Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мен жиҺадқа дайын едім – Сириядан оралған қазақ жігіті

    ПЕТРОПАВЛ, 30 қараша. Петропавл түзету колониясында отырған Болат өткен күндерін аңсайды. Сирияда бір апта болған жігіт 7 жылға бас бостандығынан айрылған. Оған терроризм бабы бойынша айып тағылды. Жазасын өтеуші шам еліне білместікпен барғанын айтып ақталмақ болды. Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында Болат сол шақта жиһад жасауға, яғни дін жолында өзін-өзі құрбан етуге әзір болғанын да жасырмады. Оңтүстік Қазақстан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Прокурорлар Сириядан оралғандарды ұзақ мерзімге соттауды сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында «Жусан» операциясы арқылы Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін прокуратура сотталушыларға қандай жаза талап ететінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Прокурор Едік Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болуы, шын жүректен өкінгені сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар ескеріліп отыр. Ал діни алауыздық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак түрмесінен 14 қазақстандық бала Отанына қайтарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша. Ирак түрмесінен 14 қазақстандық бала Отанына қайтарылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ. «Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Экстремистік ұйымдар кез келген әдісті пайдаланады – теолог

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша. Діни экстремизммен күрес тек Қазақстан мемлекетінің проблемасы ғана емес, әлем халқының үлкен проблемасы болып отыр. Экстремистік діни ұйымдардың іс-әрекеті кең ауқымды әрі сан алуан әдістерді қамтиды. Олар өз мақсаттарына жету үшін қолдарындағы барлық құралдар мен әдістерді – заңдыдан заңсызға дейін, тіпті террорлық түрін қолдануға әзір, — дейді «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Сұлтангелді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша кезекті отырыс өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров 10-11 желтоқсан күндері елордада Сирия бойынша кезекті халықаралық жоғары деңгейдегі ХІV кездесу өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Оған кепілгер елдер – Иран, Ресей, Түркия, Сирия Үкіметі, Сирия қарулы оппозициясы делегациясы қатысады деп жоспарланып отыр. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері болмақ. Отырыстың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Терроризмді насихаттау, діни араздық туғызу» бабымен сотталғандарды түрмеге жөнелтті

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. «Терроризмді насихаттау» және «діни араздық қоздыру» баптарымен сотталған бес адамды түрмеге жөнелтті, деп сотталған адамдардың туыстарына сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. Туыстарының айтуынша, сотталғандардың біреуі Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге қалған. Қалғандарын Шымкент қаласындағы және Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы колонияларға жіберген. Сотталғандардың туыстары «сот үкімі қарашаның 29-ына күшіне енеді, сондықтан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Үш баламды алып, қақаған қыста қашуға шешім қабылдадым».Сириядан оралған келіншектің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. «Жусан» операциясының арқасында елге оралған қазақ әйелі Сирияға қалай тап болғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Әйгерім діни сауатсыздықтың салдарынан деструктивті діни ағымның арбауына түскен, ол өз қателігін басқалар қайталамасын деген оймен Сирияда көрген азапты күндерін әңгімелеп беруді жөн санады. Бүгінде екі бала өсіріп отырған Әйгерім (есімі өзгертілген) Қарағандыдағы оқуын тастап, 2013 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада жалға алынған тұрғын үйлердің бірінде есірткі зертханасы ұйымдастырылған

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша. Елордада «жылдамдық» және «амфетамин» атты синтетикалық есірткі дайындалған зертхана анықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sputniknews.kz. Есірткі өндірісін Екібастұз қаласының тұрғыны ұйымдастырған.Күдікті жалға алған тұрғын үй-жайды тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химиялық заттар, психотроптық зат салынған колбалар, химиялық формулалар жазылған дәптерлер, өлшеу таразылары мен газқағарлар, сондай-ақ есірткі дайындау кезінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ІІМ басшысы Интерполдың Бас хатшысымен кездесті

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас хатшысымен кездесті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. Ерлан Тұрғымбаев пен Юрген Шток Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмыс тарапынан жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тиімді өзара іс-қимыл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі тасымалдау каналы әшкереленді

    АЛМАТЫ, 22 қараша. Алматы полициясы синтетикалық есірткі тасымалдау каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық топты 33 жастағы Түрксіб ауданының тұрғыны басқарған. «Ұсталмас бұрын күдікті өзінің танысына 1 сіріңкенің қорабы көлеміндей «альфа-PVP» психотропты затын 40 мың теңгеге сатып жіберген. Осы мәміледен соң ол ұсталды. Арнайы операция Боралдай көшесінде болды. Одан әрі тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілді. Нәтижесінде […]
    • 5 Years ago
    • 0