Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда  «Mad Men» тобының мүшелері синтетикалық есірткі  сатқаны үшін сотталды

    АЛМАТЫ, 27 сәуір. Алматыда музыкалық топтың мүшелері психотроптық заттар мен есірткіні сату мақсатында дайындап, сақтағаны үшін ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Q-pop Mad Men» тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық топты құру, оған жетекшілік ету, аса ірі мөлшерде психотроптық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Барша православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтаймыз

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барлық православ христиандарын жарқын Пасхамен шын жүректен құттықтайды! Бұл жарқын мереке  мейірімділік, жанашырлық, өзара түсіністік, жанқиярлық және кешірімділік сияқты маңызды адами қасиеттерді бейнелейді . Көпұлтты және көпконфессиялы елімізде түрлі діни сенім өкілдері арасында өзара сыйластықтың игі дәстүрлері қалыптасты. Бұл халқымыздың толеранттылығы мен даналығы, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда белгісіз біреу жеті мектепке «жарылғыш зат орнатты»

    АЛМАТЫ, 20 сәуір. 19 сәуір күні кешкісін Алматыдағы жеті мектепте «жарылғыш зат қойылды» деген хабар келіп түсті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. «Кеше кешкісін қаладағы жеті мектепте жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар қызметі тексеріс жүргізді, сапер бөлімшелері нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады», — деп Алматы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау күдігі бойынша бір топ адамды ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Н.Назарбаев халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таралған

    НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір.Астанада әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 8 сәуір күні кешке Н.Назарбаев халықаралық әуежайының электронды поштасына «әуе айлағына мина қойылғаны « туралы анонимді екі хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жедел әрекет ету қызметі келіп, нысанды тексергенімен жарылғыш құрылғылар мен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Оқу-жаттығу барысында Қазақстан әскери қызметшілері бандалық топтар «басып алған» елді мекенді босатты

    АЛМАТЫ, 15 сәуір. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңінде қалалық жағдайда жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің тактикалық тәсілдерін пысықтады, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Елді мекендерде ұрыс жүргізудің ерекшелігі жеке құрамның даярлық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы мен оның бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҰҚК мәлім мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреулер Минск-Алматы рейсінің миналанғаны туралы хабарлады

    АЛМАТЫ, 14 сәуір. Алматы халықаралық әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшаққа жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «жарылғыш зат» туралы ақпарат расталмады. «Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Ұшақта 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болды. Әуе көлігі Алматыға түнде келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен келіссөздер өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір.Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді, деп Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды. Биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қызылордада 11 келіге жуық марихуана тасымалдаған Орал тұрғыны ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 11 сәуір. Қызылордада 10 келі есірткі тасымалдаған Орал тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары 9 сәуір күні сағат 04:50-де Самара – Шымкент тас жолының 1 356 шақырымында патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл көлікті тоқтатқан. Құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында көліктің жүк салғышынан жолаушысына […]
    • 2 Years ago
    • 0