АЛМАТЫ, 5 наурыз. Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап. Қаладағы кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. «Оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды […]