Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елорда тұрғыны экстремисттік сипаттағы материал таратқаны үшін жауапқа тартылады

    Астана. 20 сәуір. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқарма қызметкерлері таныстарына экстремисттік сипаттағы бейнематериалдар жіберген елорда тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полиция хабар бергендей, 33 жастағы әйел WhatsApp арқылы қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бейнематериалдарды таратқан. Заңнама бойынша қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Елбасы Діни басқармасының өкілдерімен діни құндылықтар туралы сөйлесті

    Астана. 19 сәуір. Ел ішінде діни құндылықтар дұрыс дәріптелуі керек. Ол үшін имамдар мен ұстаздардың сауатын арттыруға басымдық берілуі тиіс. Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы өкілдерін қабылдауы кезінде Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев саладағы жұмыстар Рухани жаңғыру идеясымен қабысуы керектігіне жеке тоқталды. Ақордадағы бұл рухани кездесудің мәні бөлек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан мұсылмандар Діни […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ІІ Республикалық имамдар форумының үндеуі жарияланды

    Астана. 19 сәуір. «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумында «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы бекітіліп, Үндеу қабылданды Үндеудің толық мәтіні: Біз, дін, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ІІ республикалық имамдар форумына […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Атырауда терроризм мен экстремизм мәселелерін талқылады

    Атырау. 19 сәуір. Елдегі және көрші мемлекеттердегі лаңкестік жағдайларға байланысты Атырау облысында бүгін терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар басталды, — деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі. Бес бағытқа бөлінген жұмыс жоспары бойынша таңертең Жылыой аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің қатысуымен актив жиналысы өтіп, Жылыой ауданындағы үш күндік жұмыс […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Қазақстан сириялық Алеппо қаласы маңында орын алған террористік әрекетті қатаң түрде айыптайды — ҚР СІМ

    Астана. 18 сәуір. Қазақстан сенбі күні, 15 сәуірде, сириялық Алеппо қаласы маңында орын алған террористік әрекетті қатаң түрде айыптайды, хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі. Бұл қылмыстан үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы тиісті уағдаластықтың шеңберінде Әл-Фуа және Кефрая аудандарынан көшіліп жатқан 100-ден астам адам құрбан болды. Сирия халқына, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулары өтуде

    Талдықорған. 18 сәуір. ҚазАқпарат — Алматы облысында терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы оқу-жаттығулар өтуде деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ҚР «Терроризмге қарсы күрес» Заңының 12-ші бабы, 1-тармағы және 13-бабының 3-тармағын негізге ала отырып, 18 сәуірде сағат 08:30-да Алматы облыстық антитеррорлық операциялар штабы жұмысын бастады. Мұндағы мақсат жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террористерді қауіпсіздендіріп, олардың келтірген […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Экстремисттік мақалаларды әлеуметтік желіде таратқаны үшін 21-жастағы павлодарлық тұтқындалды

    Павлодар. 17 сәуір. Павлодардың 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде экстремисттік бағыттағы мақалаларды жариялағаны үшін тұтқындалды, деп Tengrinews.kz тілшісі  Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жергілкті полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 2017 жылы 10 сәуірде Павлодар қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша басқарманың қызметкерлері арнайы қызмет сарбаздары және ҰҚК қызметкерлерінің көмегімен 1996 жылы туған Ж. […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Қостанай тұрғыны өзінің пәтеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады

    Қостанай. 12 сәуір. Бүгін таңертең Қостанай тұрғыны полицияға қоңырау шалып, өзінің пәтеріне жарылғыш зат қойылғанын айтты, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі. «Оқиға орнына келген полицейлер мен мүдделі қызметтер жарылғыш затты таппады. Ер адамның мас болғаны, осылайша «әзілдегісі» келгені анықталды», — деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінде. Жалған хабарлама фактісі негізінде ҚР ҚК 273 бабы бойынша […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде аудан әкімі білікті теолог іздеп жүр

    Ақтөбе. 11 сәуір.  Ақтөбенің Мұғалжар ауданында діни ахуал қиын. Сондықтан бұл ауданда діни орталық ашылып, әкім Ербол Данағұлов білікті теологтар іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбенің Мұғалжар ауданында жат ағым жетегінде жүргендер әлдеқайда көп. Қазіргі күні есепте 450 адам тұр. Көбі отбасылы, балалы-шағалы. Есеп бойынша, барлығы 192 отбасының діни көзқарасы аудандық ішкі саясат жанынан […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарына енетін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады — Назарбаев

    Астана. 11 сәуір. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты. «Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, біздің еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болған жағдайда ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымында […]
    • 8 Years ago
    • 0