Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жыл басынан бері террористік әрекетке шақырғаны үшін Түркістан облысының  5 тұрғыны сотталды

    ТҮРКІСТАН, 26 қазан. Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейнематериалдарды тарату күдігі бойынша 22 қылмыстық іс тіркелген. Бүгінде аталмыш деректердің ішінде 7 қылмысқа қатысты 5 күдіктіге соттың үкімі шықты.Бұл туралы «otyrar.kz» басылымына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мәселен, 5 күдіктінің үшеуіне тоқталар болсақ, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында Кәрім Мәсімовтің қазақстандық арнайы қызметі туралы кітаптары  жарық көреді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітаптардың шығатынын айтты.  Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Aiqyn хабарлады. Кәрім Мәсімовтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары елдің барлық аймағын және мемлекеттік шекараны аралады. Жұмыс сапары аясында жедел қызметкер мен шекарашының ерен еңбегі туралы халықтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері 8,5 келіден астам есірткі тәркіледі

    АЛМАТЫ, 26 қазан. Алматыда полицейлер бес ер адамнан 8,5 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласының тәртіп сақшылары марихуана сатумен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ 35 пен 52 жас аралығындағы бес адамнан құралған. Бәрі Алматы облысының тұрғыны. Негізгі тұлға – 1983 жылы туған Д.есімді азамат. «Жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті дәлелденді. Анықталғандай, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылорда полицейлері синтетикалық есірткі таратушысын ұстады

    ҚЫЗЫЛОРДА, 25 қазан. Қызылордада есірткі “қойып кетуші” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлерімен 4 қазан күні басталған “Рефлекс-2021” жедел-профилактикалық шарасы барысында 22 қазан күні облыс орталығында аса ірі көлемде синтетикалық “меткатинон”, “мефедрон” есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғыны құрықталды. Күдіктінің мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырауда синтетикалық есірткіні көшелерде жасырған ер адам ұсталды

    АТЫРАУ, 24 қазан. Атырау полицейлері синтетикалық есірткіні көшелерде жасырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазан айында Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған синтетикалық есірткіне заңсыз сақтап келген азаматты ұстады. – Белгілі болғандай, 32 жастағы азамат қала аумағында бірнеше жерге синтетикалық есірткіні жасырып үлгеріпті. Жалға алынған пәтерін тексеру кезінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 66 жасар Екібастұз тұрғыны саябақты «миналаған»

    ЕКІБАСТҰЗ, 23 қазан. Бомба туралы жалған хабар таратқан Екібастұз тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылады, деп Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды. Өткен сейсенбі, 19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз біреу телефон соғып, саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтты. Оқиға орнына дереу шұғыл күштер аттанды. Саперлер мен кинолог қызметтік итпен бірге бүкіл аумақты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

    ТАРАЗ, 22 қазан. Жамбыл облысында көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шу станциясында көлік полициясы қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан 26,5 келі «марихуана» есірткісі тәркіленді. Анықталған есірткі партиясы өте үлкен мөлшерге жатады. Ұсталған адам «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сенаторлар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесін көтерді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Бір топ сенатор ішкі істер және білім министрлеріне депутаттық сауал жолдап, оқу орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмысты қолға алуды талап етті, деп хабарлайды putnik ҚазақстанғаS сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев Ресейдің Қазан және Пермь қалаларында болған қанды оқиғалады еске алып, білім беру ұйымдарының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының полицейлері бір келіден астам гашиш пен 30 келіден  астам марихуана тәркіледі

    ТАРАЗ, 21 қазан. Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 18 қазанда республикалық “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ “Рефлекс-2021” өңірлік операциясын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлескен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының аумағында “марихуана” есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері жергілікті  тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі

    АЛМАТЫ, 20 қазан. Алматы полицейлері синтетикалық есірткі әуесқойларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әуезов ауданының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 32 жастағы Алматы тұрғынынан психотроптық заттар салынған сегіз буманы тапты және тәркіледі. Ұсталған адам бумаларды кездейсоқ тапқанын және оларды өзіне қалдыруға шешім қабылдағанын айтты. Полиция қызметкерлері 1995 жылы туған тағы бір жергілікті тұрғынды 31 бума синтетикалық есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0