Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

    АТЫРАУ, 06 наурыз. Атыраулық полицейлер ер адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырауда қала тұрғыны аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған. Анықталған 30 жастағы күдіктіні Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп 1 наурыз күні жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында ұстады. Тұрғынның үйін […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Талдықорған полицейлері жергілікті тұрғыннан аса үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 04 наурыз. Полицейлер 23 жастағы талдықорғандықтан синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Еркін ауылын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін тоқтатты. Көлік жолаушысынан ұнтақ тәрізді сұр түсті 175 түйір табылды. Сараптамаға сәйкес алынған зат синтетикалық есірткі болып шықты. – Сондай-ақ, ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ұқсас заттар, электрондық таразылар, өлшеуіш қасықтар, скотч, қалташалар және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шымкент полицейлері жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі

    ШЫМКЕНТ, 02 наурыз. Шымкент полицейлері екі жігіттен жарты келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде екі жас жігіт полиция қызметкерлерінің назарына ілінді. – Біз оларды қала көшелерінің бірінде BMW автокөлігінің ішінде отырған жерінен қолға түсірдік. Көлікті тексеру барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жолаушының сөмкесінен синтетикалық есірткіге ұқсас […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Таразда 62 атыс қаруы тәркіленді

    ТАРАЗ, 02 наурыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қ. жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қару-жарақты табу және алу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін қаруы бар 8 «көмбе» табылды. Арасында «Калашников» автоматы, әртүрлі модификациядағы пистолеттер, тегіс ұңғылы мылтық және «келте мылтық» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда ірі синтетикалық есірткі зертханасы жойылды

    АЛМАТЫ, 28 ақпан. Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Синтетикалық есірткі шығаратын цех Қалқаман шағын ауданындағы жеке үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Белгілі болғандай, үй өткен жылдың қазан айында жас жігітке жалға берілген. – Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек түріндегі заттарды, химиялық заттар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Теолог: Діни радикализмнің салдарымен емес, себебімен күресу керек 

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан.  Елдегі экстремизм және терроризммен күрес, діни сауаттылық, дін саласындағы мамандардың әлеуметтік жағдайы, сонымен қоса деструктивті ағымдардың таралуына тосқауыл қою мәселелері бүгінде ерекше өзекті. Осы орайда теолог, сарапшы Жандәулет Сүлейменовпен ҚазАқпарат сарапшысы  сұхбаттасқан.  — Жандәулет Отарбайұлы, алғашқы сауалымды еліміздегі діни экстремизмнің пайда болу және таралу себептерінен бастасақ. Жалпы ел аумағында діни экстремизмнің таралуына […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бүкіл Қазақстан бойынша 1 наурыз күні құлақтандыру дабылы іске қосылады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан.Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтауда синтетикалық есірткі сатып келген жергілікті тұрғын ұсталды

    АҚТАУ, 25 ақпан. Маңғыстау облысының полицейлері синтетиканың жеткізу арнасын жапты, деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысының полицейлері синтетиканың жеткізу арнасын жапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 700 грамнан асатын екі бума мефедрон алынды. Осылайша 1400-ден астам бір реттік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жасар қыз ұсталды

    ОРАЛ, 24 ақпан. Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, одан құрамында есірткі бар препараттар тәркіленді. Қазіргі кезде тергеу облыс аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтау үстінде. «Есірткіні заңсыз тарату дерегі бойынша 2003 жылғы қыз қолға түсті. Тінту іс-шаралары кезінде ұсталған күдіктінің орнынан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Атырау полицейлері заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіледі

    АТЫРАУ, 24 ақпан. Атырауда заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, «Дәрмек» іс-шарасы кезінде психотроптық дәрілерді заңсыз сатудың 3 дерегі тіркелген. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар […]
    • 2 Years ago
    • 0