Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға уақытша тыйым салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткіні интернет арқылы сататындарға қатысты жаза қатайтылады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Интернет арқылы есірткі тарататындарға қатысты жаза күшейтілмек. Яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылады. Бұл туралы Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды. Сенатта қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Допинг» іс-шарасы: 16 құқық бұзушылық анықталды

    ПЕТРОПАВЛ, 19 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары «Допинг» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бес күні ішінде полицейлер есірткіге қатысты 16 құқық бұзушылықты анықталған. Петропавлдағы мекемелердің бірінде қалалық полиция басқармасының жедел қызметкерлері құрамында психобелсенді қоспалары бар дәрі-дәрмек сақталатын сейфтің техникалық талаптарға сай еместігін анықтаған. Енді жауапты тұлғалар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Семейдегі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жастар арасында экстремизмге қарсы тұру тәсілдері туралы айтты

    СЕМЕЙ, 18 желтоқсан. Семей қаласының әкімдігінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ehonews.kz хабарлады. Баспасөз қызметінде соңғы уақытта әлем бойынша терроризм мен экстремизмнің белсенді өсуі байқалады. Сондықтан да Семей әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрылған болатын. Кеңес қалалық оқу орындарында белсенді жұмыс жүргізеді. Оқушылармен терроризм […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысы тұрғынынан 4 келіге жуық есірткі заты тіркіленді

    ТАРАЗ, 13 желтоқсан.  Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жуалы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұсталған күдіктіден салмағы 3 келі 600 грамм болатын «гашиш» есірткісі табылған. Ол оны көмбеде жасырын сақтаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Facebook парақшасында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде

    ШЫМКЕНТ, 13 желтоқсан. Сириядан соғыс аймағынан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» операциясы елге қайтарылған отбасыларды дәстүрлі құндылықтарға баулу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елге оралған Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қоғамдық қорлар, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтары мен ұйымдар осындай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды

     НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында үстіміздегі жылғы 27 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.   Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Қазақстан үшін потенциалды террористік қауіп-қатер сақталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Терроризмге қарсы орталығымен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша негізгі тенденциялар мен 2019 жылы қабылданған шаралар тарқатылды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Қазақстан үшін потенциалды террористік қауіп-қатер сақталуда. Елімізде террористік қызметке қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 шетелдік азаматтары ұсталды және белгіленген тәртіпте басқа мемлекеттерге берілді. Бүгінгі күнге дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет […]
    • 5 Years ago
    • 0