Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • СҚО-да деструктивті діни ағым өкілдері жазаланды

    АСТАНА, 25 ақпан. СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы өңірдегі деструктивті діни ағымдармен күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірдің полиция қызметкерлері діни заңнама саласындағы заңбұзушылыққа жол бермеу бойынша бірқатар шара қабылдады. Сонымен бірге, облыс тұрғындарын деструктивті діни ағымдардан қорғау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Әртүрлі діни ағымдар тыйымға байланысты […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Үкімет басшысы «Жусан» операциясы туралы фильм түсіруге пікір білдірді

    АСТАНА,  20 ақпан. «Жусан» операциясы туралы фильм түсіру үшін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, мұқият пысықтау қажет. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Бүгiнгi таңда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционeрлiк қоғамы Мәдениет және спорт министрлігімен және мүдделі мeмлeкeттiк органдармен бiрлeсiп, жоғарыда көрсeтiлгeн «Жусан» операциясы туралы шытырман оқиғалы, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 15 ақпан. 2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, деп ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды. Тергеу жалғасуда.
    • 6 Years ago
    • 0
  • Аты аңызға айналған Қара майор Борис Керімбаев қайтыс болды

    АСТАНА, 12 қаңтар. Алматыда 72 жасында атақты интернационалист жауынгер Борис Керімбаев өмірден озды. Ауғанстандағы соғыстың аңызға айналған ардагері, 177-ші арнайы жасақ командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаев ұзақ уақыт бойы аурудан кейін көз жұмды. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Президиумының атынан Борис Тукенұлы Керімбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ұлы далада Батыры және патриот, біздің уақыттың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Терроризммен күрес шараларына бөлінген қаржы қолды болды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 09 ақпан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаржысын жымқырған тағы бір қызметкерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. «Ол діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде азаматтарды діни […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ТМД елдерінің терроризммен күресте материалдық-техникалық қамту келісімі ратификацияланды

    АСТАНА, 09 ақпан. Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazakhstan Today хабарлайды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Келісімде тиісті құзыретті органдарды арнайы техникамен, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр

    АТЫРАУ, 07 ақпан. Атырау облыстық Дін істері басқармасының мәліметінше, 25 атыраулық студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр. Сарапшылардың пікірінше, жас қазақстандықтар дәстүрлі емес исламдық ағымдардың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр. «Оларға терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында насихат жұмыстары жүргізілгенімен, Отанға қайтару әзірге мүмкін […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тоқаев: Жастар жалған діни стереотипті емес, ұлттық дәстүрді арқау етуі тиіс

    АСТАНА, 7 ақпан. ҚР Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар саясаты жөніндегі дөңгелек үстел барысында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Жастардың дінге байланысты қарым-қатынасы — біздің назарымыздан тыс қалып жататын маңызды мәселелердің бірі. Қазақстан барлық дәстүрлі діндерге төзімділікпен қарайтын зайырлы мемлекет саналады және алдағы уақытта да солай бола беретіні анық. Әр үш жыл сайын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Соңғы бес жылда лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат тарату бойынша 258 адам сотталды

    АСТАНА, 06 ақпан. Соңғы бес жылда телефон лаңкестігіне байланысты 258 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде лаңкестік әрекет туралы жалған ақпараттар тарату қылмысы айтарлықтай азайды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл бағытта жеткілікті тәжірибе жинақтаған, сондай-ақ осындай қылмыстарды дер […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Алматы қаласында есірткі тобын ұстау үшін арнайы операция өткізді

    АЛМАТЫ, 31 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 кг марихуаны тәркілеп, өңірлік есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетін құрықтады деп хабарлайды zakon.kz. Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде ҚР ҚК 297-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Жалпы алғанда, […]
    • 6 Years ago
    • 0