Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҚР ҰҚК ШҚ Алматы қаласының стратегиялық маңызды нысандарын басып алуға жол бермеді

    АЛМАТЫ, 12 қаңтар. ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында есірткі жасаумен айналысқан екі шетел азаматы ұсталды

    АЛМАТЫ, 11 қаңтар. Алматылық екі тұрғын есірткі жасаумен айналысқан шетелдік таныстарын ұстап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz . Оқиға 11 қаңтарда таңертең Алматы облысы Талғар ауданында болған. Таңғы сағат 5.00 шамасында Тұздыбастау ауылында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер түнгі тексеріс барысында Mercedes автокөлігін байқаған. Көлік ішінде күдікті адамдар болған. «Көлікте екі ер адам және екі әйел отырды. Олардың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін шығару екі күннен кейін  басталады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар.ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін — 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады, деп Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «ҰШҚҰ жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда полицейлер террористерге қаруды иемденуге жол бермей ерлікпен қаза болды

    АЛМАТЫ, 11 қаңтар. Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде өз өмірін қауіпке тігіп, шабуыл жасағандардың қаруды иемденуіне жол бермей, қаза болған полицейлер туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство мәліметінше, 5 қаңтарда атыс қаруы, граната және жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелермен қаруланған бір топ адам Алматы қаласының Алмалы облысы бойынша полиция басқармасына шабуыл жасаған. Шабуылшылар ғимаратты басып алып, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Алматы қаласы және Алматы облысында өткізілген арнайы операциялардың нәтижелері

    АЛМАТЫ, 11 қаңтар. 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері  мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жеке бастарын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында  демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президентімен келіссөз жүргізді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті, деп Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында хабарланады. Өзара достық пен сенімге негізделген әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі ішкі саяси ахуалды және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын талқылады. Шарль Мишельдің өтініші […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК ШҚ қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операциялар басталғалы дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтар құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды құрықтады, олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды6 деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қылмыскерлерді қолға түсіру кезінде: 30 бірлік қару (тегіс ұңғылы — 22, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • СҚО тұрғыны ТЖ режимі жағдайында құқықтық тәртіпті бұзуды насихаттағаны үшін қамауға алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 11 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті пабликтердің әкімгері өз парақшасында экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттап, митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық сотының үкімімен жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері төтенше жағдай режимінде қоғамдық тәртіпті бұзуға арандатқаны үшін […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Тоқаев:Лаңкестер Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келген

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында лаңкестер тәртіп күштерін өзіне тартып, Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Қазақстан Республикасындағы жағдай тұрақтанды және бақылауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды. Аса маңызды […]
    • 2 Years ago
    • 0