Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматы облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Допинг» алдын-алу шарасы аясында полицейлер назарына ер адам іліккен.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Күдіктіні ұстау үшін Қарасай ауданы Алмалыбек ауылының маңында арнайы операция ұйымдастырылды. Нәтижесінде 56 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Оның сөмкесінен 56 келі көкнәр табылған. Тексере келе оның бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық ЖПП қызметкерлері есірткі тасымалдаушыны ұстады

    ҚАРАҒАНДЫ, 21 маусым. Қарағандыда жол-патрульдік полиция қызметкерлері есірткі тыққан жергілікті тұрғынды ұстады, деп NUR.KZ сілтеме жасап Эхо Казахстана хабарлайды. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 26 жасар ер адам бұталарға есірткі тығып жатқан кезде қолға түсті. “26 жасар азамат аталған ауданда есірткі заттарын тыққан. Аталған адамға қатысты ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс белгілері […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан қайтарылған БҚО тұрғыны сегіз жылға сотталды

    ОРАЛ, 21 маусым. Орал қалалық соты тұтқыннан босатылған 19 жастағы Орал тұрғынын 8 жылға соттады. Бұл туралы Орал апталығы жазады. Сотталушыны Сирияға оның кішкентай кезінде ата-анасы арып барған екен, тек Қызыл крест қызметкерлері тұтқыннан босатқаннан кейін ғана ол Отанына қайтарылды. Кеше, 20 маусым күні Орал қалалық сотында 19 жасар Абай Хамзулиновқа үкім шығарылды. Отанына келгеннен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да марихуана сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым.  Шығыс Қазақстан облысының есірткімен күрес полициясы есірткі сатқан ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде екі килограмм кептірілген марихуананы сатып жатқан ерлі-зайыптылар қолға түсті. Күдіктілердің пәтерін іздестіру кезінде алдын ала дайындалған 6 полимер пакеттегі жарты килограмм марихуана тәркіленді. Оны М. атты азаматша сату мақсатымен сақтаған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК террористердің ықпалына ерген қазақстандық әйелдер туралы фильм түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризм қылмысына байланысты түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, деректі фильмнің басты кейіпкерлері ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) ықпалына қалай түсіп қалғанын баяндайды. Сонымен қатар, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дін атын жамылған терроризм қатері

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Қазіргі таңда діни радикализм мен экстремизмнен туындайтын терроризм өзінің қатыгездігімен және адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналып отыр. Kazislam сайтында саяси ғылымдар кандидаты Мейрам Иманбаевтың «Дін атын жамылған терроризм қатері» атты мақаласында жазылған. Өкінішке қарай, әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдар дінді желеу еткен террорлық әрекеттердің құрбанына айналып, адамдардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теракт кезінде қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

    АҚТӨБЕ, 20 маусым. Кеше  Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті деп хабарлайды Aktobenews.kz. ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының оқ ату сайысы бойынша біріншілігі әскери борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандар құрметіне арналған. «Ақжар» оқу-жаттығу алаңында өтетін іс-шараға 70-тен аса әскерилер қатысады. Турнирге Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан өңіріндегі әскери […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шымкентте үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұсталды

    ШЫМКЕНТ, 19 маусым. Шымкентте полиция үйінің ауласында героин сатқан тұрғын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі сатушы қала маңындағы елдімекендердің бірінде қолға түскен. Есірткі саудагерінің ізіне түскен тәртіп сақшылары оның үйіндегі жасырын орындарды тінту кезінде мөлшері бойынша өлшеп,  оралған және сатуға дайын жалпы салмағы 100 грамнан асатын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысында жабайы қарасора алқабы жойылды

    АҚТӨБЕ, 19 маусым. Мартұқ ауданының  Дмитриевка ауылының маңында Ақтөбе шекара отрядының «Байтұрасай» бекетінің шекарашылары жабайы қарасора алқабын тапты, деп хабарлайды Total.kz. Аталған ауданға ведомствоаралық топ келгенге дейін плантацияны күзететін наряд жіберілді. Шекарашылар шамамен төрт мың шаршы метр алаңдағы қарасораны шауып алып, өртеп жіберді. Жалпы салмағы 1500 килограмм болатын 270 000 бұта жойылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 7 адамды ұстады

    ПЕТРОПАВЛ, 18 маусым.Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі бизнесіне қатысы бар 7 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Полиция қызметкерлері синтетикалық есірткіні осы заманның негізгі қауіп-қатеріне айналғандығын айтады. Есірткінің бұл түрі арзан, сол себепті «қара базарда» сұранысқа ие. Ал оны көпшілікке тарату үшін қылмыскерлер интернетті қолданады, бұл тәртіп сақшыларына есірткі сатушыларды ұстауда […]
    • 5 Years ago
    • 0