Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматы облысында синтетикалық есірткі зертхана жұмысын ұйымдастырған екі бойжеткен ұсталды

    АЛМАТЫ, 30 қыркүйек. Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкере болды. Арнайы операция барысында полицейлер есірткі өндіруге арналған жабдықты, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті кристалды зат тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің психотроптық зат екені белгілі болды. Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының хабарлауынша, қазір екі адам ұсталған. Олар тыйым салынған тауарды Алматы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады. Отырыста өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы жағдай бүгінгі таңда Орталық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Алматыда 30 қыркүйек күні «Назар аударыңыздар!» деген дабыл қағылады

    АЛМАТЫ, 29 қыркүйек. Алматыда 30 қыркүйек күнi сағат 12:55- те дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  .«2021 жылы 30 қыркүйекте түскі сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде «Назар аударыңыздар!» хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарналардың жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақмола облысында «синтетиканы» жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 29 қыркүйек. Ақмола облысында тәуелділікке әкеліп соқтыратын есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды. Жасөспірім қыздан 230 таблетка тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел уәкілдер мектеп оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау облысында қарасора плантациясы жойылды

    АТЫРАУ, 28 қыркүйек. Атырау облысында қарасораның 507 бұтасы өсірілген плантация жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарасора плантациясы 19 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілген «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. «Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аумағында орналасқан орман алқабында қарасораға ұқсас өсімдіктер өсірілген. Сараптамаға сәйкес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҚО-ның 22 жасар тұрғыны үйінде мефедрон сақтаған

    ОРАЛ, 27 қыркүйек. БҚО полицейлері есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 жаcтағы облыс тұрғыны ұсталды. Ер адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді пакет, екі дана электронды таразы, полиэтилен пакеттер, электрлік таспалар тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жолданып, жалпы салмағы 105,37 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында қызметтік ит есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстауға көмектесті

    ТҮРКІСТАН, 24 қыркүйек. Белка қызметтік иті шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ӨР-нан ҚР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, Белка қызметтік иті белгі береді. Содан тексеру кезінде күдікті азаматтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР Мәжілісі терроризмді қаржыландыруға қарсы іс -қимыл туралы заң жобасын қарайтын болады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтті, онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы құрылды, деп хабарлайды zakon.kz . Палатаға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді талқылауды ұсынады. Заң жобасын депутаттар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  «Полицияның ғимаратына кіреміз, полицейлердің бәрін өлтіреміз»- бұрынғы радикалдың өкініші

    АҚТАУ, 23 қыркүйек. 2012 жылы 25 қазан күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Құрманқұл Ғабит Азаматұлына қатысты қылмыстық істі қарады.   2012 жылы Ақтөбе қаласының тұрғыны Бекбауов Жолмырза  өзі сияқты радикалдық бағытты ұстанған Байғанин ауданының тұрғыны Жолдығали Ерназар мен қандығаштық Құрманқұл Ғабитпен бірге мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету үшін құқық қорғау органдары […]
    • 3 Years ago
    • 0