Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • PПK/YBŞ-нің арнайы күштер жауапкері залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қантар. Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Ирактың Синджар аймағына бағытталған операциясымен террор ұйымы PПK/YBŞ-нің арнайы күштер жауапкері «Азад» лақапты Силеман Шемо Юсуфты залалсыздандырды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қауіпсіздік көздеріне қарағанда PПK/KCK бақылауындағы Синджардың Баб Шило аймағында террорист Силеман Шемо Юсуф мінген көлікке ҰБҰ тарапынан операция жасалды. Оқпен дәлдеп атылған көліктегі террористің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында лаңкестікке қарсы операциялар аяқталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қаңтар. Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды. Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералары орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды

    АЛМАТЫ, 28 қантар. Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты. «Түске таман инспектор-кинолог “Абай” бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • БҚО да террористік қауіп-қатердің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады

    Орал, 27 қантар.  Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Батыс Қазақстан облысындағы жағдайдың тұрақтанғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының басшысы қабылдаған шешімге сәйкес, биылғы жылдың 28 қаңтарында сағат 00:00-ден бастап өңірде террористік қауіп-қатердің орташа «сары» деңгейінің күші жойылады.Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Террорлық ұйыммен байланысы бар компанияларға тыйым салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қантар. Германия Федералдық әкімшілік соты Ішкі істер министрлігінің сепаратистік террорлық ұйым КЖП-мен байланысы бар «Месопотамия» баспаханасы және «MIR Multimedia» атты компаниясының істеріне тыйым салуын бекітті, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Лейпцигте болған сотта «MIR Multimedia» мен «Месопотамия» баспаханасының террорлық ұйыммен байланысы бар екеніне үкім берілді. Соттың үкімінде баспахананың коммерциялық істерінің террорлық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қантар. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды, деп «Ақорда» сайтында хабарланған.  Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде трансұлттық ҰҚТ-ның тағы бір қатысушысы ұсталды

    Ақтөбе, 27 қантар. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының тағы бір байланысын анықтады. Ақтөбе қаласында есірткі өндіретін және сататын 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұған дейін 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар ірі ұстаулар болды. Сол кезде сатуға дайын 25 келіден астам есірткі және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

    АЛМАТЫ, 27 қантар. Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды6 деп хабарлайды Zakon.kz. Терроризмге қарсы іс-шаралар ҰҚК қызметкерлері «А» арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыруда. ҚР ҚК 287-бабының 4-бөлігі, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы тұрғылықты мекен-жайында тінту […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Талдықорғанда блок бекеттер алынып тасталды

    Талдықорған, 26 қантар. Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz. «Алматы облысында террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады»,- делінген хабарламада. Сондай-ақ Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок бекеттердегі қызметтері аяқталды. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қантар. 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz. «Елордада 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшті», – деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб. Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап […]
    • 2 Years ago
    • 0