Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚР Президенті ҰҚК реформалау мәселелері жөніндегі жарлыққа  қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр.2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды, деп ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Қырғызстанның күш қызметтері арнайы операция барысында 1,8 млн. доллар болатын есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Қырғызстан ІІМ Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес қызметі мен Қазақстанның күш құрылымдарының қызметкерлері бірлесіп Орталық Азияға синтетикалық есірткі тасымалдау және оны интернет арқылы сатумен айналысқандардың тұрақты желісін анықтады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қырғызстан ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін анықтау және қолға түсіру бойынша арнайы операция 2021 жылдың қарашасынан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін Павлодар қаласының тұрғынына айыппұл салынды

    ПАВЛОДАР, 18 мамыр. Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар қаласының экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады. -Тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған. Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Өскемен соты тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан азаматқа айыппұл салды

    ӨСКЕМЕН, 17 мамыр. ШҚО-да тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9 қаңтарда ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 32 жастағы тұрғынымен тыйым салынған діни әдебиеттің тарату фактісін анықтады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Салафия деструктивті діни бағыттағы 17 кітап пен сегіз диск табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар ШҚО […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Президенті Мәскеуде өткен ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне і қатысты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты, деп Ақорда хабарлайды.  Мерейтойлық жиынға Қазақстан көшбасшысынан басқа Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ресей Президенті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Елорда маныңда жасырын есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН,16 мамыр. Ақмолалық полицейлер жасырын есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қосшы қаласы полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Лесная поляна тұрғын үй массивінің аумағында 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан темекі шегуге арналған қолдан жасалған құралдар және ішінде өсімдік тектес заты мен ерекше иісі бар 100-ге жуық сіріңке қорабы тәркіленді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Павлодарда есірткі курьерінен синтетикалық есірткі тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 16 мамыр. Павлодарда есірткі курьері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел қызметкерлері өзін байыту мақсатында тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 32 жастағы есірткі курьерін ұстады. – Ер адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде салмағы 700 грамнан асатын кристалды заттар табылды. Кейін жасырын қоймадан тағы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында Telegram арқылы есірткі сатқан шымкенттік ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 16 мамыр. Түркістандық полицейлер ірі көлемде синтетикалық есірткілерді әлеуметтік желі арқылы сатып жүрген шымкенттік жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шалбарының қалтасына және бірнеше жерге көміп, есірткі сақтаған, оған қоса Telegram арқылы сатқан ер адамды ұстады. Ер адамнан айғақты зат ретінде 50-ден астам полиэтилен пакетке салынған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Теріс ағымды насихаттаушылары заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттыруда

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. Бүгінде «діни радикализм» сөз тіркесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Соңғы жылдары еліміздегі діни ахуал тұрақталып, бір қалыпқа келгенімен, деструктивті діни идеологиялар таралып жатқан жоқ деп айтуға ертерек. Өйткені, теріс ағымды насихаттаушылар бұрынғыдай көзге түсіп көшеде әрекет етуден гөрі енді заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттырған. Радикалды көзқарастардың қатері […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 14 мамыр. Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шекарадан гашиш алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық тұрғын өзінің басқаруындағы Daewoo Nexia автокөлігімен Қазақстанға өтерде оған Джайма атты ит белгі берді. Оқиға […]
    • 2 Years ago
    • 0