Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматы ҰҚК департаментінің және ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы басшылары тергеліп жатыр

    АЛМАТЫ, 17 ақпан. Бас прокуратура ҰҚК-нің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты бас прокуратура Sputnik Қазақстанға берген жауабында растады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз», — делінген бас прокуратураның жауабында. Сондай-ақ бас прокуратура «тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын» хабарлады. Айта […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 16 ақпан. Түркістан облысының полицейлері экстремистік материалдарды жариялаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының полицейлері мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері интернетте экстремистік сипаттағы тыйым салынған материалдарды орналастыру дерегін анықтады. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ВКонтакте және Telegram парақшаларында діни алауыздық белгілері бар экстремистік бейнероликтер мен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Петропавл мен Өскеменде синтетикалық есірткі  сатушылары ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 ақпан.2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Заңсыз айналымнан 2 кг астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы алынды. Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

    АЛМАТЫ, 15 ақпан. Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Трафаретті жарнама науқаны қаланың Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында өтті. Оған полиция қызметкерлері, еріктілер және жанашыр азаматтар қатысты. – Айтпақшы, еріктілер мен белсенділер есірткі қылмысымен күрестегі біздің тұрақты серіктестеріміз. Қоғам заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жамбыл полицейлері қаңтар айында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды тәркіледі

    ТАРАЗ, 15 ақпан. Жамбылдық полицейлер қару жасырған 19 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Осы жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде. 10-11 ақпанға қараған түні Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу кезінде үй маңындағы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Елімізде мемлекетке опасыздық және  билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен 15 іс тергелуде

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан.Президентке «қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты азаматтар мен құқық қорғаушылардың мәліметтері негізінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде 3070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берілді. Оның 2710-ын,  соның ішінде, негізінен, ұрлық, тонау, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы тұрғынынан сегіз “Сайга” қаруы тәркіленді

    АЛМАТЫ, 13 ақпан. Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды. – Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шымкентте 30-дан астам есірткі жарнамасын жойылды

    ШЫМКЕНТ, 11 ақпан. Шымкенттік полицейлер 30-дан астам есірткі жарнамасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 ақпанда Абай ауданының Полиция басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары өз әкімшілік аумағында орналасқан ғимараттардың сыртқы қабырғаларына бейнеленген есірткі жарнамаларын жою жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары Жарқымбеков көшесіндегі ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттеріндегі есірткі заттарын жарнамалайтын графикалық жазбаларды анықтап, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мас адам Петропавлдағы тұрғын үй мен дәріхананы «миналады»

     ПЕТРОПАВЛ, 09 ақпан. Мас ер адам Петропавлдағы үйлердің біріне “мина қойған”, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО полицейлері “телефон терроризмін” болдырмау үшін жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік желілердегі ескерту, учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық жұмыстары – тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін ірі көлемдегі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады. Қаңтардың 9-ы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткінің өндірісі бойынша ірі есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері елорданың және Қарағанды облысының есірткі полицейлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Family Village” коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткінің өндірісін жолға қойып, қала аумағында олардың көтерме саудасымен айналысқан екі жас қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары […]
    • 2 Years ago
    • 0