Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылман  қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтайды. Бүгін айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауымы көптен күткен Ораза айт мерекесін атап өтуде. Рамазан айы — Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кеңпейілдікке, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының ТҚО кезектен тыс отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.    Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері синтетикалық  есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

    ТҮРКІСТАН, 11 мамыр. Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-не тұрғынның бірі есірткі затын сатады деген шұғыл хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, анықтау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты аудан көшелерінің бірінен анықтады. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан өзіндік өткір иісі бар зат табылып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жалған терроризм: Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Бүгін сағат 11:32-де елордалық полицияға Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсккен. Ал, мұндай хабарлама мектептің электронды поштасына келген.Бұл туралы Аzattyq-ruhy.kz хабарлайды.  Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Степногорда белгісіз біреу аялдамаға «бомба қойған» 

    КӨКШЕТАУ, 11 мамыр. Степногор қаласында жарылыс қаупі туралы жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 10-да сағат 13:00 Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Тексеру барысында тәртіп сақшылары ешқандай бомбаны таппады. «Жедел-іздестіру шарасы барысында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр.«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршаңызды 9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Осындай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін екі ақтөбелікке айыппұл салынды

    АҚТӨБЕ, 08 мамыр. Ақтөбе облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған ақпаратты сақтағаны үшін Ақтөбенің екі тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, Ақтөбенің 28 және 33 жастағы тұрғындарының жеке парақшасынан аудиожазбаларды тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН!

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды. 1992 жылғы 7 мамыр — елдің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау үшін құрылған ұлттық армия күні. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ұжымы сіздерді батылдық пен ерлік мерекесі  — Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Сіздерге әрдайым «қатарда» қалуыңызды тілейміз, шынайы ерліктің үлгісі болуды тілейміз. Еліміз өркендей […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау полицейлері заңсыз айналымнан жеті келіге жуық синтетикалық есірткіні тәркіледі

    АҚТАУ, 06 мамыр. Маңғыстау облысында полицейлер есірткі таратумен айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.  Ақтау – Құрық тас жолының бойындағы далалы аймақта полицейлер жеңіл көлікті тоқтатты. Көлікте автомобильді тізгіндеген жас жігіт пен анасы болды. Жеке тінту кезінде анасынан да, жігіттен те ештеңе анықталмады. Бірақ көлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ұнтақты зат салынған екі полиэтиленді пакетті, ақша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау полицейлері 5 млн теңге болатын синтетикалық есірткі тәркіледі

    АТЫРАУ, 05 мамыр. Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады. – Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0