полицейлер заңсыз айналымнан екі келіге жуық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш ауданының полицейлері “Жетісай-Шымкент” тас жолында  күдік тудырған “Toyota Rav 4” маркалы автокөлігінен есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Өткізілген сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат – салмағы екі келіге жуық хош иісті “марихуана” болып табылады. Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау облысында «Қарасора-2020» ЖПІШ барысында заңсыз айналымынан 15 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

    АТЫРАУ, 27 қазан. 1 маусым мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Қарасора-2020» профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысында заңсыз айналымынан 15 келі 066 грамм есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап batys.info хабарлады. Оның ішінде 12 келі 625 грамм марихуана, 0,93 грам гашиш, 2 келі 451 грамм канабис өсімдігі, 2,16 грамм […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған 

    ҚАРАҒАНДЫ, 26 қазан. Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді. Сотқа дейінгі іс қозғалып, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Қарасора-2020»: Нұр-Сұлтанда есірткі сататын топ ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан.  Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылардан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қарасора-2020» жедел алдын алу шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымының тұрақты каналы жойылып, елордаға есірткі жеткізіп, сатып келген қылмыстық топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан.Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан — Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлайды. Іс-шараның мақсаты — тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен АҚШ әскери күштері терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті. Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы және Алматы облысында ҰҚК бөлімшелерінің іс-қимылдарының тиімділігін арттыру бойынша оқу-жаттығулар өтті

    АЛМАТЫ, 22 қазан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды. Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысының полицейлері есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады

    АҚТАУ, 21 қазан. Өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі саудасына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 493 есірткі қылмысын анықтаған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан героин, марихуана, гашиш, апиын және синтетикалық […]
    • 4 Years ago
    • 0