Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысында героин сатумен айналысқан күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 12 қазан. Жамбылдық полицейлер героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірдің 59 жастағы тұрғыны «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы мен «Рефлекс-2021» өңірлік операциясы кезінде қолға түсті. Аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын сатумен айналысқан күдіктіні Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін бұрын сотты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Қарасора-2021” республикалық ЖАІШ өткізу барысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 қазан. Жамбылда ер адамнан 160 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады. Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда үш орта білім мекемелеріне миналау туралы  жалған хабарламалар келді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектептің маңында түсірілген видеолар жарияланды. Роликтерден білім мекемелерінің жанындағы қоршауды, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін көруге болады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Полицияның мәліметінше, елорда білім беру мекемелеріне бомба қойылғаны туралы хабар келіп түскен. Тексерістен кейін хабарламалардың жалған екені анықталды. «102» каналына белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы орта […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өскеменде синтетикалық есірткіні «қойып» кету жолымен таратқан 29 жасар ер адам ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 11 қазан. Іш киіміне есірткі жасырған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде психотроптық заттарды қойып кетушіні ұстады. – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам ұсталды, ол жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен сатумен айналысқан, яғни […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырауда рейд кезінде сауда орталығында тыйым салынған діни кітаптар сатылғаны анықталды

    АТЫРАУ, 11 қазан. Атырауда сауда орталығындағы дүңгіршекте тыйым салынған діни кітаптар сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5-7 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның орындалысын бақылау мақсатында сауда орталықтарында рейд өткізді. Рейдке облыстық дін істері басқармасының өкілдері қатысты. «Бірлескен рейд кезінде Атырау қаласындағы қайырымдылық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері елімізде есірткіге қатысты 2 мыңға жуық қылмыс тіркелді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Елде жыл басынан бері 2 мыңға жуық есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп жазады Хабар24. Оның айтуынша, 1136 есірткі өткізу және 326 нашаны ірі көлемде сақтау дерегі анықталды. Сондай-ақ ол ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілгенін айтты. Олардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Нұр-Сұлтанда терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб «Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп Sputnik Қазақстан-ға  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Горький көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №29 орта мектептің аумағындағы оқу-жаттығу бүгін сағат 8:00-де басталды, ол 13:00-ге дейін жалғасады. «Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында терактіні жою дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдану», — деп хабарлады […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл полицейлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 17 келіге жуық гашиш тәркіледі

    ТАРАЗ, 08 қазан. Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаған елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Шу-Қордай” автожолында Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Онда “Тея” атты қызметтік итімен автокөлікті тінту кезінде 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 16 келі 730 грамм “гашиш” есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызметтік ит кеден бекетінде есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстауға көмектесті

    ТҮРКІСТАН, 08 қазан. Түркістан полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш ауданының сақшылары Жібек жолы кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан елінің азаматын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, бақылау бекетінің қызметкерлері ҚР-нан Өзбекстан Республикасының аумағына өтпек болған ер азаматтың билетін тексеріп жатқан кезде, “Белка” атты қызметтік ит бірнеше […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан.Елорда аумағында 3 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Қазіргі уақытта есірткі заттарының заңсыз жарнамасы түрлі формаға бейімделген. Олардың қатарында граффитти, сурет, барлық баспа өнімдері, үнпарақ, жапсырма бар. Тіпті, бильбордтарға QR-код таңбалау арқылы заңсыз жарнаманы тарату фактісі де […]
    • 3 Years ago
    • 0