Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Астаналық жамағат арасында насихат жұмыстары жүргізілді

    Астана. 8 қараша. Халық арасындағы мақсатты топтарға ерекше түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Б. Есмахан, Б. Мырзаев және Ж. Дәуренов радикалды діни көзқарастағы адамдармен жеке кездесулер өткізіліп, оның ішінде түзету мекемелеріндегі сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Нұр Астана» мешітінде әйелдер жамағатымен кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы, Г.Раздыкова: «Біздің негізгі міндетіміз  ̶ зайырлы қоғамның дәстүрлері мен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҚМДБ: ақпарат саласы бойынша имамдар пулы жасақталады

    Астана. 8 қараша.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген діни мәселелер мен әртүрлі сауалдар бойынша түсініктеме, сұхбат беретін, телебағдарламаларға қатысатын имамдар пулы жасақталды. Қоғамдық діни пікір қалыптастыратын топтың құрамына мүфтияттың белді қызметкерлері, облыстың бас имамдары, теолог ғалымдар мен имамдар енді. Имамдар пулын жасақтаудағы мақсат – діни сала […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде сақалдылар сатып жүрген телефондарына тыйым салынған уағыздар салып жіберген

    Ақтөбе. 1 қараша. Ақтөбеде бетперде кигендердің базар жанындағы телефон сатушыларды тиеп алып кету оқиғасы алдағы күндері де болуы мүмкін. Оған себеп жоқ емес. Радикалдық бағытты ұстанушылар сататын телефондарына уағыз салып жіберуді тоқтатпай отырғаны белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. «Үлкен проблема бар. Ұрланған, болмаса ескі телефондарды сататын азаматтардың іс әрекеттерінде әлі де радикалды материалдарды тарату деректері […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Нұр-Мүбарак университетіне Қарағанды облысы жыл сайын 10 маманға грант бөледі

    Қарағанды. 25 қазан. Жыл сайын 10 теолог маман – бұл Нұр-Мүбарак университеті мен Қарағанды облысы арасында қабылданған өзара ынтымақтастық меморандумының басты шарттарының бірі. Дәл қазіргі уақытта Қарағанды өңірінде де дін саласын жетік білетін теолог мамандар тапшы.  Сондықтан  әкім Ерлан Қошанов мырза  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мырзамен кездесу барысында дін мамандарын даярлауға қатысты өзекті […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Әйелдер-қыздар сектороның» тың бастамасы

    Өскемен. 24 қазан. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының жұмысын жаңа бағытқа көтеру мақсатында бірқатар тың шаралар жоспарлап, жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. Мұнда әсіресе әйелдер мен қыздар  арасында діни сауаттылыққа жете мән беру, кері ағымдардың алдын алуға барынша назар аударылып отыр. «Біз қыздар мен әйелдерге кері ағымдардың жетегінде […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Еліміздің телеарнасында экстремизмге қарсы түсірілген тұңғыш көркем фильм жарыққа шықты

    Астана. 15 қазан. Қазақстанда экстремизмнің алдын алуға арналған тұңғыш көркем фильм экранға шықты. Сенбі күні 22:40-та «Асыл арна» телеарнасының эфирінен «Сергелдең» фильмі жарыққа шықты деп хабарлайды NUR.KZ. Аталған фильм Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мақұлдауынан өткен. «Асыл арна» телеарнасының төл өнімі еліміздегі экстремизм мен терроризм қауіпінің алдын алып, жат ағымда адасып жүрген […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Радикалдық ұйымдар қатарындағы жастар 80 пайызды құрайды – Нұрлан Ермекбаев

    Астана. 13 қазан. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ведомство басшыларының Халықаралық министрлік кездесуіне қатысты, хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі. Мәскеу қаласында өткен кездесу әлемнің 70-тен аса елінің өкілдерінің басын қосты. Аталған кездесудің мақсаты – жастар алдында тұрған қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Уағыз айтудың тәртібі бекітіледі

    Астана. 5 қазан. Астанада наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратының кезекті жиналысында осындай тапсырма берілді. Еліміз бойынша уағыз-насихат жұмыстарының бірыңғай тәртібі мен әдебі туралы арнайы ережені әзірлеу ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне жүктелді, «Өздеріңіз жақсы білесіздер, әлеуметтік желілер мен электронды ақпарат құралдарында кейбір тұлғалар уағыз айту барысында қоғамымызда қалыптасқан құндылықтарды, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Министр Нұрлан Ермекбаев бір айлық жалақысын қайырымдылық қорына аударды

    Астана. 5 қазан. Бүгін Астанада өткен қазақстандық «Уақып» қоры корпоративтік қайырымдылық қорын таныстыру рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бір айлық жалақысын жарна ретінде қорға аударып, қайырымдылық жасады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. «Уақып» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда игілікті, сауапты істер жасауға ниетті адамдар қатары […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сауалнама: Мектепте хиджаб киюге рұқсат беру керек пе?

    Астана. 2 қазан. Қазақстан республикасы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов былай деп жауап берді. «Білім және ғылым министрілгінің мектеп формасына қатысты №26 бұйрығы бар. Оның ішінде білім алушылар мен олардың ата-аналары мектеп формасын сақтау және қамтамасыз етуге міндеттілігі анық жазылған. Сондай-ақ «Діни қызмет және […]
    • 7 Years ago
    • 0