Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда мектептердің бірі «миналанды»

    АТЫРАУ, 18 қаңтар. Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді. Облыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

    АҚТАУ, 17 қаңтар.  Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қызылордада жеңіл автокөліктен 16 келі марихуана табылды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қаңтар. Қызылорда облысында жеңіл көлікпен 16 келіден астам есірткі тасымалдаған адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қармақшы ауданы тұсындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында тоқтатылған жеңіл автокөліктен есірткі табылды. «Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Жат ағымның арбауы үш сатыдан тұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Дінтанушы ғалым, ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исахан жат ағым өкілдерінің адамдарды арбауы үш сатыдан тұрады дейді, деп kazislam.kz  «Біріншісі — ерітіп, балқыту, екіншісі — санасын өзгертіп, өздеріне бейімдеу, ал үшіншісі — өз қалыптарына салып, қатырып тастау» — дейді ғалым. Мұхан Исаханның айтуынша, «әуелі, жат ағым өкілдері нысанаға алған адамына ерітіп, балқытатын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттаған үш жігіт сот алдына келді

    АҚТӨБЕ, 15 қаңтар. Ақтөбелік жұмыссыз үш жігіт моншада отырып лаңкестікке үгіттеген, — деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. Моншаға жуынуға келген жұртты лаңкестікке үгіттеген. Жат ағымның жетегінде кеткен ақтөбелік үш жігіт осы әрекеті үшін енді сот алдында жауап беріп жатыр. Айыпталушы орындығында отырғандардың үлкені — Бағдат Бисенбаев. Жасы 47-де. Жанына ерткен 27 жастағы серігі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткі сатып келген интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды

    ПЕТРОПАВЛ, 14 қаңтар.  Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-магазинді ұйымдастырды деген күдікпен Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі саудагерлері 8 қаңтар күні ұсталды. 30 және 28 жастағы екі жігіттің жалға алған пәтерінен сатуға дайындалған заттар: «тұз», «спайс», жазбалар, SIM карталар, смартфондар тәркіленді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткіні насихаттаумен бірлескен күрес ұйымдастырылды

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қаңтар. Тәртіп сақшылары, депутаттар, білім беру өкілдері мен қоғамдық көмекшілер есірткі заттарын насихаттауға қарсы шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметовтың төрағалығымен заңсыз есірткі жарнамалау немесе насихаттау мәселелері бойынша, қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түсіндірме жұмыстары […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткі сатқан мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қаңтар. 23 жастағы педагог синтетикалық есірткілерді заңсыз сақтау және сату бойынша кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Қарағандыдағы мамандандырылған мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтады және сатты, сондай-ақ есірткі құралдарын маркетингтік мақсатсыз заңсыз сақтады деп айыпталған. «Сотталушы осы баптар бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға жаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  you tube арнасында күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар көрсетілген бейнеролик орналастырылған. Бейнероликте қоғамдық орындарда, кіреберісте, көшеде және т.б. жерлерде  күдікті зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу керек  делінген. Егер иесі табылмаса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сонымен қатар, роликте ықтимал қауіпті затқа тән ерекшеліктер, осы затты байқаған кездегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодар тұрғынынан 200 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 13 қаңтар. Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі партиясын тәркіленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған ер адам қала аумағында аса ірі көлемде психотроп заттарды әр жерге жасырып тастаған. Ер адамның тұрғылықты мекенжайында 200 грамм болатын (аса ірі көлем болып табылады) 96 полиэтилен орамасы табылып, тәркіленген. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, […]
    • 4 Years ago
    • 0