Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Террорист Руслан Күлекбаев екі рет суицид жасамақшы болған

    АСТАНА, 12 қыркүйек. Терроризм үшін айыпталған «Алматылық атқыш» Руслан Күлекбаев екі рет суицид жасамақшы болған. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Алматы қалалық қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты Күлекбаевты өлім жазасына кескен еді. Ол Қостанай облысындағы УК-161/12 қауіпсіздігі жоғары мекемеде. «Суицидке қатысты айтар болсақ, ол жазасын өтеп жатқан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Тоқаев ШҰАА басшысымен терроризм мен сепаратизм мәселелерің талқылады

    АСТАНА, 12 қыркүйек. Парламенттің Жоғары палатасының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы дербес аудандардың бірінің төрағасы Нұрлан Әбдімәжинмен кездесті деп 24.kz жаңалықтар порталы хабарлайды. Тараптар «Жібек жолының экономикалық аймағы» стратегиясының аясындағы ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Олардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру арқылы екіжақты байланыс қарқыны үдей түспек. Әсіресе, бүгінде көрші мемлекеттердің түрлі ведомстволары арасындағы әріптестікті нығайтып, ортақ […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Петропавлда телефон терроризмі үшін сотталған әйел

    АСТАНА, 5 қыркүйек. Петропавлда жергілікті тұрғын телефон терроризмі үшін сотталды, деп хабарлайды Интерфакс облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Министрліктің сейсенбі күні таратылған хабарламасына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айында әйел «Сокол» сауда үйінде салынған бомба туралы хабарлады. Арнайы қызметтер эвакуация жүргізіп,қажетті шаралар кешенін жасады, бірақ іздеу кезінде жарылғыш құрылғы табылмады. Полиция қызметкерлері жалған террорист […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Төрт рет тұрмыста болған ақтөбелік келіншектің күйеулерінен шеккен зардабы

    АСТАНА,5  қыркүйек. Ақтөбе қаласының тұрғыны NUR.KZ-ке берген сұхбатында оған жыныстық жолмен берілетін инфекция мен туберкулез ауруын жұқтырған күйеулері туралы әңгімеледі. Бірінші неке: «Менің күйеуім Сирияға барып, сол жерде қайтыс болды» Мен мектептен бастап дінді зерртеп,оқи бастадым.Ол кезде 17 жаста болатынмын. Оқуды аяқтағаннан кейін мен дос жігітке тұрмысқа шықтым. Ол әкесіз өскен бала, ал анасы біздің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: террористтерді біз өзіміз дайындаймыз.Өз отбасыларымызда

    Астана, 4 қыркүйек. Террорист деген кім, іске тартушыны қалай тануға болады, экстремисттік топтардан шыққан адамдармен қалай жұмыс жүргізу керек? Бұл туралы «AP» -ге берген сұхбатында Орталық Азиядағы Халықаралық түрмелерді реформалау өкілдігінің (PRI) радикалдансыздыру жөніндегі халықаралық сарапшысы Юлия Денисенко баяндады. «Адамға террористер жаман, оларға барма,деп айту жеткіліксіз» — Сот органдары «экстремист» пен «террорист» деген ұғымдарды бөлмей, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Назарбаев: терроризм мен экстремизм бізден жан-жақты шараларды қолдануды талап етеді

    АСТАНА, 3 қыркүйек. Саммитті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, саммитке Өзбекстан  Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның қатысып отырғанын ерекше атап өтті, деп Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты хабарлайды.  – Бүгінгі басқосуға құрметті қонақтардың келуі Түркі кеңесінің ықпал аясы кеңейіп, маңызы артқанын көрсетеді. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Скорость»: синтетикалық есірткі түрмеге қалай әкеледі

    АСТАНА.31 тамыз. Бейресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жастардың 60 пайызы есірткіге тәуелді. Бұл жайында қарағандылық заңгер Ботакөз Аманжолова мәлімдеді. Ең сорақысы, онымен күресуге құқық қорғау органдарының өзі дәрменсіздік танытып отыр. Себебі есірткі таратушылар әбден әккіленіп алған, әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейді. «Хабар24» телеарнасының тілшілері бұл мәселенің егжей-тегжейін қарастырды. Жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынатын жарнамалар қазір әлеуметтік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та қазақстандық Диас Қадырбаев босатылды

    АСТАНА, 31 тамыз. Бостондағы жарылысқа байланысты алты жылға сотталған Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шықты деп АҚШ-тың ақпарат құралдарына сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлайды. Оны енді Қазақстанға депортациялайды. Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қадырбаевтың мерзімінен бұрын босап шығатынын хабарлаған. 2013 жылы 15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады

    АСТАНА, 27 тамыз. Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді, деп Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты хабарлайды.  Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. – Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстан БҰҰ ҚК-де террористерге қатысты биометриялық ақпараттармен алмасуды ұсынды

    АСТАНА.27 тамыз.Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан төндіретін террористік қауіп-қатерлер ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында өз сөз сөйлеуінде атап өтті. В. Воронков БҰҰ […]
    • 6 Years ago
    • 0