Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды

    АЛМАТЫ, 28 қантар. Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты. «Түске таман инспектор-кинолог “Абай” бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҚО да террористік қауіп-қатердің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады

    Орал, 27 қантар.  Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Батыс Қазақстан облысындағы жағдайдың тұрақтанғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының басшысы қабылдаған шешімге сәйкес, биылғы жылдың 28 қаңтарында сағат 00:00-ден бастап өңірде террористік қауіп-қатердің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады.Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қантар. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды, деп «Ақорда» сайтында хабарланған.  Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

    АЛМАТЫ, 27 қантар. Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды6 деп хабарлайды Zakon.kz. Терроризмге қарсы іс-шаралар ҰҚК қызметкерлері «А» арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыруда. ҚР ҚК 287-бабының 4-бөлігі, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы тұрғылықты мекен-жайында тінту […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талдықорғанда блок бекеттер алынып тасталды

    Талдықорған, 26 қантар. Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz. «Алматы облысында террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады»,- делінген хабарламада. Сондай-ақ Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок бекеттердегі қызметтері аяқталды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қантар. 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz. «Елордада 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшті», – деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб. Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Терроризмге қарсы операция режимін алып тастау және террористік қауіп деңгейлерін төмендету туралы

    АЛМАТЫ, 25 қантар. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб 2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимі және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі алып тасталатыны туралы хабарлайды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Осы уақыттан бастап көрсетілген өңірлерде террористік қауіптің жоғары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбе облысының тұрғыны тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды

    Ақтөбе, 25 қаңтар. Ақтөбе облысының тұрғыны тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мұғалжар ауданы Ембі қаласының 26 жастағы тұрғынының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында заңмен тыйым салынған діни материалдарды сақтағаны және WhatsApp мессенджерінде таратқандығы анықталды. 2021 жылдың 28 желтоқсанында №2 Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігімен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа құрылым Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президентінің кейбір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Қостанай облысында полицейлер героиннің ірі партиясын тәркіледі

    Қостанай, 24 қаңтар.  Қостанай облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, жеке кәсіпкерді ұстады. Одан жарты келіден астам героин тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі оның үйінде, жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен алынды. Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған сыбайласының пәтерінен бір реттік дозаларға оралған тағы 22 грамм героин […]
    • 3 Years ago
    • 0