Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Қызылордада әлеуметтік желідегі жеке парақшасында тыйым салынған діни аудиоматериалдарды сақтаған тұрғын ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қыркүйек. Қызылордада тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған 40 жастағы тұрғын белгілі болды. Оның деструктивті діни ағымды ұстанатыны анықталды. «Оған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Химиялық өлім»: Алматы полициясы «синтетиканың» зияны туралы фильм шығарды

    АЛМАТЫ, 16 қыркүйек. Алматы қалалық полиция департаменті «Химиялық өлім» атты деректі фильм шығарды. Бес минуттық бейнебаянға синтетикалық есірткі жасайтындарды ұстау операцияларының хроникасы енді. Сондай-ақ, полицейлер ондай есірткі қолданғандар қандай күйге түсетінін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Психиатр-нарколог Анна Трубникованың айтуынша, синтетикалық есірткі – өте ауыр. Адам оны бір рет шеккеннен-ақ тәуелді болып қалады. «Көбісі синтетикалық есірткі героиннен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бір апта ішінде СҚО-да заңсыз айналымнан 15 келіден астам түрлі есірткі алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 қыркүйек. Бір апта ішінде СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі 2 есірткі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО полицейлері өз қызметінде есірткілік және психотроптық дәрі-дәрмектерді пайдаланатын медициналық мекемелерді, өндірістік кәсіпорындарды, қоймаларды, дәріханаларды тексерді. Апта бойы бұл жұмыс “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Оның мақсаты – бақылаудағы есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Интернет арқылы есірткі саудалаған БҚО-ның екі тұрғыны қолға түсті

    ОРАЛ, 15 қыркүйек. БҚО-ның екі тұрғыны облыс орталығында интернет желісінде есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұтхан Аблазимовтың мәлім еткеніндей, орман алқабында, сондай-ақ күдіктілердің мекенжайларын тінту кезінде 1 келіден астам ұнтақ есірткі заттары, 55 таблетка амфетамин және 500 грамға жуық өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді. Қабылданған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб басшыларының конференциясы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек.  Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының конференциясы өтті, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Бала трамадолды пайдаланса да, ата-ана байқамауы мүмкін…»: полиция ата-аналарды аса сақ болуға үндеді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің түрі көп. Кейбірінің құрамында есірткі бар. Кез келген дәріні мөлшерінен тыс қолданса, адам есінен танады, деп есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановқа сілтеме жасап Айқын порталы хабарлайды. «Соның ішінде ең қауіптісі – трамадол препараты, синтетикалық героин. Осыдан нашақорлық басталады. Трамадолға тәуелді адамды бірден анықтау қиын. Нашақор […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық әскери қызметшілер «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы оқу-жаттығуына қатысады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Қазақстандық әскери қызметшілер ШЫҰ елдерінің «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады, деп  қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады. Бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясы Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстанның Қарулы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғыны ауласында 4,5 келі сора өсірген

    ТҮРКІСТАН, 13 қыркүйек. Шардара ауданының тұрғына ауласына сора өсірген, Полиция 4,5 келі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде есірткі өсіріп жүргені хабарланған. Полиция қызметкерлері аталмыш тұрғынның ауласына есірткіге ұқсас өсімдікті өсіргенін анықтады. «Белгілі болғандай полицейлер күдіктінің ауласынан бірнеше түп есірткі өсімдігін жұлып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Елімізде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді — ҚР ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Биыл полиция қызметкерлері есірткі саудалайтын 810 интернет порталдың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады, деп 24.kz жазады.  Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетті. Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысында 2,5 мыңға жуық түп сора өсірген үш ер адам ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 13 қыркүйек. Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. Жедел шаралар барысында 10 қыркүйек күні Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым далалық жерде ірі есірткі алқабы анықталды. Күдікті үш ер […]
    • 3 Years ago
    • 0