Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Әскери қызметкерлерге жаңа заң жобасы туралы айтылды

    Маңғыстау. 13 ақпан. Маңғыстау облысы дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» мамандары Ақтаудағы №3502 әскери бөлімінде арнайы кездесу ұйымдастырып, мемлекеттің дін саласына қатысты ұстанған саясаты, діни ағымдардың алдын алу, деструктивті ағымдарға қатысты қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы баян етті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сұхбатқа қатысқан теолог-мамандар «радикализм», […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмге төтеп беретін талаптарды орындамаған 7 мектеп директоры айыппұл төледі

    Ақтөбе. 9 ақпан. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті стратегиялық нысандарды тексеру жұмыстарын бастады. Жыл басынан бері 40 нысан тексеріліп, 2 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбелік құқық қорғаушылары жыл сайын терроризмге қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер, стратегиялық аймақтар мен адам көп шоғырланатын нысандардың бәрі арнайы камерамен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, камерадағы жазба 30 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Алматының әскери органдарында діни экстремизмнің алдын алу онкүндігі өтті

    Алматы. 8 ақпан. Бүгін Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризимге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін діни-экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеология ықпалынан сақтау және түсіндіру» тақырыбында онкүндік өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Онкүндіктің басты мақсаты – еліміздегі діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мәжілісте ратификациялық заң жобалары мақұлданды

    Астана. 8 ақпан. Атап айтсақ, «Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап. Аталған заң жобасы бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасап, қосымша баяндамашы депутат Жанат Жарасов негізгі Конвенцияға қаралып отырған Хаттамамен енгізілетін өзгерістер Халықаралық теңіз ұйымы шеңберінде теңіз […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жаһанның құтын қашырған қатер

    Астана. 8 ақпан. Тегінде халқымыз «іштен шыққан жау жаман» деп бекерге айтпаған. Бұған бүгінгі күні жаһанның құтын қашырған терроризм мен экстремизм дәлел. Қиындығы сол, қастығын анық сездіріп, ашық келіп айқасатын жауыңдай емес, мұның аңысын аңдап, бағытын болжай алмайсың. Күтпеген жерден килігеді. Әрине әлем елдері күш біріктіріп, осынау зұлматпен күресіп те жатыр. Бірақ күрес күшейген сайын […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» атты семинар өтті

    Шымкент. 7 ақпан. Шымкент қаласы ИЧ 167/11 мекемесінде «Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Семинар жұмысына мекеме басшысы әділет майоры П.Исақбаев, ҚМДБ-ның ОҚО орынбасары М.Ақтамберді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Атырау облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

    Атырау. 7 ақпан. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. «Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Департаменті жүргізген шаралар нәтижесінде, Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық  және халықаралық  бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан жүйелі түрде […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда Сириядағы жанкештілерді емдеуді жоспарлаған әйел сотталды

    Қарағанды. 7 ақпан. Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 29 жастағы жергілікті тұрғынды ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау» 3-бөлімі, 58-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Сот шешімі бойынша енді ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінің құрылымында өтейді. Айта кетсек, Жансая Таңатарованың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жат ағымның жетегінде кеткен 16 адам құтқарылды — Алматы облысы

    Талдықорған. 2 ақпан. Халықтың діни сауатын арттырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бәрінен маңызды. Бұл бағытта бүгінде Алматы облысында құрамында 407 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жасайды. Бұл туралы TDKO KZ Талдықорған қаласында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  баспасөз мәслихатына сілтеме жасап хабарлайды. БАҚ өкілдері алдында өткен жылды қорытындылаған […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Әскери Ұлттық ұланда терроризмнің жолын кесу туралы әдістер айтылды

    Астана. 1 ақпан. ҚР Ұлттық ұлан әскери бөлімінде астаналық ІІД қызметкерлері қатысқан семинар сәрсенбі күні, 31 қаңтарда, болып өтті. Онда терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз етуде жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. «Ұсыныстың басты мақсаты – адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл мен алдын алу […]
    • 7 Years ago
    • 0