Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ақмола облысында героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 11 қазан. Ақмола облысында ірі көлемде героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды  . Ведомствоның мәліметінше, қазанның 10-ында ПД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде ірі көлемде героин саудасымен айналысқан топтың жолын кесті. Жедел іздестіру шарасы барысында Атбасар қаласының 3 тұрғыны ұсталды. Оның екеуі — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда «Иегова куәгерлері» жас балаларды азғырған деп күдіктелуде

    АЛМАТЫ, 11 қазан. Алматыда «Иегова куәгерлері» кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық әрекет жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ. «Тергеушілер күдіктілердің 16 жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық құқықтарына қарсы бірқатар қылмыс жасаған болуы мүмкін екендерін тексеруде. Тексерудің аталмыш фигуранттары тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», — делінген жұмадағы хабарда. Бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда «Теміржол-Антитеррор – 2019» оқу-жаттығуы өтті

    ТАРАЗ, 11 қазан. 2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында  республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желідегі әдемі діни сөздердің артында жасырын насихат болуы мүмкін

    АЛМАТЫ, 11 қазан. Әлеуметтік желіде жарияланған әдемі құрани сөздердің артында жасырын насихат болуы мүмкін. Осындай ойын Алматы гуманитарлық колледжінің студенттеріне дінтанушы, магистр Нұрмұхаммед Мейманқожа жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл кездесуге гуманитарлық колледжде білім алып жатқан 45 студент қыз қатысты. Спикер діндегі қыз балаларға қатысты мәселелерді айтты. «Жастар деструктивті ағымдарға ермес үшін не істеуі керек? Ғаламтордағы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы соты деструктивті діни идеология ұстанушысын 10 жылға соттады

    АЛМАТЫ, 10 қазан. Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық соты А.Ж. Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттады, деп Ktk.kz хабарлайды.  Үкім заңды күшіне енді. Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік аймақтан келген балаларды оңалтумен Білім министрлігі айналысады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Мемлекет лаңкестік белсенділік жоғары аймақтардан келген балаларға кепілдендірілген көмек көрсетеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар министрліктің лаңкестік белсенділік жоғары аймақтардан келген балаларды оңалтуға бағытталған шараларды үйлестіру және аталған санаттағы балаларға мемлекеттің кепілдендірілген көмегін көрсету үшін оларды өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғаларға жатқызу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері полицейлер 1799 есірткі қылмысын анықтады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Бір апта ішінде келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністері елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 37 қылмысты анықтап, тіркеді. Оның ішінде 23-і есірткі өткізу фактісі, алтауы аса ірі мөлшерде сақтау, төртеуі контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алмақ

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Елордада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғынының көлігінен ірі көлемді есірткі тәркіледі

    ШЫМКЕНТ, 09 қазан. Шымкент қаласының тұрғыны 23 келіден астам марихуана тасымалдаған, деп Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ernur.kz хабарлайды.  Департамент ақпаратына сүйенсек, жамбылдық полицейлер «Көкнар» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында «Алматы-Ташкент» тас жолында «Лада-21713» көлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатып тексерген. Нәтижесінде, 43 жастағы шымкеттік азаматтың көлігінен жалпы салмағы 23 келіден асатын «кептірілген марихуана» […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 10 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында құлақтандыру жүйелерін тексеруі жүргізіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. ағымдағы жылғы 10 қазанда 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді, деп Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД хабарлайды. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары […]
    • 5 Years ago
    • 0